Қош бол құтты Әліппе!

Дария Баймухаметова

Мақсаты:
     Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының ісәрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Ата-аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын  арттыру;
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, Отанын сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, шарлар.

Барысы

Мұғалім:

  • Құрметті жиналған барша қауым, ата-аналар, ұстаздар. Біз сүйікті

Әліппемен қоштаспақшымыз. Әліппені бітіру-алдағы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен астық. Сондықтан да салтанатты мерекеге қош келдіңіздер.

dary003Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі оқып жазатын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!

Ата – ана қуанып шаттанады,
Оқыды деп баласы мақтанады.
Алдарына бұлардың кім шығыпты,
Барлық маман мектептен аттанады.

Ал енді кезекті оқушыларға берейік.

Оқушылар: хормен:

Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Қонақтарды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

Мұғалім:

Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсың тойларың

dary001-Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті, әліппе!

Мұғалім:

-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе, әліппе, әліппе.

Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Аған менен әпкенде.

dary002Армысыздар жас достар!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Мерекенмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік,
Қане ортаға салайық.

Мұғалім:

Олай болса, біздер әріптер әлеміне саяхатқа шығамыз.

Адель
Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Азина
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.

Дамир
А-ға й-ді қосаңыз,
Көкте туған ай болар.
Т-ны алдына тоссаңыз,
Бәсірелі тай болар.

Самира.
Ә-әріпінен табамыз,
Әжемізді ақыл ғой.
Б-дегеніміз бабамыз.

Дильназ.
М дегенін мал деңіз,
Қадір тұтқан бабалар.

Азина
Г-әрпінен гүлденер,
Қызғалдақты қырат тау.
Ғ әрпімен бір келер,
Ғалым атты ұлы тау.

Адель
Д әрпінен бастасақ,
Дарқан, дария далам бар.
Е-ні ұмытпас ешқашан,
Елін сүйген жарандар.

Азина
Ж-дегенің жөргегің,
Туған қскен жерлерің.
З әрпімен зерледім,
Зергелердің зерлерін.

Дильназ
И дегенің иманың,
Адамдықтың асқары.
К дегенің күй дарын,
Домбыраның дастаны.

Самира
Қ әрпінен құралған,
Бас-аяғы қазақтың.
Жарылқасын бір Аллам,
Жасай берсің азат күн.

Адель
О дегенін от басы,
Отан деген ұғымдар.

Дамир
Жазуды да жазамыз,
Суретті де саламыз.
Нұрға толған санамыз,
Біз өнерлі боламыз.

Дильназ
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітірдім,
Бала болдым ақылды.

Мұғалім:

-Балалар, Әліппе сендерді оқуға жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек.

Қыздар: Балаларға ақ тілек,
Ұлдар: Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: біздерге білім үйреткен,

Әліппе саған рахмет.

Әліппе: Жарайсыңдар, менің ақылды достарым!

Мұғалім
Жиналған қауым таң қалсың,
Ән бимен шашу шашылсың.
Мың бұралып бишілер.
Бименен кешті жалғасын.

1 «А» сыныбының орындауында би.

Әліппе:

Балалар, сендер менімен ғана достасып қана қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге математика оқулығымен де таныстындар. Ал енді ортаға математиканы шақырайық.

Математика:
Математика ғылымдардың атасы деген. Мен сендерге санауды, есептеуді үуретемін. Сендер санауды жақсы игердіңдер ме?

Санамақ айтып беріндерші.

Самира

1 дегенім бесік,
Шықтың содан өсіп.

Дамир
2 дегенім елім,
Далам, туым, көгім.

Азина
3 дегенім үміт,
Үміт артар жігіт.

Адель
4 дегенім төзім.
Төзе білем өзім.

Дильназ
5 дегенім бақыт,
Бағалайтын бақыт.

Математика сабағында үйренген сергіту сәтін көрсетейік

Мұғалім.

Келесі сіздерге музыкалық сәлем жолдайтын Баймухаметов Д

Әліппе: енді ана т ортаға шақырайық.

Ана т
-Сәлеметсіздерме, балалар!
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танымал.
Түсіндірер бәріне
Ана тілін мен болам.

Ана тілің-арын бол,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Самира

Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе
Енді сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсың оқулықпен дәптерің
Оқығандарын есте болсың,

Күнделіктерін 5 ке толсың! (жұлдызша таратады)

Мектеп басшыларына сөз беріледі.

Мұғалім
Арманмен алыстарға аттанарда,
Жас оралар іркіліп жанарларға.
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар,
Сөз берейік әкелер мен аналарға.

Ата-аналар сөйлейді.

Мұғалім

Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен шашу шашпақ аналар.

-Уақытарыңызды бөліп қуанышымызға ортақтасыпт келгендерінізге рахмет!
-Қош сау болыңыздар!

Check Also

4-сынып. Тақырыбы: Қолғабыс. Мәдіхат Төрежанов.

Болтаева Гульмира Жупаровна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төлеби атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Мақсаты: …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.