Ана тілі-3 . 1. Ы. Алтынсарин. «Таза бұлақ». 2. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Бір кесе меруерт».

Оралбекова Ардақ Турсынқызы. ШҚО, Тарбағатай ауданы, К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты:
Білімділігі: Мәтінді түсініп оқуға, автордың ой түйінін таба білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын әдеби тілде еркін жеткізе білуге төселдіру, сауатты, мәнерлі оқу дағдысын дамыту;
Тәрбиелігі: Оқушыларды зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілік: компьютер, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
– Үйге берілген тапсырма қандай еді?
1) «Баланың айласы» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
2) Автор туралы мәлімет алу.

3) Сұрақ-жауап:
– Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесіңдер?
– Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді?
– Тас астынан не шықты?
– Қандай төрешілерге барды?
– Төрешілер не деді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау:

1) Берілген суретпен жұмыс.
– Суреттен не көріп тұрсыңдар?
– Бұлақтың суы қандай?
– Бұлақ суының қандай пайдасы бар?
– Бұлақ суының тазалығы, мөлдірлігі көз алдарыңа нені елестетеді?
– Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Таза бұлақ» әңгімесі.

ІV. Жаңа сабақ.

1. Оқулықпен жұмыс.
а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
ә) Оқушылардың мәтінді іштей түсініп оқуы. Дауыстап тізбектей оқулары.
б) Мәтіннен бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқыту.
в) Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқыту.
г) Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін мәтіннен тауып оқыту, өз пікірлерін тыңдау:

1. бірінші жолаушының,
2. екінші жолаушының,
3. үшінші жолаушының,
4. өзіңнің пікіріңді айт.
5. Сергіту сәті.
6. Дәптермен жұмыс:

– Таста жазылған сөз туралы әр жолаушының пікірін және өздерінің пікірлеріңді қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп дәптерлеріңе жаза қойыңдар.

V. Бекіту.
– Бүгін сабақтан не біліп үйрендіңдер? Өз пікірлеріңді айтып көріңдер.
– «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар».

VI. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: Ы.Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесін оқу, мазмұнын айтуға дайындалу.
2. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау


Шәкәрім Құдайбердіұлы  «Бір кесе меруерт».  /Ана тілі 3-сынып/ 

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге үйрету;
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелігі: Зеректікке, білімділікке, жақсыдан үлгі алуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың типі:  жаңа сабақ.
Түрі: аралас.
Көрнекілік: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

 І.  Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
–         Ыбырай Алтынсариннің  «Таза бұлақ» әңгімесі не жайлы?
–         Үш жолаушы қайда кездесті?
–         Олар қара тастан қандай жазу оқыды?
–         «Ей, Жолаушы, болсаң, осы таза бұлақтай бол!» деген сөзді естігенде өздеріңе қандай ой келді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

1. Ребус шешу арқылы жаңа тақырыпты шығару.
2. Меруерт деген не?

ІV. Жаңа сабақ: 

1.Кіріспе:
– «Бір кесе меруерт» әңгімесінің авторы Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы не білеміз?
– Қандай шығармаларын оқып едік? Есімізге түсіріп қайталап көрейік.

2. Оқулықпен жұмыс:
а) Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
ә) Оқушылардың іштей түсініп оқуы.
3. Сөздікпен жұмыс: 
Зор- үлкен, аумақты,  ұзақ.
 Ділдә – алтын ақша.
Тақыр – тегіс, қатты жер.

4. Сұрақтар мен тапсырмалармен жұмыс:
1) Мәтіндегі қызыл түспен берілген сөздерді тауып оқу:

а) Мәтіндегі осы сөздерге қатысты қандай оқиға айтылған?
б) Сендер осы пікірмен келісесіңдер ме? Өз пікірлеріңді айтыңдар.

2) Әңгімені басқаша қалай атауға болады?
5. Сергіту сәті.
6. Дәптермен жұмыс:

Мәтіндегі оқиғаға қатысты айтылған ақыл сөзді дәптерлеріңе жазыңдар. «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ».

V. Сабақты бекіту:

Бүгін сабақтан не білдік?
– Дүниені көп көрген қария қандай әңгіме айтты?
– Сендердің өз пікірлерің қандай?

VI. Қорытынды:

  1. Үйге тапсырма:

а) Ш.Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт» әңгімесін оқу, мазмұндауға дайындалу.
ә) Автор туралы қосымша мәліметтер жинап келу.

  1. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.