Мамандығым – мақтанышым.

Аманбаева Мейрамкүл Жасұзаққызы. № 194 орта мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.

 Мамандық таңдау кешінің бағдарламасы

Қатысушылар:     Мұғалімдер, шақырылған қонақтар, 9-11 сынып оқушылары, жетекшілері.

  Кешті ұйымдастырудың мақсаты: Оқушылар мен ата-аналарға оқушының мамандыққа  бейімделуі мен қабілеттілігін анықтау қажет  екендігін сезіндіру; Ата-аналарға жеткіншектердің болашақта таңдайтын мамандығын өз бетімен таңдауға мүмкіншілік беруін ұғындыру; Қатысушы мамандардың өмір жолынан, еңбектерінен естеліктерін, қыр-сырларын тыңдата отырып,  мамандықтар әлеміне қызығушылықтарын арттыру, үлгілі  маман иелерінің қызметін,мемлекетке  қосқан үлесін үлгі  ету; Шақырылған қонақтардың тізімі: 1. Ауыл әкімі Әзия  Қыстаубаева 2. Ұстаз  Тұрлығұлова Күнімкүл апай 3. Мектеп директорының ғылыми жұмыстар   жөніндегі орынбасары   Қ.Таженов 4.  Ауылдық   учаскелік полицейі Ибраев    Досжан 5.  Дәрігер Байсынова  Кенже 6.  Аудандық  Жаңақорған аудандық   агротехникалық колледжінің маманы   Бектуров Әбен ағай 7. Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры,   депутат   Ақылбек Жәнібеков 8. Заңгер Байұзақұлы Ғабит 9.  Жасөсіпірімдер инспекторы Кештің өтілу барысы: 1-жүргізуші: Қош келдіңіздер,қадірлі қонақтар! 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар,ата-аналар,құрметті  мамандық иелері,мектеп түлектері. 1-жүргізуші:   Құрметті  түлектер! Ұлы   данышпан атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан» деп сіздердей жалынды жастарға  өмірдегі өз орнымызды  жаңылмай тауып, еліміздің өркендеуіне үлесімізді қосу үшін еңбектенуіміз қажеттігін ескерткендей емес пе? 2- жүргізуші: Олай болса: «Мамандықтын бәрі жақсы,тек таңдай білейік!» атты мамандық таңдау кешімізді бастаймыз. 1- жүргізуші: Бүгінгі мектеп оқушыларының алдында «Кім болам?», «Неге қабілеттімін?», «Қай жерге  керекпін?» , «Мен не істей аламын,не істей алмаймын?», «Мен үшін өмірде  не маңызды?»  деген сан алуан сұрақтар тұрғаны анық. Талапкерлердің жүрек түпкірлеріндегі ой-арманы,алдына қойған мақсаттарын, қандай маман болғысы келетіндеріндерін шешу де оңай емес. 2- жүргізуші: Мамандық  таңдау кешімізді ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Қансейтова Құрбанкүл апайға беріледі. 1-жүргізуші:  Ал біздің мектептің  жас ұлан  тобы мамандық жайлы  не білер екен, тәлімгер апайларымызды  ортаға шақырамыз. 2- жүргізуші: Мамандық таңдау  жолы.Баланың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс-әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне өте үлкен мәнге ие.Мамандық таңдауына, рухани құндылықға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына  әсер етеді. Бұған мыналарды жатқызуға болады: – жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі; -өзінің өмірлік позициясын қорғай алуы; -қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алу; -құқықтық мәдениетті дамыту; 1- жүргізуші: Жалпы мамандық дегеніміз не? 2-жүргізуші:Мамандық қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты,жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.      Ал мамандық таңдау дегеніміз не? 2- жүргізуші: Мамандық таңдау-тағдырыңды таңдау деген сөз. Келешекте өкінбейтіндей,өз қабілеті мен бейімділігіне сай  кәсіп түрін таңдау. Бұл  өте жауапкершілікті және маңызды іс.Мамандық таңдауда әр адам өзінің    қызығушылығына,қабілетіне,бейімділігіне,қалауына сүйену керек.Сондай ақ өз мамандығының 10-20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. 1- жүргізуші: Соңғы кездері жоғары сынып оқушылары тарапынан тұрмыстық және өндірістік  дизайн безендіру,инженер-технолог,геолог, дәрігер,фармацевт,дәнекерлеуші, эколог мамандықтарына қызығушылық артуда. 2- жүргізуші: Қай мамандық  болмасын білімді,еңбекке деген шығармашылықты талап етеді. 1-    жүргізуші: Өзінің сұранысын,қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер,мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады.Ал өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология,байланыс, коммуникация,әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында қазба байлықтарын игеретін мамандық  иелері қажет. 2- жүргізуші: Мамандық  таңдаудың екі әдіс тәсілі бар. Біріншісі әдіс-сынақ және қателік.Адам нағыз мамандықты таппайынша адаса жүріп әр түрлі салаларда жұмыс істеуіне болады,бұл оған жақсы өмір сыйлаумен қатар,еңбектің    жартысы кетуі мүмкін. 1-жүргізуші: Екінші әдіс қандай мамандық таңдаса да әрбір әрбір адамға қажетті өзін-өзі тану, өзінің қызығушылығын, қабілетін,ойын,есте сақтауын,қабылдауын, жүйке жүйесін,қалыбын білу. Өзің туралы білген соң мамандық әлемімен танысуға,сол мамандықтағы өз мүмкі

Check Also

Информатитка пәнінен олимпиадаға даярлаудың тиімді жолдары

Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебі информатика пәні мұғалімі Сабиев Бахытжан Төребайұлы.  Олимпиада – бұл …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.