И-5. Пернетақта.

Кизатов Базарбек. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жаңалық ауылы, С. Сейфуллин атындағы орта мектеп. Информатика пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: 
Сабақтың мақсаты:

  • оқушылардың компьютердің құрылысы туралы білімдерін бекіту;
  • мәліметтерді  компьютерге енгізудің әр түрлі құрылғыларымен оқушыларды таныстыру;
  • пернетақтаны меңгеру- компьютерге мәліметтерді енгізудің негізгі құрылғысы.

Негізгі түсініктер:

  мәліметтерді енгізу құрылғысы;
  пернетақта;
  пернелер тобы.

  • Құрал-жабдықтар:

  Плакаттар: компьютер және ақпарат, пернетақтамен танысу

Сабақтың барысы:

1) Өткен материалды қайталау және белсендіру: (8-10 минут).

  Дидактикалық материалдағы тапсырманы тексеру 2.2.6.тапсырма 37-бет.

 Оқушылардың бірінен плакаттан немесе компьютерден сыныптастарының  атаған құрылғыларды көрсетуді ұсыну
  Күштірек оқушыдан компьютердің негізгі құрылғыларын атап, көрсетуді ұсыну.

Суреттегі қандай құрылғылар дербес компьютерді жасау идеясын туғызды? Сол құрылғыларды қоршап белгіле.

  №1-5 сұрақтар

  1. Компьютердің құрамына кіретін негізгі құрылғыларды атаңдар.
  2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Тұрақты жадпен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңдар.
  4. Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын атңдар.
  5. Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңдар.

2) Жаңа материалды түсіндіру. Пернетақта. §2.2.42-бет.

Адам ақпаратты сезім мүшелері.көру, есту, дәм сезу, сипап сезу арқылы қабылдайды.

Компьютер өңдей алатын ақпарат түрлері: сандық, мәтіндік,  дыбыстық, графикалық және бейнелік болып бөлінеді.

Ақпаратты енгізу құрылғылары:
Сандық және мәтіндік (пернетақта, сканер);

  • дыбыстық (микрофон);
  • графикалық(сканер, сандық камералар);
  • бейнеақпарат (сандық камералар).

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.Қазіргі компьютерлерде 101 немесе 105 перне болады.

Пернелер тобы

  • Функционалдық пернелер

{F1} – {F12}.
Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.

  • Символдық (алфавиттік-цифрлық) пернелер

Цифрлар: 0 1 2 3 4 5 6  7 8 9
Символдар: @ № ! $ & * + ( ) = / және басқалары.
Қазақ және латын әріптер: А Щ Ы Ю Ө Қ S Z R G L және басқалары.
Бұл пернелердің көмегімен кез-келген алфавитті- цифрлық ақпаратты енгізуге болады.
{Бос орын}-сөздерді біріне-бірін бөледі

  • Меңзерді басқару пернелері

Меңзер- – кезекті символды енгізу орны (жыпылықтаған сызықша түрінде бейнеленеді).
{←}, {↑}, {→}, {↓} меңзерді көрсетілген бағытта жылжытады.
{PageUp} и {PageDown}  құжатты жоғары-төмен жылжытып көрсетуге мүмкіндік береді.
{Home} и {End} меңзерді жолдың басына, аяғына жылжытады.

  • Арнайы

Олар бір-бірінен алшақ, бірақ басуға ыңғайлы болып орналасқан.
Арнайы функцияларды орындайды.
{Enter} – Бұл-ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бқл әрекетті өңдеуі керек екенін көрсетеді.
{Esc} – негізінен жаңа орыналған әрекетті орындатпауға арналған.
{Shift}, {Ctrl}, {Alt} – басқа пернелермен бірігіп жұмыс істейді.

Қосымша пернетақта пернелері

{NumLock} индикатор қосулы болса-калькулятор, өшірулі болса меңзерді басқару қызметін атқарады.

  • Windows-пернесі

– бас менюді іске қосады..
– жанама менюді шақырады.

4) Практикалық жұмыс. «Пернетақтамен танысу»

Оқушылар компьютерде пернетақталық тренажер жұмысын жасайды. Тренажердың міндеті: берілген мәтінді пернелер арқылы теру, қателескен жағдайда дыбыс білдіреді және түзетуін күтеді.

5)  Сабақты қорытындылау
Білімдерін бағалау
Үй жұмысы:
§2.2.
Өтілген материал бойынша тестілеуге дайындалу.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.