Өзін – өзі тану

Аманбаева Мейрамкүл. № 194 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары,«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі. 

«Өзін-өзі тану» пәні-рухани-адамгершілік бастауы 

        Сунақата ауылындағы № 194 орта мектебінде  аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен  «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша  аудандық оқыту семинары өтті. Семинарға барлық білім беру ұйымдарынан «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беретін  пән мұғалімдері қатысты.

Мектеп директоры Мұхтар Шалысбаев қазіргі таңда білім беру жүйесін қоғам сұраныстарына сәйкес жаңарту мен дамыту мәселесі өзекті болып отырғанын, осы орайда жаңа ғимаратта мектепте жақсы шаралардың ұйымдастырылуына ұжым мүшелерінің де қолдау көрсеткенін айта келіп, «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттарын іске асырудың іс-шараларының берері мол екендігін, пән мазмұнының құндылық мәнін ашуға  әрбір пән мұғалімі жауапты екенін айтты.

Білім бөлімі әдіскері, Республикалық «жыл әдіскері» байқауының жүлдегері  Кулымбетова Асмагүл «Өзін-өзі тану» пәнінен өтілетін оқыту семинарының мақсатын, пәннің құрылымы, мазмұнындағы жаңашылдық  жайлы  толық  мағлұмат беріп, бұл пәннің өзге пәндерден ерекшелігіне тоқталды.

Ол- дәстүрлі пәндер сияқты қоршаған орта жайлы емес, адамның өзі және ішкі рухани жан-дүниесі туралы пән.Адам болып туу аз, адам бола білу маңызды болса адам бойындағы ең қымбаты-жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу – мұның барлығы жүрек қалауымен болу керек. Әр баланы руханилығымен,өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдау, сабақта баланы жалпыадамзаттық құндылықтарға, шынайы адамгершілікке, жарасымды қарым-қатынасқа баулу үшін әдістемелік тәсілдерді  ұтымды қолданудың қажеттілігін кеңінен  түсіндірді.

Бағдарлама  бойынша жүргізілген семинарда пән бойынша курстан өтіп,сертификатталған

№ 56 мектеп мұғалімі Ұ.Бейсенова, № 245 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.Егізбаева-шеберлік мектеп, №54 мектептен жоғары категориялы бастауыш сынып мұғалімі  Н.Кеншімбаевалар  панорамалық сабақтар көрсетті.

Өз тәжірибелерін ортаға салған мейірімді мұғалімдердің көрсеткен сабақтары мазмұнды,тартымды өтіліп, әр  баланың  құнды қасиеттерді бағалай білуге баулудағы әдістері  төмендегіше  түсіндіріліп,талданды.

    Сабақтың басы Тыныштық сәтінен басталып, балалар сабырлы,жағымды күймен ішкі тыныштықта болып, терең қабылдауы бір мезетте жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуының  реттеліп, жақсы көңіл-күймен  өзінің ішкі «Менін» түсінуге жағдай жасалатынын, үй тапсырмасын тексеруде мәтін бойынша қойылатын сұрақтар мұғалімнің насихаты арқылы емес, әр оқушының терең ойланып,дұрыс шешім қабылдауына,өзінің жан-дүниесімен түсініп, тұжырым жасауына мүмкіндік беруі көзделелетіні айтылды.

Дәйексөз –оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыруға, оқу материалын эмоционалдық- бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін тақырыпқа сәйкес алынған халық даналығы, мақалы, нақыл сөзі. Мұғалім  дәйексөз мағынасын балалардың қалай түсінгені жайлы олардың өз пікірлерін ортаға салуына бағыт беріп,талдап , тақырыптың негізгі тұстарын ашады.

Мұғалімнің әңгімелеуі  әр сабаққа үлкен қуанышпен, шабытпен келуі балалар үшін өте маңызды. Оқушылар оқулықтан таба алмайтын, мұғалімнің өз жүрегінен сыйлап, өзі айтып беретін мәтін дайындап келуінің балаларға әсері мол.Мұғалімнің баяу, жылы дауыспен өз жүрегінен әңгімелеп беруі арқылы балалар әңгімені тыңдай , ести білуді,жүрегімен қабылдауды,ой елегінен өткізу мен пайымдай алуды үйренеді.Мәтіннің мазмұны оқушылардың шығармашылық шабытын оятатындай болуы қажет.

Шығармашылық жұмыста еркін жұмыс жасауға және осы еңбегінен қуаныш, ләззат алып , бір-бірімен бірлесіп жұмыс жасау барысында өзара жауапкершілік, ынтымақтастық ,сыйластық сезімдері арта түседі.

Фильмдерден үзінді көрсету. Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту мақсатында тақырыпқа сай нақты адам өмірінен мысал келтіріп, деректі немесе қөркем фильмдерден үзінді көрсетіп, түйгендерін ортаға салады.

Ойын.Балалардың жаңа игерілген құндылықтар туралы түсініктерін бекіту үшін  тапсырма ойын түрінде беріледі.Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке тәжірибесі негізінде құндылықтар туралы алған білімдерін бекітеді.

Үйге тапсырмада келесі өтетін тақырып бойынша оқулықта берілген мәтінді оқушылардың алдын-ала оқып келуі өте маңызды.

Сабақтың соңғы тыныштық сәтінде оқушыларды тағы да жағымды ойға түсіру маңызды.Көздерін жұмып,бүгінгі сабақтан үйренгендерін естеріне алып,іштей өздеріне, мұғалімге,өмірге сүйіспеншіліктерін,ризашылықтарын білдіреді.

Семинар барысында  «Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымы толық көрсетіліп, түсіндіріліп, пікір алмасуға ұласты,қатысушылар семинардан алған әсерлерін жеткізді.

Қорытынды бөлімде мектеп директоры Мұхтар Нұртасұлы

бұл семинарда «Өзін-өзі тану» пәні жайлы түсінген ой-тұжырымын  әңгімеледі. Адамға өмірде қажетті құндылықтардың барлығы – қасиетті сөз, адамдардың бір-біріне деген құрметі, сезімі, адалдығы, жан дүние тазалығы арқылы болғанда  өмірдің шынайы, мәнді болуы, адамдардың  бір-біріне деген сыйластығы мен сенімін кіршіксіздікке тәрбиелейтін бұл пәннің де маңызды екенін сезінгенін  айта келіп, әдіскер Кулымбетова Асмагүл апайға «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығын арттыру бағытында  алдағы уақытта да осындай маңызды шаралар жалғасын тауып , иманды, білімді, саналы ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, ұстаз мәртебесін көтеруде  жемісті  еңбек етеріне сенім білдірді.

Оқыту семинарынан ерекше сезіммен, керемет көңіл- күймен шыққан қатысушыларға дайындалған  кофе-брейкте  № 194 орта мектептің талантты оқушылары   ән шырқап, оқыту семинарына қатысушылар жақсы лебіздерін  білдірді.

 

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.