Информатика. Информатика пәнінің алғырлары (стс).

Сыздықова Күнсұлу Бейсенғалиқызы, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай ауылы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі.

Сыныбы: 8
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың  информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық  сауаттылығын дамыта отырып, олардың  пәнге  деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа  тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі:сайыс сабақ
Сабақтың типі: қалыптан тыс
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен және жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:
– Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады. Әр топта 5 оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады. Сайысушы топтар үстелдің екі шетінде орналасады.

Мұғалім:

Қайырлы күн оқушылар, ұстаздар, қатысушы қонақтар!Бүгінгі сайысты «Кімде-кім көп ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді» деген қанатты сөзбен бастағым келіп отыр.

 Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика» әлеміне аттануға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Біздің саяхатымыз информатиканы үйренушілерге, информатиканы үйретушілерге, информатиканы сүйетіндерге және де информатиканы әлі де білмейтіндерге арналады.

Сайысымызға 8 «Ә» сынып оқушыларынан  құралған үш топ «Информатика пәнінің алғырлары» сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8 «Ә» сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының  алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 5 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.

Сайысымызды бастамас бұрын жеребе тастау арқылы топтарымыздың атын анықтап алайық. Ол үшін топ капитандарын ортаға шақырамыз. Олар тақтадағы берілген сандарда жасырылған топтарының атын алады.

  1. «Интернет» тобы
  2. «Ақпарат» тобы
  3. «Компьютер» тобы

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

Әділ қазылар алқасының төрайымы:

        Мүшелері:
1.
2.
3.

Сайыс шарты мен өтуі:

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.
1. «Сәттілік кезең».
2. «Шешімін тап!»
3. «Ғажайып алаң».
4. «Байқағыштығыңды байқат!».
5. «Қатесін анықта».
6. «Ақпаратты өңдеу».
7. «Ақпаратты жеткізу»

Енді сайысымызды бастайсыз.

1-кезең. ”Сәттілік кезеңі”
Бұл кезеңде әр топқа 15 сұрақ және 2 минут уақыт беріледі. Әр топ өз орнында, берілген қағаздағы сұрақ тұсына өз жауаптарын жазады. Кез келген топ мүшесі уақыт біткеннен кейін сұрақтарды жауаптарымен оқиды. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.
«Интернет» тобының сұрақтары:

Сұрақтар

Жауаптар

1

1 байт неше биттен тұрады? 8

2

Ақпараттық процестер? сақтау, алмасу, өңдеу

3

Бірмезгілде қатар басылған осы екі перне терезені жабады. ALT+F4

4

Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор

5

Ақпаратты кері кодтау қалай аталады? декодтау

6

Егер бұл пернені бір рет басса бас әріптер енгізіледі Caps Lock

7

Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер

8

Бірінші электронды есептеуіш машина қашан жасалды 1946 жылы АҚШ-тың Пенсильван университетінде

9

Процессорды басқа құрылғылармен жалғастыратын кабель шина

10

Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы құпиялап жазу кодтау

11

Жыпылықтап тұратын тік сызықша меңзер

12

Адам немесе құрылғы ақпарат қабылдайтын физикалық процесс сигнал

13

Windows-тің негізгі экраны жұмыс үстелі

14

Алғашқы программист әйел Ада Августа Лавлейс

15

Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады

Сабақтың толық нұсқасын көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.