Коучинг: Оқушыларды қалай дұрыс бағалауға болады?

Қасихан Еңілік. Ақмола облысы.

Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы  тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, бағалаудың кез келген оқушы  жұмысында қолданылатын критерийлерімен танысады

Коучинг

Күні: 25.10.2013

Сабақ тақырыбы

Оқушыларды қалай дұрыс бағалауға болады ?

 

Жалпы мақсаты

Бүгінгі заман талабына сай, жаңа ағымға қабілетті, өзі шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алуға ынталы  тұлғаны қалыптастыру негізінде, мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, бағалаудың кез келген оқушы  жұмысында қолданылатын критерийлерімен танысады

Күтілетін нәтиже

  Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер критерий арқылы  бағалауды үйренеді .

 Түйінді идеялар

 Қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу.

Әдебиет

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
  2. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері
Коучтің  әрекеті/ уақыты

Мұғалімдердің  әрекеті

Ресурстар

І. Ұйымдасыту:

  1. 1.     СЕРГІТУ СӘТІ. “ ҚЫЗЫЛ ӨРІК” жаттығуы.

Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады;

  1. 2.     ТОПҚА БӨЛУ . « Тәтті тілектер» ойынымен ұжымды 4 адамнан 3 топқа бөлемін.

Мақсаты: Мұғалімдерде бір – біріне тәтті тілектер айту арқылы жылы қарым- қатынас орнайды.

1.Ағымдағы мәселені зерттеу – 10 мин.

1) Баға деген не? Топтастырады.

-жеке: – жұппен; – топпен;  – ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин.

2) «Тағыда екі..» бейнежазбасы

 

Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі.

2.Нәтижеге  жетер жолдағы ішкі және сыртқы кедергілерді анықтау; 20 мин

Бейнежазба (видеоролик) « Топтағы жұмыс» қарастырылады. – 8 мин

Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Бйне  жазба не  дейді?»  сұрағына жауап береді. Бағаның балаөміріне,  ата-анаөміріне қаншалықты  маңызды екеніне  көзжеткізе отырып  талдап, талқылайды.

  1. 3.      Кедергіден шығу жолдарын өңдеу және талдау

-Бірыңғай мектеп  формасының үлгісін жасау

-Форманы өзара  бағалау;

Теория

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан, бағалау түрлі нысанда болуы мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді: бағалаудың барлық түрлеріне жалпы сипаттамалар тән.
Бағалаудың мақсаты:

–          Оқытудың қиындықтарын анықтау;
–          Жетістіктер туралы кері байланыс (оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін);
–          Уәж;
–          Болжау және сұрыптау;
–          Стандарттарды бақылау және орындау;
–          Оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін бақылау

enilik002

 

  • 4.      Нақты нұсқаны таңдау; Топтық жұмыс.

1)      Ән айту,бибилеу,суретсалу,  өлең айту бойыншаәртоп жее-жеке критерий  құрады.

2)      Сол бойынша тапсырманы орындай отырып, әр топтың орындағанын критерий арқылы бағалап  үйренеді.

 

 

 

Рефлексия

 

Презентациясын көшіріп алыңыз: koushing_Bagalau

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.