Қазақ тілі мектебінің бүгіні мен болашағы (баяндама).

Жәлелова Дария Жәлелқызы.  Бастауыш сынып мұғалімі, СГПИ, Михайлов ОЖББМ.

 «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»  демекші. Бұл сөзде терең мағына жатыр. Қазіргі таңда елімізде көптеген мектептер ашылып жатыр. Солардын басым көпшілігі қазақ тіліндегі мектептер. Әрине бұл көңіл қуантарлық жағдай.

   1990-1991 жылғы оқу жылында қазақ мектептері жалпы мектептердің 33,9 пайызы болса, бүгінгі күні олар 50,8 пайызын құрап отыр. Қазақ мектептері жалпы мектептер санының жартысынан асып барады. Өзіміздің бас қаламыз Астананы алып қарайтын болсақ, соңғы үш жылда елордамызда мектептердің саны артқан.   Басқарманың мәліметі бойынша, 2012-2013 оқу жылында 24 қазақ мектебі бойынша 2018 мұғалім жұмыс істейді. 1815 мұғалімнің жоғары педагогикалық, 203-інің орта кәсіптік педагогикалық білімі бар. 579 мұғалімнің біліктілік санаты жоғары, 503-і бірінші, 448-і екінші санатқа ие. Яғни, Астана қаласында 2011-2012 оқу жылында 23 қазақ мектебі болған, ондағы оқушылар саны – 25 883. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 33,8 % құраса, биылғы оқу жылында мектеп саны біреуге артып, оқушылар саны – 29 523 жеткен, яғни, бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 35,3 % құрап отыр.

   Әрине елімізде  қазақ мектептердің салынғаны жақсы. Бірақ сол санына қарай сапасы да жақсарса екен деген ой келеді. Себебі: қазақ мектептерінде көбіне қазіргі заманға сай жағдай жасалмаған. Ең масқарасы тәуелсіздігімізді алғанымызға 22 жыл болсада кейбір ауылдық жерлерде осы уақытқа дейін қазақ мектептері болмаған. Ел басымыз қазіргі жастарға жағдай жасап әр түрлі бағдарламар құрды. Солардың бірі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бұндағы басты мақсат осы бағдарлама бойынша жастарды ауылға жіберіп, ауылдың жағдайын жақсарту. Сонымен қоса қазақ мектептерін ашып жастарды жұмыспен қамтамасыз ету. Өкінішке орай жастардың басым көпшілігі ауылға барғылары келмейді. Осыдан кейін ата-аналар балаларын қазақ мектепке бере алмай амалсыз орыс мектебіне береді. Сол себепті осы уақытқа дейін кейбір ауылдарда қазақ мектептері жоқ. 

     Мен Шығыс Қазақстан обылысы, Семей қаласында Семей мемлекеттік педагогикалық  институтында «бастауыш сыныпты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын оқып, білім алдым. 2012 жылы Ел басымыздың «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Павлодар облысы, Железин ауданы, Михайлов ауылына жұмысқа келдім. Мен ауылға келгеніме өкінбеймін. Маған баспана берді. Сол үшін елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа және мектеп директоры Госина И. А.алғыс айтамын.  Менің бұнда келу мақсатым төрт жыл бойы алған білімімді іс жүзінде іске асыру болды. Сонымен қоса қазақ тілін дамытуға  өз үлесімді қосқым  келді.

    Михайлов ауылында 1979 жылы Михайлов орта мектебінің екі қабатты ғимараты салтанатты түрде ашылды.1200 оқушы болды. Қазіргі таңда мектепте барлығы  145 оқушы. Олардың 18-і қазақтар, 104-і орыстар, 17-сі немістер, ал 6-ауы өзге ұлт өкілдері.

   Сол уақыттан бері қаншама уақыт өтті. бұл мектепте қазақ сыныбы болмаған. Тек 2012 жылы ғана Михайлов орта жалпы білім беру мектебінде алғаш рет қазақ сыныбы ашылды. Мен сынып жетекші болып тағайындалдым. Сыныбымда барлығы 5 оқушы бар. Олардың 4-еуі қыз балалар, 1-еуі ұл бала. Яғни мектептегі 18 қазақ баланың 5- еуі ғана қазқ сыныбында оқиды деген сөз.  Бұған не себеп? Деген сұрақ туындайды. 

   Мен қуанам өзімнің арманым орындалып алғаш рет ашылған қазақ сыныбының сынып жетекшісі болғаныма. Сыныбым қазіргі заман талабына сай интерактивный тақта, компьютермен жабдықталған.Сыныптағы оқушылардың барлығы тек қазақ тілінде сөйлейді. 1- сынптан бастап оқушыларымды әртүрлі жарыстарға, сайыстарға қатыстырып білімдерін шындауға тырысам.

    Менің ендігі арманым осы оқушыларды 11-сыныпқа дейін қазақ сыныбымда оқытсам деймін. Бірақ бұл арада бір сұрақ туындайды. Бастауышты бітіргеннен кейін қайда барып қазақша оқиды?

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.