Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс.

Сыздықова Күнсұлу Бейсенғалиқызы.  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Тартоғай ауылы,  №153 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды  жиектеуді  көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.
Сабақтың түрі: топтық
Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті. Зертханалық жұмыс.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2003 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайдтар, , Activpen қаламы,  Activslate құрылғысы,деңгейлік  тапсырмалар, оқулық, жұмыс дәптері, оқушылардың бағалау және эмоционалдық  жағдайын анықтау парағы.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) Сыныпты топқа бөлу, сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.
ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру (тест).
Қорытындылау
ІҮ. Жаңа тақырып.
Ү. Практикалық жұмыс.
ҮІ. Сабақты бекіту
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар! Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар өз орындарына отырғызылады.

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын cыныпты  ІІІ топқа бөліп аламыз. .  Әр топта —- оқушыдан болады және оның ішінде бірі топ басшысы ретінде сайланады.

І топ: «Компьютер» тобы
ІІ топ: « Интернет» тобы
ІІІ топ: «Ақпарат» тобы

Сабағымызда қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден  айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.

  1. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша тест алу.

Сонымен, бастаймыз.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
  2. Тағайындалған орынға отыру керек.
  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.

–          Жарайсыңдар!
–          Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Экранға назар аударыңыздар!Сиздерге үй тапсырмасын тексеру үшін  тест сұрағы берілген. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Әр бір сұраққа жауап берген оқушыға 5 ұпадан қосылады.  Сонымен, тест орындауға кірісеміз.

(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).

Тест сұрақтары

1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?
А) Жіберу – Программалар – Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*
В) Файл – Ашу
С) Файл – Құру

2. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:
А) аспаптар панелінде*
В) тақырып жолында
С) есептер тақтасында

3. MS Word программасының терезесінің құрылымы:
А) әдеттегі, веб-құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*
В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама
С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі,т.б.

4. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?
А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*
В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін
С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта

5. Мәтінді туралаудың түрлері:
А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*
В) шегініс және аралық
С) жоларалық интервал түрлерімен

6. Жол аралық интервалдың қызметі?

Сабақтың толық нұсқасын, көрнекілктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.