Математика:3 сынып. Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кеміту.

Мұғалім: Мадибаева Динара Қуандыққызы
Шығыс Қазақстан облысы, Қызылағаш орта мектебі

Мақсаты:

1 Білімділік: Сандарды 3 есе арттыру, 3 есе кемітуге байланысты білімдерін тиянақтау. Көбейту кестесін жатқа білуін талап ету.
Дамытушылық: Ой-өрісін, зейінін есте сақтауын, көбейту мен бөлу дағдылырын дамыту.
Тәрбиелік: Алғырлыққа, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырып, тапсырмалар, скотч «Күн» ойыны, Киндер сюрприз, геометрирялық денелер, магниттік тақта, арқан.
Түрі: Пысықтау сабағы, ойын.
Әдісі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушыларды ұйымдастыру: психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру. (4 оқушы оқиды- әр оқушы өз дәптерін тексереді)

II. Негізгі кезең:

3. «Күніміз ашық болсын!»(3- тің көбейту кестесіне ауызша есептеу). Ойыны.
Мақсаты: Күн бетін жауып тұрған бұлттарды ашу. Яғни артындағы көбейту кестесін айту.

4. Хормен 3-тің көбейту кестесін айту.

5. Күніміз жарқырып тұр. Көңіл- күйіміз қалай? Келесі 59 беттегі №1 есепті орындасақ, бізді бір тосын сый күтіп тұр. Сондықтан бірлесе отырып есепті шығарсақ. Оған кері есеп құрастырсақ.

I топ оқушылары:  59 бет №2 (есепті өз бетімен).

Есеп: № 1, 59 бет Кері есеп
Көк сыр- 6 кг Ақ сыр- 18 кг
Ақ сыр- 18 кг ? есе артық ↑ Көк сыр- 6 кг ? есе кем ↑
Ш: 18:6= 3 Ш: 18:6= 3
Ж: 3 есе артық Ж: 3 есе кем

Сергіту сәті.

6. Сендерді күтіп тұрған тосын сый «Киндер сюрприз» деген сүйікті жұмыртқаларың. Осы жұмыртқаны ашып, ішіндегі қандай ойыншықтар барын білу үшін келесі тапсырмаларды орындаймыз (ойыншықпен бірге логикалық есептер.)

1 қатарға:

Бір топ бала тоғаннан
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде оларды
Тиді әркімге 3 балық
Сынайын бір ал сені
Бала сонда қанша еді?

(Ш: 15:5=3 бала)

2 қатарға:

Бес бұтақты ағашта
Бұтақ сайын 5 алма
Біреуін бер Сайынға
Сонда қалмақ қанша алма?

(5х5-1=24 алма)

ә) Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлақтары ғана көрініп тұр: Қанша қоян?
б) Бір ұршық жіптен 2 балаға қолғап шығады. 4 ұршық жіптен неше балаға қолғап шығады?
в) Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
г) Тымақ қымбат тақиядан, тақия қымбат қолғаптан. Осы үшеуінің қайсысы арзан?

7. « Кім жылдам?»

( Дәптермен, тақтамен жұмыс)

59 бет № 4 (а), (ә ) Сандарды 3-ке кеміту,3 есе кеміту

Арнайы кестелерді тақтаға ілу.
Тақтаға шығып 2 қатардан 2 оқушы кестені толтырады. (Қалқандағы өз бетімен дәптерде.

8. «Күн-түн.» Геометриялық денелердің орнын жылдам ауыстыру. Не өзгерді? Көздердің ашып-жұмады. Зейіндерін байқау.

9. Көп білетін оқушы
Тез есептей алады
Теңдеулердің шешімін
Дұрыс тауып береді.

Яғни 2 қатар жарысамыз. Дәптерге 59 бет №5 (Арқан тартыс-ойын).

Топ басшылары өз тобының оқушыларын тексереді. Бағалалайды. Қай қатар оқушылары қатесіз орындаса. Сол арқанды тартып алады

ІІІ Қорытындылау:

Көбейту компонеттерін атап шығыңдар? Сандардың неше есе артық, неше есе кем екенін білу үшін қайтеміз?

Сабақ ұнады ма?

Бағалау: Жүйрік екен аты….

Аяңдамай желеді
«5» қоямын оған мен
Бірінші орында келеді.
Білмей қалған жерлерін
… мықтап миға тоқиды
Бұгін «4»-ке оқыса
Ертең «5»-ке оқиды.

Есептегеніне . ….
Көңіліміз толмады.
Білімін көрсете алмады.
Білімін көрсете алмады.

Үйге тапсырма: 59 бет №6

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

2 комментария

  1. Тиін мен алатышкан орманга буршік жинауга барды. Тиін 43 қарағай бүршігін және 14 шырша бүршігін, ал алатышқан 28 қарағай бүршігін және 54 шырша бүршігін жинады.Тиін мен алатышқан қандай бүршікті артық және қанша артық жинады?

  2. Тиын: қарағай бүршігін артық жинады
    43-28=15 бүршік артық жинады
    Алатышқан: шырша бүршігін артық жинады
    54-14=40 бүршік артық жинады

    Талап есепті шығаруда емес, қалай шығарып көрсетуде деп ойладым.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.