Бастауыш: 1. «Мақал-мәтел маржан сөз». 2. Тапқыр болсаң,тауып көр.

Мақашева Альмира Тюлегеновна. Ақтөбе облысы ,Шалқар ауданы, Мөңке би ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а) салт дәстүрді сүюге тәрбиелеу
ә) өтілген мақал-мәтелдерді еске түсіру, мағынасын ашу
б) мақал мен мәтелдің айырмашылығын ұғындыру
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І .Ұйымдастыру
ІІ Жаңа сабақ

-Біздер әрбір тақырыптарды оқыған сайын мақал-мәтелдерді көптеп кездестіріп отырамыз.

-Балалар,мақал өте ертеден келе жатқан,мағынасы өте кең бір немесе екі тармақтан құралған,қара сөз немесе өлең сияқты ұйқасты болып келген қысқа ғана нақыл сөздер. Мақалда жалпы айтайын деген ой белгілі болып тұрады.

Мәтел-мақалға ұқсас,ықшам келген нақыл сөз. Бірақ, айтайын деген ой тұспалдап жеткізіледі. Сөздері өткір келеді. Мақал мен мәтелді шығарған –халық. Ерте заманда елді билеп тұрған билер мен шешендердің,дана адамдардың аузынан шыққан ақылды сөздерді қазақ азаматтары қасиеттұтып, ауыздан-ауызға таратып келеді. Мақал мен мәтелдер ескірмейді, қайта өмір ағымына байланысты көбейтіп отырады. Мақал-мәтелдер түрлі тақырыптарға байланысты айтылады. Мысалы,біз Отан туралы, туған жер,еңбек,оқу, өнер тақырыптарына байланысты мақал-мәтелдерді оқып ,жаттадық Енді осы мақал-мәтелдерді қайталаймыз.

1.Көрініс «Егінші мен қасқыр» ертегісі

-Балалар ,осы егінші мен қасқыр туралы не айтуға болады ? (егінші еңбек етеді, қасқыр-жалқау,еріншек)

-Әрине, еңбек деген сөзді бәріміз де жақсы түсінеміз, еңбек-тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күнде өмір сүруге болмайды.Жеп отырған тамағымыз,киіп отырған киіміміз-бәрі де еңбекпен келеді. Ал ,еңбек  еткісі келмейтін адамды жалқау дейміз. Жалқаулық,еріншектік сияқты қасиеттерден Абай атамыз айтқандай ,қащшуымыз керек. Олай болатын болса, еңбек туралы,еріншектік туралы,жалқаулық туралы мақал-мәтелдерді еске түсірейік (мағынасын аша кету)

1.Еңбек етсең,ерінбей
Тояды қарның тіленбей (тіленбеу)

2.Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті.(еріншектік)

3.Еңбек етсең -емерсің (өнімін аларсың)
4.Бейнет түбі-зейнет.
5.Қыс қамын жаз жина (ертерек дайында)
-Жақсы еңбек туралы көптеген мақал-мәтелдер білеміз екен. Енді мына бір көрініске қаралық.

2.Көрініс (рахметайту, кешірім сұрау ,амандасау)
-Бұл оқушыны қандай оқушыға жатқызамыз? (әдепті)
-Әдептілік дегеніміз  не?(жауап алу)

-Әдептілік дегеніміз бұл тіл алғыштық,сыпайылық, көргенділік,инабаттылық ,т.б сүйкімді қылықтар. Егер, сен әдепті болып өссең , ата-анаң қуанады, ал анаңның тілін алмасаң  ,өзіңнен үлкен адамға сәлемдеспесең,бір нәрсені  бүлдіріп алсаң да кешірім сұрамасаң,әриен сені әдепті бала деп айтпаған болар еді.

-Ал,әдепті бала, әдепсіз бала туралы мақал-мәтелдер айтайық .

1.Әдепті бала –арлы бала
Әдепсіз бала-сорлы бала.

2.Жақсы бала –қуаныш
Жаман бала-өкініш.

3.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.
4.Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
5.Ұқыптының тоны тозбас
Ұқыпсыздың ісі оңбас.

6.Өтірік сөз өрге баспайды.
7.Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

3.Балалар мақал-мәтел өте көп.
«Мен бастайын,сен аяқта» ойынын ойнату.

-Бір оқушы мақалдың басын бастайды да, екінші оқушы жалғастырады.

Қорытынды

-Сонымен,мақал-мәтелдердің тіліміздегі рөлі қандай?
-Мақал-мәтелдер қандай түрде айтылады?
-Ол бізге нені үйретеді?


Сабақтың тақырыбы: Тапқыр болсаң,тауып көр

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды шапшаңдыққа, білімділікке, тапқырлыққа баулу.Ой -өрісін ,ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
Кіріспе сөз : Құрметті ұстаздар, оқушылар ! Бүгін сыныпта «Тапқыр болсаң тауып көр» атты сайысымыз болады. Сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырамыз.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады.

І кезең  «Көкпар» бұл ойынның шарты 10 сұрақ беріледі,сол сұрақтарға қол көтеріп тез жауап беру керек . Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпайдан беріледі.

1. Қабанбай батырдың шын аты кім? (Ерасыл)
2. Алып бала кім туралы әңгімеленген ? (Қажымұқан)
3. Қабанбайға жеңгелері еркелетіп қандай ат қойды? (Нар  бала )
4. Бөгенбай батыр қандай өзеннің бойында дүниеге келді?  (Бөген)
5. Қазақ ханы кім? ( Абылай хан )
6. Атақты қазақ күйшісі кім? ( Құрманғазы )
7. Алфавитте қанша дыбыс қанша әріп бар? ( 40 дыбыс,42 әріп )
8. Барыс септігінің сұрақтары? ( кімге? неге? қайда? )
9. Абай Құнанбаеватың шын аты кім? (Ибраһим )
10.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң,ұяң,үнді)

II кезең.Тіл-өнер сайысы.

Бұл ойында мақалдардың жалғасын табу керек.Егерде дұрыс жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.Бұл ойында да 10 мақал беріледі.

1. Өнер алды-бірлік,ырыс алды-…….. (тірлік)
2. Ата-баланың …… (қорғаны)
3. Көппен көрген-…… (ұлы той)
4. Талабы жоқ жас-…… (қанаты жоқ құс)
5. Ерінбеген елекпен …… (су ішер)
6. Досы жоқ адам -…… (тұзы жоқ тағам)
7. Еңбексіз өмір-…… (сөнген көмір)
8. Еге білсең,егін…… (тасқа да бітеді)
9. Білекті бірді жығады …… (білімді мыңды жығады)
10. Өнер алды …… (қызыл тіл)

III кезең.Жұмбақтың шешуін табу.

Бұл ойынның шарты жұмбақтың шешуін тауып екі тілде жауап береді.Қазақша және орыс тілінде.Екі тілде жауап берсе 1ұпай береміз.Қазақша жауап беріп орысша жауап бере алмаса ұпай саны есептелмейді.

1. Ортасында шегесі,
Жіп-жіңішке денесі (қалам, ручка)

2. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Көшіріп жазып аламын. (тақта,доска)

3. Үш қазық,екі желі,тоғыз ноқта,
Теңселіп тербеледі адам соқса.
Шешен тіл ,сөзге жүйрік болғанмен,
Не пайда үндемейді адам жоқта .(домбыра ,домбра)

4. Іште елу батыр,
Сыртқа шықса өліп жатыр. (шырпы ,спичка)

5. Тұмсығымен  қозғалар
Соңында аппақ  із қалар. (бор,мель)

6. Ұзын,ұзын,ұзын жол
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қала су,
Түбіне жеткен бар ма екен? (білім ,знание)

7. Іші –жұмсақ,сырты-қытты,
Еті-қызыл, сүті-тәтті. (қарбыз,арбуз)

8. Сөзі-дана,сүні жоқ.
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң, шешен
Ақылы асқан көсем. (кітап, книга)

9. Аласа  ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар. (қырыққабат, капуста)

10. Есек құлақты,
Мысық аяқты
Түйе ерінді
Ешкі құлақты (қоян, заяц)

ІV. кезең  «Полиглот»

Бұл ойынның шарты 7сұрақ беріледі қойылған сұраққа тез-тез жауап беруі керек. Бұл ойында әртүрлі сұрақтар қойылады.

1.Бір өркешті түйе қалай аталады? (нар)
2.Жұмыртқа баспайтын құс ( көкек)
3.Ең үлкн таңбалы сан (999)
4.Бір сағатта қанша минут бар? (60мин)
5.Бір жылда неше ай бар (12)
6. Бір ғасырда неше жыл бар ? (100 жыл)
7.Қандай кенді қара алтын дейміз? (көмір)

Ү кезең «Дода»

Бұл ойында ана тілі 20,математика 30,қазақ тілі 40 деген ұпайларды таңдайсыңдар.Бұл ойында ұпайы аз оқушы бастайды.

Ана тілі 20 30 40
Қазақ тілі 20 30 40
Математика 20 30 40

Ана тілі 20 Қазақ үш биін ата.
Ана тілі 30 Желтоқсан батыры кім?
Ана тілі 40 Қазақстан рәміздерін ата( ту, елтаңба, әнұран)
Қазақ тілі 20 Атау септігінің сұрақтары ( кім? Не? Кімдер? Нелер?
Қазақ тілі 30.Ілік септігінің сұрақтары. (кімнің? ненің?)
Қазақ тілі 40.Зат есімнің сұрақтары? (кім? не?)

Математика 20.Математикалық жұмбақ
Тал басында тізіліп
Он жапырарақ тұр еді,
Жел соқты да үзілді
Ұшып кетті біреуі.
Ізінше оның үзіліп
Түсті тағы бесеуі
Тұр әлі де ілініп
Жапырақтың нешеуі? (4 жапырақ)

Математика 30.
Екі қыз екі сағат теннис ойнаса әр қайсысы неше сағат тенис ойнады. (2 сағат)

Математика 40.
17+x=47 бұл не? (теңдеу)
VI кезең «Жорға»

Бұл ойында ұпайлары аз екі оқушыны ортамыздан шығарып саламыз.Енді екі оқушыға а және в вариантын таңдатамыз. 10 сұрақ беріледі.

А-варианты.
1.Құстар қалай көбейеді? (жұмыртқа салу арқылы)
2.Жеміс неден пайда болады? (гүлден)
3.Абай қай қалада дүниеге келген? (Семей)
4.Тоқтар Әубәкіров кім? (қазақ ғарышкері)
5.Сәрсенбіден кейін қандай күн? (Бейсенбі)
6.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
7.Шығыстың қос шынары кімдер? (Әлия,Мәншүк)
8.Ләззат Асанова кім? (Желтоқсан батыры)
9. « Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
10.-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен қай септіктің жалғаулары? (шығыс)

В-варианты.
1.Абай атамыздың әкесінің аты кім? (Құанбай)
2.Қазақстан Республикасының ел ордасы. (Астана)
3.Мұхтар Әуезовтың қандай әңгімесін білесің? (Көксерек)
4.Желтоқсан батырларының ата. (Ләззат Асанова,Қайрат)
5.Адамдар құстарға қарап нені ойлап тапты?
6.Бауыржан Момышұлы кім?
7.Сан есімнің сұрақтары? (қанаша? Неше? т.б.)
8.Бибігүл Төлегенова кім?
9.Қазақтың аспаптарын ата? (домбыра,қабыз т.б. )
10.Сын есімнің сұрақтары. (не істеді? не қылды?)

Қорытынды.Бүгінгі «Тапқыр болсаң,тауып көр» атты сайысымыз аяқталды.Ендігі сөз қазылар алқасына береміз.


Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.