География-7. Африканың халқы мен елдері.

КӨПЕНОВА ГҮЛШАТ ТҰРДЫҚЫЗЫ. Тарих-география пәнінің мұғалімі, Қызылорда қаласы, Бірқазан елді мекені, №145 орта мектеп.

Сабақ тақырыбы: 
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Африканың халқы мен елдері туралы білімін қалыптастыру, барлық   нәсілдердің бірдей екеніне, олардың сырт кейіптері  жағынан ғана  айырмашылығы болатынына  көзін жеткізу.
2) Дамытушылық: Ой – өрісін,танымдық ойлау қабілетін, іскерлігін қалыптастырып,   өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдістері: «Ойқозғау» картамен жұмыс, тірек сызба
Сабақ көрнекілігі:Дүние жүзінің саяси картасы, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу

ІІ.Үй тапсырмасы. 49,50 Табиғат зоналары. Үй тапсырмасын оқушыларға сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы пысықтау.
1. Африканың табиғат зоналарын ата?
2. Қандай табиғат зонасы материктің 40% алып жатыр.
3. Ең ірі жануарлар неліктен саваннада тіршілік етеді?
4. «Хамада» деген не?
1- тапсырма (кескін картамен жұмыс)
Жануарлар мен өсімдіктердің аттарын жаз, олар қай табиғат зонасында кездеседі.

2 – тапсырма.
Африка саваннасында ең жүйрік аңдар тіршілік етеді. Суретке қарап, қайсысы 1 – ші орын алатынын анықта. Жүйрік аңдардың аттарын жаз.
3 – тапсырма.
«Нілдің жағалауы» атты туынды.Суретші қандай қателіктер жіберген. Не байқадың?

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау

Ойын. « Мен – саған, сен-маған»
Жұмбақ сауалнама.
Африканың 40 пайыз аймағын
Алатын табиғат зонасы.
Өсімдігі мол қалың,
Аңға толы арасы.
Білімі терең оқушы
Тез-ақ табар шамасы. (Саванна)

Арғы тегі жағынан
Адамға  жақын келетін.
Мәңгі жасыл орманда
Африкада өмір сүретін.
Аса үлкен маймылды
Кім айтады айбында? (Горилла)

Ең алып құс әлемдегі
Хандар таққан қауырсынын.
Ірі малға теңеу қылған
Қандай шебер менің халқым.
Африканы көп оқыған
Атай алар оның атын. (Түйеқұс)

Сирақтары сырықтай
Мойын деген құрықтай
Шөк десең шөкпейді,
Мойны жерге түспеді. (Керік)

Жылқы тұқымды,
Матрос киімді,
Есек жалды,
Білесің бе мұндай аңды? (Зебра)

Тұмсығы насос, кран да,
Таңғаламын бұл аңға.
Шөпті қорек етеді.
Тиіспейді еш жанға. (Піл)

ІV. Жаңа сабақ: $51. Халқы және елдері. Африка халықтары.
«Ой қозғау»
1. Жер шары халқы қандай негізгі нәсілдерге бөлінеді?
2. Әр нәсілдің сырт пішініндегі айырмашылығы қандай?
Жаңа түсініктер

Африканың халқы мен елдері.
Халқы
Нәсілдері
Тілдері
Халықтың орналсуы

Африка елдері тарихи-географиялық аймаққа топтастыру

 

         Африканың қазіргі кездегі халқының саны 1 млрд. 30 млн.-нан астам. Материк халқының нәсілдік,тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі.Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі.

Негізгі нәсілдері: Эфиоптар, Еуропалық тектестер, Африканерлер, Ағылшындар.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерінмен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Один комментарий

  1. ашық сабаққа көрнекілік керек еді

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.