Өзін – өзі тәрбиелеуге баулу

Азғалиева Амангүл Құттыбаевна. Орал қаласы, инженерлік – технологиялық колледжі, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,

Әлемде екі аяғы бар адам шыға алмайтын бірді-бір биік жартас немесе мұнара жоқ. Тек соған көтерілер сатыны дұрыс қойып, ал жартас басына өрлегенде тепкішекті шебер қашай білген жөн. Білім шыңына көбісінің көтеріле алмауы адам баласы рухының дәрменсіздігінен емес , сол биікке барар кез келген жан кез келген биікке шығады. Аса маңызды бұл педагогтық шартты талантты педагог К.Д. Ушинский осылай түсіндірген.

Өмір жолына шыққанда, өзін – өзі тәрбиелей білу үшін аса қажет:
–   жақсы жағы мен кемшілігін таразылау;
–   тәртібін талдай білу;
–  қолы жеткенге тоқмейілсімеу;
–  биік мұраттарға ұмтылыу;
–  жеке басының адамгершілігін қалыптастыру үшін қажет.

«Өзіңізді-өзіңіз тәрбиелеумен шұғылданасыз ба? Егер шұғылданбасаңыз, неліктен олай?» деген сұраққа мынадай жауап табасыз:

«Мұны ойластырып көрген емеспін». «Бұған шындап көңіл аудармаппын». «Бұл істі қалай қолға алсам екен, білмеймін», «Әрекет етіп көрдім, бірақ шыдамадым, еркім жетпеді».

Соңғы екі жауап жастарда басым. Теріс тәрбиемен бұзылмаған жастар әрқашан жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, өз идеалдарына ұқсауға ұмтылады, таңдаған болашақ мамандығына лайықты мінез-құлық қалыптастырғысы келеді.

Осы кезеңде бұл тақырыпқа арналған әңгімелер, таластар жастарды қызықтырып, өзін-өзі тәрбиелеуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге әсер етеді.

Өзін- өзі тәрбиелеуді көбіне мінездегі ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі бойындағы берекесіздіктен, екінші біреуі – дөрекіліктен, үшіншілері – тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келсе, енді біреулер шыдамдылыққа қол жеткізеді..

Бұл күрестің қиындығы адам әбден әдеттенген қылығымен күнбе- күн, сағат сайын алысып, қазір ғана істегісі келгеніне керісінше өзін-өзі қадағалауды міндеттейді. Алғашқы кезде қалт басушылық әркімде-ақ болады.

Кейбір жас өспірімдер мен қыздарда алғашқы кездескен қиындықта –ақ өз күшіне сенімсіздік туып, бастаған істі аяқсыз қалдырады. Баласының жақсы қасиеттерге ұмтылған ниетін дер кезінде біліп, қиын психологиялық сәттерін байқап, оған дем беріп отырған отбасында мұндай жағдай кездеспейді.

Азғантай жетістіктерін асыра бағалап, жіберген қателіктеріне қайдағы бір тыс сылтау іздейтіндеріне қолпаштамай әділін айтқан абзал.

Өзін –өзі тәрбиелеумен ойдағыдай шұғылданып жүргендердің бәрі істе белгілі бір «жоспардың» қажеттігіне көздері әбден жеткен. Бұл жоспарлар белгілі бір іс-әрекеттер графигін талап етеді, мұнда күн сайын жаттығу керек, олар мақсатқа бағытталған жүйелі түрде жүргізсе, жұмыс та жандана түседі.

Нақтылы, анық жұмыстарды өзінің жақсы қасиеттерін тәрбилеуде жүзеге асырып отырады.

Алайда, мұндай жоспар жасау жеткіншектерге ғана емес, үлкендер арасында да қиынға түседі. Кейбіреулер өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын жалпы жоққа шығарады.. Олар «әңгіме қағазда ма екен!», – дейді.

Сондықтан отбасында баланың жоспарлы жұмыс жүргізуін қадағалап, оның дұрыс екендігіне көздерін жеткізу керек. Жағымды қасиеттерді бойында қалыптастыра, жетілдіре түскісі келгендерге жоспарсыз, тіпті, қиын. Өйткені олар білімдерін тереңдеткісі келеді.

Нені оқу керек? Қандай жүйемен оқыған мақұл? Қандай лекцияны тыңдаған жөн? Қай музейлерге бару қажет? – бәрін күн ілгері ойластыру керек.

Бейберекет, әр нәрсе туралы қолға түскенді оқи беру білімді тереңдетпейді. Білім шыңына да жоғары адамгершілікке ұмтылғандай, белгілі мақсат қойып, біртіндеп күрделі нәрселерді игере отырып көтеріледі.

Жадында сақтауы, зейінділігі, логикалық ойлау қабілеті жетілмей терең білім алуға болмайды. Бұл мәселеге көңіл бөліп, соған жағдай туғызатын отбасылар балаларына көмектесе алады.

Сонымен, өзін –өзі тәрбиелеу барлық бағытта, үлкен немесе онан шамалы мақсатқа бағытталады. Бірақ қандай жағдай болмасын, көптеген қиындықты бастан кешіруге тура келеді.

Иә, берекесіз адамға жинақы болу, дөрекіліктен өзін ұстап қалу, төсекте керіліп жататын жанға  ерте тұрып дене шынықтыру оңай емес…

Кедергі атаулыны  жеңу адамның еркін шынықтырады..

–         Баламызға қолдан қиындық жасап керегі не, – дейді кейбір ата-аналар.

–         Оның қажеті жоқ, бірақ өзіңіздің, мектептің, адамдар алдындағы міндетіңізді орындаңыз, -дейді педагогтар.

Еңбек, қоғамдық қызмет  адам бойында парасатты қасиеттерді жетілдіреді. Алайда балаға өзін –өзі тәрбиелеуде, бірінші әңгімеде айтқандай, ата-анасы үлгі. Өз басының жүріс тұрысымен ата –аналар балаларына оның маңыздылығына, жемісіне көздерін жеткізе отырып айтады, адам өзін-өзі өмір бойы тәрбиелеп отыру қажеттігін көрнекілікпен сендіреді.

 

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.