Тәрбие сағаты: «Кешірімділік-көңіл кеңдігі».

 Аманбаева Мейрамкүл Жасұзаққызы  № 194 орта мектеп өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:  Сыныбы:  8
Өтілетін күні:  19.ХІ.2013
Өтілетін орны: Математика кабинеті
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың «Кешірім», «Кешірімділік» жайлы  түсініктерін кеңейту;
2. Айналадағы адамдарға, досқа, жанұя мүшелерін кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйрету;
3. Кешірімді, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Құндылығы:             Сүйіспеншілік

Сабақтың барысы:  Тыныштық сәті.          Нұрға бөлену.  Баяу әуенмен

Ыңғайланып отырайық. Денемізді түзу ұстайық. Аяқ-қолымызды айқастырмаймыз. Қолымызды тіземіздің үстіне болмаса үстел үстіне қойып аламыз. Көздерімізді жұмайық. Елестетіп көрейікші:

Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.

Кеудеңіздің ортасында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тірек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы,ізгі істер жасайды және баршамызға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға барды. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек  жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздерді ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылдана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,  достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұрды  бүкіл әлемге:  барлық адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға өсімдіктерге,  барлық тірі жанға таралсын. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын. Нұр менің ішімде. Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы нұрды жүрегіңізге апарыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен  көзіңізді ашуға болады.  Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

 М.Мақатаевтың «Жүрейік , достар, күнде өстіп» өлеңін оқып, берілген сұрақтар бойынша дайындалып келу тапсырылған.

-Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?
-Адам адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірді кім түйіндейді?
-Біреуге өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезіндіңдер?

Ендеше қорытындылайық. Адамдарға ренжу, өкпелеу-еш пайда әкелмейді. Күйзеліске апарады, денсаулыққа зиянын тигізеді, отбасының берекесін алады, жүректі қатайтады. Сондықтан адам адамға түсіністікпен, кешірімділікпен,жылы сөзбен қарым-қатынас жасағаны жөн. Қолымыздан келгенінше куаныш сыйлаған  дұрыс, сонда адами қасиеттерімізді, адамгершілігімізді жоғалтпаймыз.

                                        Дәйексөз
   Кешіре білген адам-күшті адам
Ахмет Йүгнеки

-Дәйексөздің мағынасын кім қалай түсінеді?
Дәйексөз есімізде қалу үшін бәріміз бірге айтайықшы.
                        Мәтінмен жұмыс.

 Шіріген картоп. Өсиет әңгіме. Мазмұнын өзім айтып беремін.
-Әкесі баласына неліктен мұндай тапсырма берді деп ойлайсыңдар?
-Балалары тапсырманы қалай орындады?
-Балалар әкесінің тапсырмасынан қандай сабақ алды?
-Кешірімділіктің пайдасы қандай?

                           Кешірімнің күші. А.Бейсебай
Шығармашылық жұмыс.Топқа бөліну. «Кешір мені» тақырыбында
І топ тапсырмасы:  хат жазу
ІІ топ тапсырмасы:  сурет салу
ІІІ топ тапсырмасы:  өлең жазу
ІҮ топ тапсырмасы:  сыйлық беру

   Назар аударайық. Төмендегі ақпаратты мұқият қарап шығып, жадымызда сақтайық:

Қателік жасап, кінәлі болғандармен сөйлескенде, олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір бол. Олардың жақсы ниетке  ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектес.

Түйіндеме

Ойлағаныңыз тек оң болсын,  өйткені ойлағандарыңыз- сөздеріңіз болады.
Сөздеріңіз тек оң болсын,өйткені сөздеріңіз-әрекетіңіз болады.
Әрекетіңіз тек оң болсын, өйткені әрекетіңіз- әдетіңіз болады.
Әдеттеріңіз тек оң болсын, өйткені әдетіңіз – құндылығыңыз болады.
Құндылығыңыз тек оң болсын,  өйткені құндылығыңыз – тағдырыңыз болады.

Қорытындылау

–          Адам кешірімшіл болып,кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа,жақсылыққа толы болады.Ондай адам өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.
–          Кешірімді болу-айналаңа деген мейірімді болудың,ақылдың, өзара түсінісудің көрінісі.Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.Сондықтан әркез кешірімді болайық.Бір-біріміздің көңілімізді,жүрегімізді жараламайық.Адамдық асыл қасиеттерімізді бағалайық

Соңғы тыныштық сәті бірге айтылады:

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.
Өшігуді ұмытайық  өзгеге,
Кешірімді болайықшы ағайын!

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.
Қаратайық құбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!

Үйге тапсырма:   Дәптермен жұмыс

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.