Шәкәрім Құдайбердіұлы «Қалқаман-Мамыр» поэмасы. 8сынып

Устаева Мейркул. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пән мұғалімі.

Мақсаты:    «Қалқаман-Мамыр» жырындағы халықтық әдет-ғұрыптың,ұғым-түсініктің көрінісін, көркемдік әрекшелігі, кейіпкер бейнесін даралап берудегі шеберлігін зерттеу.
Міндеттері:      Оқылған шығарманың идеялық негізін, мәтіндік, жанрлық сипатын білу; шығарма кейіпкеріне мінездеме беріп,өз бағасын жүйелі,сауатты айта алу; Қазақ халқының әдет-ғұрыпын сыйлау;
Сабақтың типі:  Дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: Зерттеу сабақ

Сабақтың барысы: Тренинг Жүректен жүрекке
Топқа бөлу

Жаңа сабақты Поэманы «болжау» технологиясы арқылы танысу
Кейіпкерлер іс-әрекетін пікірін білдіру
«Рөлдегі оқушылар» технологиясы арқылы талдау
Эссе жазу «Егер мен Әнет баба орнында болсам..

Бағалау:
Әр қадамға 3ұпайдан
Кері әсер парағы:

Қызығушылығын ояту:   1 қадам Поэманы рольге бөліп оқу

Автор:

Өткен іс – ойға күңгірт, көзге танық,
Көрмесе де, білгенге бәрі қанық.
Мың жеті жүз жиырма екінші жыл
Қазақтың Сыр бойында жүргені анық.

Әнет бабаң – Арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молла, ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы

Мәмбетей өсіп, өнді бара-бара,
Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.
Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора1

Онан басқа бала жоқ әлгі байда,
Оны қыз деп еш адам айту қайда.
Байдың көңілі жабырқап қала ма деп,
Жұрт жүрді құда болам дей алмай да.

Қалқаман қыз айттырмай жүреді екен,
Мамырды жас күнінен біледі екен.
Асықтығын айта алмай іштен жанып,
«Құрбымыз» деп құр ойнап-күледі екен.

Мамыр жылқы бағады күндіз барып,
Тымақ киіп, қолына құрық алып.
Қалқаман Мамырменен малда жүріп,
Біраз сөз сөйлесіпті, кез боп қалып.

1.Қалқаман мен Мамыр не жайында сөйлесті.?

Қалқаман:
– Ей, Мамыр, адамды Алла жаратыпты,
Хауа Ананы адамға қаратыпты.
Бірін еркек, біреуін әйел қылып,
Екеуінен көп жанды таратыпты.

Мамыр:
– Ей, Қалқаман, тегі жоқ құдай жалғыз,
Мұқтаж емес жолдасқа, тіпті армансыз.
Адамзатқа көмексіз, махаббатсыз
Өмір қызық дегенді естен қалғыз.

Қалқаман:
– Тауып айттың, Мамыржан, ұқтым жайын,
Сүйтсе-дағы тағы бір сөзім дайын.
Махаббатты жарым жоқ, жәрдемшім жоқ,
Өлейін бе, қайтейін, кімге айтайын?

Мамыр:
– Ей, Қалқаман,
Байқадым сөз аяғы бізге таман.
Қазір жауап берерлік уақытым емес,
Сүйтсе де үміт үзіп өлмек жаман…

Автор:
Соны айтып амандасып Мамыр кетті,
Күн сайын Қалқаманнан сабыр кетті.
«Мамыр бүгін қыздарша киінді» деп,
Қалқаманға бір күні хабар жетті.

Қуанды атқан оғым тиді ме деп,
Мен үшін қыз киімін киді ме деп.
Қауіп шіркін тағы да ойлатады,
Менен басқа біреуді сүйді ме деп?

Қазақта бастан деген бір ырым бар,
Мал сойып, жастар ойнап, бір жиылар.
Қалқаман: «Бастан қыл»,– деп қызға келді,
Азар болса бір тоқты шығын шығар».

Сойғызды Мамыр сонда тоқтыны әкеп,
Ойнады қыз-бозбала етінен жеп.
Оңашада Қалқаман Мамыр қызға
Ымдады «бір жауабың болмай ма?» деп

2.Оңашада Мамыр не деп жауап қайтарды?

Мамыр:
– Ауылымның күнбатысы қалың қамыс,
Бүрсігүннен арғы күн болады алыс.
Жас кісіде бар болса жігер-намыс,
Болып кетіп жүрмесін жатпен таныс.

Автор:
Солайша жауап берді Қалқаманға,
Бұл сөзі байқалмады басқа жанға.
«Бүрсігүні қамыстан жолықпасаң,
Мен саған жоқ,– дейді ғой,– байқағанға».

Автор:
Ел жата қыз да келді шоқ қамысқа,
Қалқаман:
– Бүгін кешке осынан жолықпасаң,
Кетемін деп неге айттың тіпті алысқа?

Мамыр:
– Ей, Қалқаман, аңғалсың аңқылдаған,
Біржолата келген жоқ Мамыр саған.
Тағдыр бізді қоспады, айып етпе,
Ертең құда түседі біреу маған.

Мамыр:
Алдыңа кешу сұрай келіп тұрмын,
Көзге тірі болсам да, өліп тұрмын,
Қалқаман, осы саған қоштасқаным,
Денемді емес, жанымды беріп тұрмын.

Қалқаман:
– Ей, Мамыр, бұл іс оңай, алдамасаң,
Зорлық жоқ өзің сүйіп таңдамасаң.
«Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер» –
Молдалардан есіттім әлдеқашан.

Қалқаман:
Мамыр-ау, мені сүйсең, кетпе жатқа,
Құдайға хақ, ісім жөн шариғатқа.
Басы – бабаң, аяғы – шала молда,
Бәріне анық оқыған жамағатқа.

Мамыр:
– Қалқаман, рас болса айтқан сөзің,
Сен үшін келіп тұрмын, көрді көзің.
Сүйген жарым, сүйенген жаным – сенсің,
Не қылсаң да біле бер, мейлің өзің

Қалқаман:
– Олай болса, кетейін қазір алып,
Тұрсақ жазым болармыз қапы қалып.
Азар болса мал алар, адам алмас,
Тобықтыны жиярмын бара салып.
Мамыр:
– Қыз алған жоқ жақыннан Тобықты әзір,
Өлтірем деп жүрмесін бізді қазір.
Өзімді аяп тұрғам жоқ, сізді аяймын,
Сен сау болсаң, болар ем мен-ақ нәзір.

Қалқаман:
– Мамыр-ау, айтып тұрсың әлденені,
Шариғат қосады екен немерені.
Қайғы ойлап жаман ырым айта берме,
Алаңсыз сүйген болсаң анық мені.

Мамыр:
– Мен сенсіз тірі тұрман,
Үш қайырдым сөзіңді мен антұрған.
Бір Құдайға сыйынып ал да жөнел,
Жолыңда өлсем разымын, жаным құрбан

Автор:
Мінді де екі ғашық кетіп қалды,
Ауылға бір сағатта жетіп барды.

3. Мамырды алып қашып кімге келеді?

Автор:
«Не де болса қылдым,– деп,– бір жұмысты»,
Бара сала Олжайға кісі салды.

Олжай барды бабаңа түн ішінде,
Қысылшаңдық бар еді жүрісінде.
Бабаң басын көтеріп Олжайға айтты:

Баба:
«Неге келдің, асыққан жұмысың не?».

Олжай :
– Қалқаман қашып келді Мамырды алып,
Қапы болдық өзгеміз білмей қалып.
Алыс жерге кетсін бе, тоқтасын ба,
Ақыл сұрай келіп ем сізге салып.

Баба:
– Бір жаман түс көріп ем бүгін,– деді.
Бітімсіз іс кез болып қалар ма екен?
Көкенайдың мінезі қатаң еді.

– Кете алмас бір жас бала,
Тобықтыға хабар қыл бара сала.
Болар іс болған шығар, малды аяма,
Өзі оңдасын ақырын хақ тағала

«Өлтірер жұмыс емес,
Таспен атып өлтірмек бұл іс емес.
Біреудің некелісін бұзбаған соң,
Қанына ортақ болу дұрыс емес».

Автор:
Көкенай тағы көнбей жатып алды,
Бітім болмай неше күн жұрт сандалды.
«Қалқаман мен Мамырдың дауындай» деп,
Мақал болып бұл елге сонан қалды

Бітім болмай созылды сөз аяғы,
Белгісіз кімнің соры, кімнің бағы.
Бір күні төркініне амандаса
Мамыр келді, тағдыр ғой ол баяғы.

4.Мамырды көрген Көкенай не жасайды?

Автор:
Көкенай бітпей жүрген сөзді ұзайтып,
Сол күні келген екен аңнан қайтып.
«Анау бір топ жаяу кім?» деп сұраса,
«Ол – Мамыр» деп, бір қойшы қойған айтып.
Ести сала садағын қолына

Көкенай:
«Мамырдан аулақ жүр» деп айғай салды.
«Ұялмай жүзіқараның жүргенін»

Автор: деп,
Аямай дәл жүректен атып қалды.
Бүк шиіп, иман айтып, қаны қашып,
Қолтығын қолыменен тұрды басып.
Бейшара бір-екі ауыз тілге келді,
Өзін атқан кісімен арыздасып:

Мамыр:
– Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,
Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.
Мойныңа менің қаным халал болсын,
Болма енді Қалқаманның қанына ортақ.

Кешікпей мен өлемін, сен тірісің,
Іс емес құдай кешер қылған ісің.
Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,
Барасың тәңір алдына, білемісің?

Екі қан ауыр болар бір өзіңе,
Сүйсінбе бұл рақымсыз мінезіңе.
Айырған екі асықты оңа ма екен,
Деп тұрсың алғыс айтар кім өзіңе?

Мамыр: «Қалқаман, аман бол!»

Автор:     – деп көзін ашты,
«Алла» деп алақанмен бетін басты.
Қоштасып қасындағы қатындарға
Опасыз бұл жалғанға амандасты.

Көкенай:
Көкенай жиды барып Мәмбетейді,
«Өлтірдім тентегімді өзім» дейді.
Бабаңа кісі салды дамыл бермей;
«Ол неге Қалқаманды өлтірмейді?!

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын,
Қорлыққа тартып алған шыдамаймын.
Егер де Қалқаманды тірі қойса,
Оллаһи, біз кетеміз, қазір ауып,
Менен басқа туысқан алсын тауып».
Бұл хабар Тобықтыға жеткеннен соң,
Сөзінен елдің бәрі қылды қауіп.

Автор:
Аллаға Бабаң сонда сыйыныпты,
Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты.

Баба:
«Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін,
Көкенай сонда атсын»,– деп бұйырыпты.
Өлтірсе, оғы тисе, өзі айтқан жол,
Аман кетсе, түк те жоқ, бітімі – сол!

Автор:
Мәмбетей шуылдапты разымыз деп,
Осыған тамам Арғын басыпты қол
Көкенай «құлдық» деді бұл билікке,
Мәмбетей шығып тұрды бір биікке
Мінгізді Қалқаманды алып келіп,
Дейтұғын «Арда күрең» бір жүйрікке.

Көкенай садақ тартты дүрілдетіп,
Қақ жарды ердің қасын оғы жетіп.
Әйтеуір, ұлы дене аман қалды,
Оң жақта қара санынан өтіп кетіп.

5. Қалқаман қандай шешімге келді?

Автор:
Атының жалын құшып жүріп кетті,
Басына бір төбенің барып жетті.
Бір жеңін көйлегінің жыртып алып,
Аузына жарасының таңу етті.

Қалқаман:
«Тоқта, құрбыларым,
Жоққа есеп осы күнде менің барым.
Аямай елім оққа байлаған соң,
Кетер ме өлгенімше ойдан зарым.

Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Өлерде аямады, қайда аяйды,
Сендерге енді мойын бұра алмаймын».

Соны айтып қамшы басты күрең атқа,
Қуса да жеткізбепті жамағатқа.
Ұлы жүз Еділбайда нағашысы,
Жөнелді соған қарай – Бұхар жаққа

Мағынаны ашу:  2 қадам   Қалқаман мен Мамырдың қосылуы дұрыс па? (3ұпай)

Жақтаушы Даттаушы
Дұрыс.Қалқаман мен Мамыр адал махаббат иелері. Бірін-бірі шын сүйеді. Дұрыс  емес.Жеті атаға дейін қыз алысу күнә. Олар арасындағы махаббат болса да  сезімді ақылға жеңдіру керек еді .дұрыс емес өйткені, ата салтын бұзды.
Көкенайдың іс-әрекеті
Көкенәйдің ісі дұрыс. Өз дәуірінің салт-дәстүрін берік ұстаған, келешекте туысқандар  қосылып қоюы мүмкін. Болашақ жастарға үлгі болар дейді. Көкенай- қатыгез. Жастардың  обалына қалды. Көкенай – оқымаған, ескі салтты жақтаушы.
Қалқаманның елден кетуі дұрыс па?
Еларасында дау –жанжал күшейді Елден кетсем, Мамыр қайғысын ұмытамын деп ойлады. Ел арасынан кетуі дұрыс емес. Жекпе – жек те аман қалған соң, елде қалу керек еді. Осалдығын көрсетті. Әнет бабаны аямады.

 

3 қадам     «Рөлдегі оқушылар» ( 3ұпай)

Баяндаушы: Оқиға желісі осы Қалқаман мен Мамырдың шынайы сезімінен өрбиді де,бір рудан болған екі ғашық бір ұшырасқанда Мамыр өз әкесінің өзге біреуге ұзатқалы жатқандығын білдіреді.Бұған көнбейтіндіктерін білдірген қос ғашық ел назарынан тыс жерде қашып өмір сүре береді. Бұл істі білген ру биі Әнет баба Мәмбетей еліне білдіреп,жастарды жөніне қалдырып есесіне қалың төлеп елді татуластырмақ болады.Бұл іске сірә, көнбеген Мәмбетей кектеніп алады.Күндердің күнінде Мамыр еліне төркіндеп келе жатқанда оны Мәмбетей қолбасшысы Көкенай көріп қалып бұл жүзіқара неғып жүр мұнда деп Мамырды оққа жығады.Соң елді жинап біз Мамырды жазаладық,енді Әнет баба неге Қалқаманды жазаламайды деп оны да өлтірулерін тілейді.Бұған көпшілік Тобықты елі көніп алып Әнет бабаны мәжбүрлей бастайды.Осы жайттан және сол тұстағы Қалмақ елі шапқыншылығы үдегенін жақсы білген Әнет баба ел бірлігі үшін бұған шарасыздан көнеді.Оның шарты бойынша Қалқаман  Көкенай алдынан атпен шауып өткенде оққа тұтсын тисе,тілегені болсын,тимесе Қалқаманды бұдан былай жөніне қойыңдар деп шешеді.Осы шарт орындалады,бірақ Қалқаман аман қалады да өзін оққа тосқан елден кетіп Ұлы жүздегі нағашысы Еділбайды паналап сол жаққа кетеді.Сол жақта тұрмыс құрып ұрпақ жалғастырады.

Зерттеуші:    Әнет бабаң – Арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молла, ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан әділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

Мәмбетей өсіп, өнді бара-бара,
Сол таптан бір бай шықты жеке-дара.
Сол байдың он бес жасар қызы Мамыр
Әрі сұлу, әрі есті, еркекшора

Көкенайдың мінезі қатаң еді.
Көкенай – Мәмбетейдің бастаушысы,
Өзі батыр, мінезі қатты кісі.
Сол кісінің алдынан тараушы еді,
Бабаңнан соң бұл елдің көп жұмысы.

Сұрақ құрастырушы: Қалқаман –Мамыр жақындықтары қандай еді?
Мәмбетей жағы Әнет бабаның шешіміне неге қарсы болды?
Әнет баба Қалқаманды неге оққа байлады?
Қалқаман неге наразы болды?

Сілтеме іздеуші:         
« Еркек тоқты құрбандық»
«Ер жеткен қыз еркімен ерге тиер»
«Қалқаман мен Мамыр дауындай »
«А, құдай сақтай гөр!»

Бейнелеуші:                Сурет салу

Дәнекер:                      Бүгінгі күні Алматыда Қалқаман мен Мамыр атында шағын ауыл бар. Бүгінгі күні халық арасында «Қалқаман мен Мамырдың дауындай»деген мақал бар.

Ойтолғаныс :                Эссе жазу
«Егер мен Әнет баба орнында болсам…» (3ұпай)

Бағалау:
3 ұпай –  6 ұпай  – ‘’3’’
6ұпай  –  9 ұпай  – ‘’4’’
9 ұпай -12 ұпай –  ‘’5’’

Кері әсер парағы:
1.Бүгін сабақ ұнады ма?
2.Бүгін сабақ қаншалықты қызық болды?
3. Сабақ соңында қандай сезімде болдың ?

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.