Тақырыбы: Шығыс шынары. Әзиза. Нұрмаханова. 4-сынып.

Сиюмова Мяаш Бөлекбаевна. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, №2 Шұбарқұдық қазақ-орыс орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:  Мәтінді түсініне, мәнерлеп оқыта отырып, оқушы-Әлия, батыр-Әлия арасындағы байланысты таба білу.
Дамытушылығы: Өз бетімен ізденіп ,жұмыстана білуге үйрету. Оқушының шығармашылық қиялы мен сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелілігі: Әлияның бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге, үлгі алуға, оған деген қызығушылық сезімін ояту.  Оқушыларды сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Әлияның портреті, «Әлия батыр қызы сен халқымның»   кітабы. Ұзақбай. Қауысов. Ғалымжан. Байдербесов. Кітап беттеріндегі суреттер, «Айгөлек»журнал беттеріндегі сурешілер туындылары.  «Қос шынар» ,соғыс даласынан көріністер, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі:  «Дамыта оқыту»    технологиясын басшылыққа ала отырып қызығушылықты ояту,ойын,  ізденіске салу.
Түрі:  жаңа  сабақ:

Сабақтың барысы:

1.Үй тапсырмасы «Мәншүктің жұлдызды сәті» мәнерлеп оқыту.
2.Мәтін соңындағы сұрақтар бойынша  бекіту.
а) Бұл кімнің шығармасы? Олтуралы әңгімеде не айтылған?
ә) Мәншүк бөлімшесінің пулеметшілері қандай бұйрық алды? Олар бұйрықты қалайша орындады?

б)Генерал Галицкий Мәншүкпен жақынырақ танысуға қай кезде мүмкіндік алды? Оған ризашылық сезімін қалайша білдірді?

в) Мәншүк туралы қандай өлеңдерді, әңгімелерді білесіңдер? Оқушылар білгендерін айтады,жазып келген шығармаларын оқиды.

(Мәншүктің өмірбаянынан үзінділер,анасының хаты т.б.)

Жаңа сабақ.
(Интерактивті тақта ашылады,жаңа сабақтың тақырыбы шығады)

Шығыс шынары.
Әзиза Нұрмаханова.

1.Мұғалім оқулықты ашқызып мәтінді мәнерлеп оқушыларға оқытады.
«Оқушы-Әлия» бөлімі.
(сұрақтар бойынша түсінгендерін бекіту)
2.Әңгіме кім туралы ?
3.Әңгімеде Әлияның қай кезі баяндалған?
4.Әлияның ұзтаздары қандай шешім қабылдады?
5.Олардыңи мұндай шешімге келу себебі не?
6.Әлияның қандай жақсы қасиеттері бар екенін байқадын?
7.Мектеп директоры Әлия жөнінде қандай ұсыныс айтты?

1-бет

«Ізден!» бөлімі.
(Дәптермен жұмыс)
Әлия қандай қыз?Кестені толтыр!

Ой өрісі ?
Қолы
Төсегі
Кітап-қағаздары
Бөлмесі
Шашы
Үстіндегі киімі
Дене мүсіні
Нені жақсы көреді

Керекті сөздер:

Сұлу,тап-тұйнақтай жиюлы,өз орнында,шебер,жүйрік,кірсең шыққың келмейді,гүлді,өрулі,үтіктеулі.

«Шығармашылық жұмыс» бөлімі

Осы сөздермен сөз тіркестерін пайдаланып оқушылар өлең жолдарын құрастырады.
Мына өлең жолдар олардың жұмыстарының бірі

Ойы жүйрік,қолы шебер,
Тап тұйнақтай жүреді.
Мүсіні сұлу,оқушы қызды,
Бәрі жақсы көреді.  т.б. сол сияқты.

«Батыр – Әлия» бөлімі.

(Интерктивті тақта ашылып,Әлия туралы суреттер көрсетіледі.Мұғалім әр сурет бойынша түрлі сұрақтар беріп қосымша жаңа білім беріледі)ъ

1.Әлия батыр қыздың портреті.
2. «Қос шынар» Айгөлек журнал суреттері.
3. «Әлия батыр қызы халқымның» кітапшасы және оның бетіндегі суреттер

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Один комментарий

  1. гульмира

    жақсы сабақ ұнады

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.