Интеллектуалдық турнир «Топжарған» (сценарий).

Устаева Мейркул. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пән мұғалімі.

Мақсаты: Сөз өнері туралы терең мағұлмат беру
Міндеті: Шешендердің даналық сөздерімен сусындау, жан-жақты талдау. Інжу-маржан сөздердің тарихы мен тағдырын,тәлімі мен тәрбиесін бойға сіңіру

Кіріспе:
І тур. Бәйге
ІІ тур. Полиглот
ІІІ тур. «Сыр сандық»
ІV тур. «Ғажайып жетілік»
V тур. «Шешендік шеберлік»

Барысы:   Жүргізуші: «Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді»-деп таныған халқымыз елдігін де, кеңдігін де  кемеңгерлігін де ,көсемдігін де сөзге сыйдырған екен. Сөздің тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі,даналығы мен дала көңілі сол сөзде жатқан көрініді.Халқымыздың дана сөздерінен өткен күш  те, құдірет те жоқ.

І тур.Бәйге.    Ойынға 6 оқушы қатысады.Жауап нақты,тез болу керек.Қолдарындағы сигналды  жылдам көтеру қажет

Тіл –ырысың,өрісің де,
ТІл-көктегі ғажап күнің
Ғажап күнсің мен үшін де
Бабам тілі қазақ тілім.

1. Астана қай өзен бойында орналасқан?
2. Қазақстандағы ең терең көл?
3.  Қожа Ахмет Иасауи кесенесіе салдырған адам
4.  Қабанбайдың шын аты
5.  Қазақстанның ең алғашқы астанасы
6. Латын алфавитін қолданған жылдар
7. Құрманғазыдан бата алған күйші
8. Тіл білімінің негізін салушы
9.  Шетелде ең тұңғыш ән салған  әнші
10.Қазақстанда неше қорық бар?
11.Ішекті аспаптарды ата
12.Шаңырақты жабатын киіздің аты
16. «Невада-семей» қозғалысының президенті
17.Рейхстагқа ту тіккен батыр
18.Қабанбайдың шын атты
19.Қазақстан оңтүстік шығысында және шығысында шектесетін ел
20. Астанаға дейін Қазақстанның астанасы

Жүргізуші:  Әділғазылар ұпай санын көрсетеді.Бір ойыншы ойыннан шығады.

Келесі турға 5 оқушы шығады.

ІІ тур.         «Полиглот»     Қазақ мақал-мәтелдерін орыс,ағылшын тілде айту.
Дұрыс жауапқа 10 ұпай, жартылай ұпайға 5ұпай.

Ой маржанын тере білген,
Әр жазушын, әр ақының.
Әр сөзіңді емемін мен,
Ана сүті-Ана тілім

1.Аттан айырылсаң да,ер-тоқымыңнан айырылма
Коня лишился,седло не выбрасывай
Horse lost, a saddle do not throw out

2.Түстік өмірін болса,кештік мал жина.
Если жить до обеда осталось,запасайся чтобына вечер осталось.
If to live to dinner remained, provide oneself чтобына evening remained.

3. Судың басы-бұлақ
Начинается река с небольшого родника
The river begins from a small spring

4. Білімнің басы-бейнет,соны-зейнет
Дни учения горьки,да плоды его сладки
Days manoeuvres are bitter, and the garden-stuffs of him are sweet

5. Өмір – үлкен мектеп
Самая большая школа-жизнь
Greatest school-life

6. Өмірдің өзі-ұлы ұстаз
Жизнь самый мудрый учитель
Life is the wisest teacher

7.Алтын алма,білім ал
За золотом не гонись,лучше к знаниям стремись
After gold do not pursue, better to knowledge aspire

8.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды
Где хорошая пища обитает,там болезни не бывает
Where good food dwells, illness is not there

9. Ықыласпен берген су да ас
И вода как еде,если она подана от души
And water as to the meal, if she is given from the soul

10.Өнерлінің жолы ашық
Перед мастером все двери открываются
Before master all doors are opened

Жүргізуші:  Әділғазылар ұпай санын көрсетеді.Бір ойыншы ойыннан шығады.
Келесі турға 4 оқушы шығады

ІІІ тур. «Сыр сандық» «Математикалық жұмбақ»  Бұл жерде сандықша алынады. Оғантапсырмасы бар қималар салынады.

Ана тілім-айбыным,
Сарқылмайтын байлығым,
Осы тілмен ұғамын,
Тарихымның барлығын.

1.Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың (9)

2. Екі аяқ пен екі қол
Бір ауыз бен бір тілің
Нешеу болды қане бол
Санап шығар кім бұрын(6)

3.  Мына алты ақ алма
Нүрбибі мен Жанарға
Үш сарысы Анарға
Қызыл алма Манарға
Қанша сондабар алма(10)

4.  Су құйып ел астауға
Үш қаз қшты аспанға
Үш  қасқалдақ, бірқазан
Екі үйрек бір сазан
Бір көксерке, бір қарға
Айт неше құс ұшып жүр
Неге екенін түсіндір? (9)

Жүргізуші:  Әділғазылар ұпай санын көрсетеді.Бір ойыншы ойыннан шығады.
Келесі турға 3 оқушы шығады

ІV тур. «Ғажайып жетілік» «Септіктер бізде қонақта»
Бұл турда қоржынға асықтарды белгілеп  саламыз.Сол асықтағы сан көрсетіледі де, тапсырмасын алады.

Жауыр болып жүрседағы иығы
Ұрпақ баққан көзінің бір қиығы
Қазағымның тартады магниттей
Шешендік өнерінің тұнғиығы!

Оқу білім –  бұлағы
Білім өмір-шырағы

Білімдінің алды жарық
Білімсіздің күні ғаріп

Өнерліге өлім жоқ
Жалқауға жарық жоқ

Өнерді үйрен де жирен

Ұядан не көрсең
Ұшқанда соны ілерсің

Ұстаздан шәкірт озар

Оқу инемен құдық қазғандай

Жүргізуші:  Әділғазылар ұпай санын көрсетеді.Бір ойыншы ойыннан шығады.
Келесі турға 2 оқушы шығады

V тур. «Шешендік шеберлік» Оқушы берілген тақырып бойынша  шешенділігін, эрудиттілігін,интелекттілігін байқату үшін тақырыпты ашады

Қазақ осы:
Дала дейтін,күн дейтін
Қазақ осы: «Өнер алды тіл дейтін».
« Мен – азат елдің ұланымын…»

Жүргізуші:  Әділғазылар ұпай санын көрсетеді. Бір ойыншы ойыннан шығады.
Жеңімпазды анықтайды. Мақтау қағазымен марапаттау рәсімін жасау.

 

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.