УРАН КЕНІН ӨНДІРУДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЖӘНЕ АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ЗИЯНДЫЛЫҒЫ (баяндама).

КӨПЕНОВА ГҮЛШАТ ТҰРДЫҚЫЗЫ. Тарих-география пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, Бірқазан елді мекені, №145 орта мектеп.

Экологиялық бүліну жағынан Қазақстан әлемдегі  экологиялық бүлінуге душар болған мол аймақтардың бірі. Қазақстан әлемдегі  ядорлық-стратегиялық бағдарламаның толығымен жүзеге асырған жалғыз мемлекет.

Қазақ жерінің астында Мен­де­леев ақсақал түзген кестедегі эле­мент­тердің басым бөлігі бар. Жер байлығының қандай екенін осыдан-ақ шамалай беруге болады. Бір ғана Қызылорда облысының өзінде табанымыздың астынан талай байлық шығып жатыр. Мұнай десеңіз, мұнай бар. Жақында вана­дий­дің өндірісі өзгеше даму жолына түспек. Уранның жайы тіпті бөлек. Бүгінде уран өндірісі Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі болып саналады. Ал еліміз уран өндіру бойынша әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің біріне айналды. Осы арада уран өндірісіне Ақмешіт атырабының да ерекше екпін беріп отырғанын айтпай кетпеске болмайды. Шиелі және Жаңақорған аудандарында кеніштердің жұмысы қыз-қыз қайнап жатыр. Қаратаудың сілемдерінде, Сырдарияның жаға­сында инемен құдық қазғандай тірліктің болып жатқанын көреміз. Қаншама адам осы жұмысқа жегіліп, күн-түн демей ел экономикасына қызмет жасап жатыр. Олардың бәрін тізбелеп жазу мүмкін емес. Дегенмен, осылардың арасында уран өндірісімен айналысып келе жатқанына отыз жыл толған «РУ-6» мекемесінің шоқтығы би­ік екенін байқаймыз. Шиелі ауданында орналасқан серіктестік «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның жұ­мы­­­­сына серпін беріп отырған мекеменің бірі. Қазіргі кезде «РУ-6» ЖШС «Солтүстік Қарамұрын» және «Оңтүстік Қарамұрын» кен орындарында табиғи уранды ұңғылар арқылы жерасты сілтілендіру әді­сімен өндіріп отыр. Тағы бір айта ке­терлігі, Шиеліде «Иіркөл» деген кен орны бар. Кезінде осы орынды тапқан, біраз жыл өндіріс жасаған да осы мекеме.

Әрине, уран өндірісі кезінде қоршаған ортаға, табиғатқа, адам­дардың денсаулығына залал кел­меуі керек. Жердің астындағы бай­­лықты аламыз деп, үстіндегі ка­пи­­талдан айырылып қалмау шарт.

Мұнда уран  шикі затын өндіру, оны байыту  ядролық қару жарақтар мен ғарыштық  зымыранды комплекстерді дайындап, сынап және оларды жүзеге асыру . Семей, Капустин Яр тағы басқа да  полигондарда  атом қаруларын  сынау жер асты мен үстінде қырық жылдай сыналып, жергілікті  халықтың өзі ғана емес бүкіл ұрпақтары  өмірін ауруға, өлім құрбандарына айналды. Бір ғана семей полигонында  радиакция әсерінен. А.Сахаровтың мәліметі  бойынша 500 мыңдай адам ажалынан бұрын мерт болды.

Уран тірі организм бойына түскенде алдымен улы, кейіннен радиациялық әсер етеді. Тірі организмдерге уранмен бірге түскен басқа элементтер де зиянды әсер етеді. Мысалы, В.В.Ковальский: топырақта төмендегі көрсетілген элементтердің жоғарғы концентрациясы : Co – 3·10-3; Cu – 6·10-3; Zn –7·10-4; B –3·10-3; Sr –6·10-2 және Se –1·10-4 – тірі организмдерге зиянды әсер ететінін дәлелдеген. Олардың артық мөлшері де жеткіліксіздігі сияқты организмдерде морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық өзгерістер туғызып, оларда эндемикалық аурулардың пайда болуына себеп болады. Осы элементтердің, әсіресе, U, B, Cu, т.б. жоғары концентрациялары бар ортада тіршілік ететін микроорганизмдерде мутагенез жүріп, пайда болған мутанттар осындай орталарда жылдам дами бастаған. Мысалы, Ыстықкөлдегі уранның концентрациясы Әлемдік мұхиттағы уранның концентрациясынан біршама жоғары. Оңдағы хар балдырларының құрамындағы уранның мөлшері көлдегі сулардан 3 есе артық . Сонда осы балдырлар мутациясына байланысты олардың көптүрлілігі өте жоғары. Ленинградтық геолог профессор С.Г.Неручев рифтогенез кезінде жер қойнауынан уран, V, Mo, Cu, Nі, Ag және де басқа элементтерге бай магмалық ащы сулар таралатынын көрсетеді. Мұхиттарда судың төменнен жоғарыға қарай көтерілуі жиі (апвелинг) болып тұрады.

Радиоактивті  заттар мен оның қалдықтары еліміздегі  экологиялық жағдайға әсері  18 түрін  дамытуда.  Атырау облысынан ядролық полигон территориясында тұратын адамдардың 14313-і  рак ауруымен ауырады..

Мысалы: Арал теңізіндегі  «Возрождение» аралы  күні кешеге дейін белгісіз болған . Ал оны американдықтар «Ажал» аралы деп  зерттегеннен кейін естідік . Ол жер болашақ жүздеген  тонна топалаң, тырысқақ аурулар мекені . Бұл  бүкіл планета  халқын бірнеше дүркін  қырып жоятын қару көзі. Уақыт өткен сайын  жер бетіндегі  байлық көзі  есепсіз жұмсалуда. Ал уран кен өндірісінің  енуі өмір талабы. Болашақ  ұрпақтың  денсаулығын бүкіл планета  тіршілігі үшін сақтаймыз, уран сияқты  өте  жойқын радиациялық  элементті өндіру  мен пайдалануда  өте абай болуды  қажет етеді. Сондықтан уран өндірісін өндіру,  бірінші кезекте  онымен тікелей  өндірісте  жұмыс істейтін жергілікті халықтың қауіпсіздігін қорғау мәселесін көтереді

Біз жеріміздің  тозбауын, табиғатымыздың  жұтамауын, халықтың  денсаулығын қорғап, болашақтың  баянды болуына  күресуіміз керек. Ендеше, елдің ертеңгі  күнін бүгіннен ойлау қажетті. Үкіметтің  «Экология және табиғи  ресурстар» бағдарламасы бойынша облыс экологиясын сауықтыруға түрлі шаралар  ұйымдастырылу  үстінде. Мысалы олар ғылыми  негізге сүйеніп,сатылы кезеңмен  үйлесім тапқан. Дегенмен, әлі де шешілмеген мәселе шаш етектен.

Уранның әсері адамдарды былай қойғанда сол жердегеі малға да, өсімдіктерге де орасан зор зиян келтіріп отыр. Мысалы: Гигант ауылында арты бітеу 3 аяқты бұзау, Жөлек ауылында бір – біріне жапысып қалған сиямдық лақ туылыпты. Тіпті аша  тұяқты құлындар да бар. Жүрегі тастан жаралған адам болмаса, Әбіләкім Маханбетов түсірген суреттерге бей жай қарау мүмкін емес шығар. Қараған адамның зәресі зәр түбіне кетіп, құйқа тамыры шымырлап төбе шашы тік тұратынына сенімім кәміл. Әсіресе бұл сәбилер алыс шет елдерден емес, өзіміздін туған жерімізден. Қызылорда облысы – экологиясы ауыр аймақ. Бұл дүйім жұртқа белгілі жайт. Тартылып жатқан Аралы, жер – жаһанды улап жатқан Байқоныры бар өнір. Одан қалса төбемізден гептил жауып тұратынын қосыңыз! Уран өндірісінің зерттелу мемлекеттік құпия өндіріс орны болуына байланысты, оны іс жүзінде зерттеу өте қиын. Ешқандай адам баласы өзі істеп жатқан жұмысының күн көріс көзі болуына байланысты жаман немесе зиянды деп атамайды. Жер бетінде уран өндірісі бүкіл адамзаттың игілігіне жақсы бағытта және тиімді техналогиямен пайдаланса әрине жақсы. Оны игеру үшін ғылыми техникада өте дәл қателеспейтін теория мен практика қажет.

Уран өндірісі кезінде қарапайым жұмысшының өзінің кішкене қателігі үлкен зардап әкелетіндігіне көз жеткіздім. Техникалық қателерден жерге тамшылаған қышқылмен уран ертіндісі қоршаған ортаға оның ішінде табиғи суға араласуы үлкен зардаптың алды ғана екен.  Осы тақырыппен айналысу кезінде бір байқағаным уран өндірісінде жұмыс жасайтын бірде – бір адам қоршаған ортамен адам денсаулығына зиянды әсерін ашып айтпайды. «Ауруын жасырған өледі» деп халқымыз айтқандай қоғамдық пікір қалыптастырудан қашпауымыз қажет.

Қорыта айтқанда уран өндірісі мен әсерінің қазіргі уақытқа дейінгі құпия тұстарын жасырмай, керісінше жариялай отырып одан қорғанумен әрбір адамның өз денсаулығын сақтаудағы халықтың салауаттылығын күшейту қажет.

Ұсынысым

  • Уран өндірісі кезінде қоршаған ортамен адам денсаулығына әсерінің дәрежесін зерттейтін, аудан орталығында медециналық ғылыми зерттеу орталығы ашылса.
  • Кен өндіру кезіндегі техникалық қателіктерді болдырмау жөнінде саладағы жұмыс істейтін әрбір адамның жауапкершілігі арттырылса.
  • Қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ұсынған тәуелсіз қоғамдық комиссия құру ұсынысын жергілікті халықтардың қолдауын іске асыру қажет.
  • Тәуелсіз қоғамдық комиссия құрылған жағдайда, құрамына жергілікті жердегі аталған проблемалардан хабары бар ғалымдар, дәрігерлер, экологтар, қоғам қайраткерлері енгізілсе.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1)  «Радиация және өмір» З.Ж.Асқарова, Алматы, 2000.

2)  Жаханов А. Радиациялық экология :

оқулық / А. Жаханов. — Алматы : Эверо, 2011. – 292 б.

3)  www.kk.wikipedia.org – Ашық уикипедия
4)  http://www.egemen.kz –  Егемен Қазақстан

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.