И-7. Мәліметтерді енгізу және шығару, меншіктеу операторлары. Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Фатима Косбаева. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы, Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп, информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:оқушыларға паскаль тілінің қарапайым операторлары жайлы түсінік беру,олардың қызметі,қолдану ережесін түсіндіру,сызықтық программа құруды үйрету
Сабақтың түрі:         Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Оқыту формасы:  Блум   жүйесі
Көрнекіліктер:        ДК, проектор, экран, үлестірмелі бетшелер

Сабақтың барысы:
Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.

1.Білім  (дағдысы бойынша) .Үй тапсырмасын пысықтау, қайталау сұрақтары.
1.Айнымалылар типтері
2. тұрақты шамаға мысал
3. Сызықтық алгоритм деген не
4.айнымалыны сипаттайтын программа бөлігі
5.программа қандай қызметші сөзден басталады
6.бүтін тип қалай жазылады
7.сан квадраты паскальда қалай жазылады                     

Проблемалық сұрақ
     Алгоритмді өмірімен байланыстыруға болама?Нақты мысал келтір
2.Түсіну( дағдысы бойынша)

Меншіктеу,енгізу,шығару операторларына түсініктеме беру.

              Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.

Меншіктеу операторы жазылан өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: <айнымалы атауы>: = <өрнек>;

Мұндағы <айнымалы атауы> – айнымалы идентификаторы, : = – меншіктеу белгісі, <өрнек> арифметикалық өрнек немесе сан.

Бұл оператор екі міндет атқарады:

1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектін сандар мәнін есептейді.
2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды

Айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығыа орналасады.
Жалпы, файлдардан мәліметтерді оқу және оларға жазу әрекеттерін  Read,Write,Readln,Writeln операторлары орындайды.
Оқу операторы(Read) өңделетін мәліметтердің берілген  мәндерін оқып,операторда көрсетілген айнымалыларға меншіктейді.

Жазылуы:
(Read(<айнымалылардың идентификаторлары>)
Мысалы:Read(a ,b, c)
Программадан үзінді:

Var a: real ;
I:  integer;
X : char ;
Read ( x, I, a  )
Нәтижесі: « n », 30  0.1

Readln операторының  Read операторынан айырмашылығы, Readln операторы қатар жазылса, әрбір келесі енгізу операторына қажетті  мәндер міндетті түрде жаңа жолдан терілуі керек.
Мысалы:

var a,b,c,d: real;                                                        2. Var a.b.c.d   read
Begin                                                                          Begin
Read  (a,b)                                                                Readln  (a,b)
Read( c,d)
Readln (c,d )
Нәтижесі:1,2,3,4                                                  1,2
3,4

Жазу операторы (write)  өрнектердің  нәтижесін экранға шығарады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.