№ 9 Сарамандық жұмыс. “Сілтілік металдар” және “Галогендер” тақырыбына эксперименттік есептер шығару .

Кончибаева Динара Рахметуллақызы. Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төлеби ауылы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы.

Сабақтың мақсаты:     Сілтілік металдар мен галогендер тақырыбы бойынша алған теориялық білімді практикада қолдану.
Міндеті:
1 . Сілтілік металдар мен галогендерді берілген реактивтер арқылы анықтайды.
2 . Тәжірибе жасау арқылы өздерінің іс-әрекеттерін реакция теңдеулерімен дәлелдей отырып,  ойлау қабілеттерін дамытады.
3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық  ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды  үйренеді.

Күтілетін нәтиже :
1. Топпен және жұппен  жұмыс істей білуге үйренеді;
2. Реакция теңдеулерін және қорытындыны дұрыс жасай білуге үйренеді;
3.  Естігенімді – ұмытамын,
Көргенімді – есте сақтаймын,
Қолмен жасағанымды – ұмытпаймын!

Оқыту технологиясы:    СТО
Сабақтың типі:  Бекіту сабағы
Сабақтың түрі:    Практикалық сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі : семантикалық кесте, INSERT кестесі, РАФТ , автор орындығы, білім,  түсіну,  анализ, қолданыс,  бағалау  сұрақтары, реакция теңдеулерін жазу,  ой толғаныс.    .
Сабаққа қажетті  құралдар  мен  көрнекіліктер:  Интерактивті  тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, натрий металы, су,  тұз қышқылы, натрий гидроксиді,    натрий хлориді, натрий брамиді, натрий йодиді,    күміс нитратының ерітінділері, индикаторлар,  сынауықтар,  қауіпсіздік ережесі, стикерлер, форматты қағаз. Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.
Пәнаралық байланыс: биология, география, математика, физика.

Сабақтың жоспары:
I  Ұйымдастыру кезеңі:
 
1. Сәлемдесу  (Психологиялық дайындық )
Табиғат!  Тіршіліксің тұнып тұрған,
Сен – Күнсің!  Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың,
Сен – Бұлақсың .  Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі, әрі нәзік, жарық мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан – жағым!

2. Түгендеу
3. Топқа бөлу
Химиялық  элементтердің формулалары арқылы топтастырымын:  ( КOH, LiOH, Ca(OH)2, Mg(OH)2 NaOH, Na2S, Na2CO3, Na2SO3, Na2SiO3, Na3PO4,, , HCL, HI, HBr, HF, H2SO4)

I  топ:  “Қышқылдар”
II топ:  “Негіздер”
III топ: “Тұздар”

II.  Жаңа сабақ:
Іс – әрекеттерім:
Миға шабуыл:
Слайдтан йодтың сапалық және натрий металының суда қопарылыс беріп еруінің  реакцияларына арналған тәжірибелер көрсетіледі:
Йод       +       крахмал ерітіндісі    =    ерітінді көгереді
натрий     +    су        =        сілті  +     индикатор= ерітінді түсі

1. Қауіпсіздік ережесі
Қауіпсіздік  техникасының негізгі ережелері:

1.  Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн.
2.  Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды.
3.  Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек.
4.  Реактиві бар ыдыстың аузына  үңілмейді, жанынан қарайды.
5.  Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
6.  Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадан таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды.
7.  Әсіресе, қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар!

1. Зертханалық столда
Мақсаты:     1)      Үш сынауықты алып:  № 1) NaCL     № 2)  NaBr      № 3) NaI ерітінділерін құйыңдар. Әр қайсысына AgNO3 тамшылатып  қосыңдар.   Не байқадыңдар?  Реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер? түзілген тұнбаның түсіне көңіл аударыңдар?  Жазғандарыңызды    екеуара,    топпен     тексеріңіздер:

Химиялық зат NaCL NaBr NaI
AgNO3 AgCl AgBr AgI
Түсі: Ірімшік тәрізді ақ тұнба Сарғыш тұнба Сары   тұнба
Реакция теңдеуі: NaCL+AgNO3=AgCl+NaNO3 NaBr+AgNO3=AgBr+NaNO3 NaI+AgNO3=AgI+NaNO3
2) Енді  бірінші  сынауықтағы тұнбаның үстіне   1-2   млHNO3  құйыңдар. AgCl азот қышқылында ериме?
HNO3 AgCL+HNO3=?

2. Семантикалық кестемен жұмыс(жеке жұмыс)

Мақсаты: Тиісті реакция теңдеулерін жазып, кестені толтырамыз:

AgNO3 Түсі
NaCL AgCL Ақ ірімшік тұнба
NaF AgF Ақ тұнба
NaBr AgBr Ашықсарғыш тұнба
NaI AgI Сары тұнба
     

<
3.  Заттардың сапалық құрамын анықтау (анализ денгейіндегі тапсырма) (топтық жұмыс)

Мақсаты:     Сілтілердің, қышқылдардың және олардың тұздарының сапалық құрамын анықтау.

Үш ыдыста белгісіз үш ерітінді берілген, берілген  ерітінді  арқылы қай ыдыста қандай ерітінді берілген екендігін анықтау  :

Ерітінділер №1 №2 №  3 Қорытынды
Лакмус Қызыл Көк Күлгін 1=қышқыл
№2  =сілті
№3  =тұз
Метилоранж Қызғылт Сары Қызғылтсары

4.Эксперименттік есептер шығару(топтық жұмыс)

Есептер I топ IIтоп IIIтоп
Есептің берілгені: Бейтараптану реакциясы көмегімен NaCL алыңдар. Алынған ерітіндіде CL ионы бар екенін дәлелдейтін сапалық тәжірибе жасаңдар? Кез -келген ерітіндінің құрамында натрий бар екенін дәлелдеңдер? NaOH пайдаланып Cu(OH)2, одан CuO алудың жоспарын құрыңыз. Тәжірибе арқылы CuO алыңдар?
Шығарылу жолдары: Бейраптану реакциясы:NaOH+HCL=NaCl+H2O
CL анионын  Ag+ катионы арқылы анықтаймыз:
NaCL+AgNO3=AgCL+HNO3
Құрамында натрий бар ерітіндіні спирт шамның жалынында ұстаймыз.
Жалынның сары түске өзгергенінен, ерітіндінің құрамында натрий барын білдік.
NaOH= Cu(OH)2= CuO
Натрий гидроксидіне мыс(II)сульфатын қосқанда мыс(II)гидроксидінің көгілдір тұнбасы түзілді.2NaOH+CuSO4=Cu(OH)2+Na2SO4Көгілдір тұнба
Мыс гидроксидін ыдыратқанымызда қара түсті зат мыс(II)оксиді түзілді:Cu(OH)2=CuO+H2OҚара түсті зат
Жауабы: AgCLІрімшік тәрізді ақ тұнба түзілді Жалынның түсі сары түске өзгерді. Cu(OH)2- көгілдір тұнба,
CuO- қара түсті зат

5. Рафт  әдісі
Мақсаты: Рольді – бала өзі таңдайды, аудитория, форма, тақырыпты –  мұғалім өзі береді.
Р –   роль
А –  аудитория
Ф –  форма
Т –   тақырып

I   топ: II   топ: III  топ:
Роль – Қышқыл Роль – Тұз Роль – йод
Аудитория -Оқушы Аудитория – Президент Аудитория – Аурухана
Форма -Түсінік  хат Форма – Өтініш Форма -Хат
Тақырып- Ренішті  көңіл – күй Тақырып- Экология Тақырып- адамгершілік
Шу ауданы Төле би ауылы Е.Бекмаханов  атындағы мектеп гимназиясының  8″а” сынып оқушысы Әселге ҚышқылданТүсінік хат
Менің түсінік беру  себебім, №8Сарамандық жұмысты орындап жатқанда денеңізге тиіп кетіп денеңізді, мектеп формаңызға тиіп формаңызды күйдіргенім үшін сізден кешірім өтінемін. Иісімді көремін деп танауыңыздың күйіп қалып,  шөлдеп келіп су орнына ішіп қойған жандардың тамағын күйдіріп,  кетпес жара қалдырғаныма қатты өкінемін, іштей қынжыламын . Келесі сабақта сіздің қолыңыздан мықтап ұстап, ұқыптылықпен жұмыс істеуге  тырысамын. Мен болған іске қатты өкінемін!

Түсінік беруші: Қышқыл

15.05.2012ж.

Қазақстан Республикасының Президентіне ТұзданӨтінішМенің өтініш беру себебім,  “Балық салынған ыдысты тұзды салқын сумен жуса иісі қалмайды”, “кесілген алманы қайнатқанша қарайып кетпеуі үшін сәл тұз салынған суда ұстаса бұзылмайды”, “Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ағып кетпейді”, “Тамақты қуырар алдында ыдыстағы майға тұз сепсеңіз, майыңыз шашырамайды”, “Қол ормалдың кірі тез кетсін десеңіз , жуудан бұрын тұзды суға салып алыңыз”, “Сарғайған пердені де жуудан бұрын тұзды суға салып алса, өңі жақсара түседі”, “Есік – терезені сырлағаннан кейін бөлмеге тұз сеуіп қойса, жағымсыз иісі тез кетеді”, “Сондай – ақ киімнің қолтығындағы сары дақтан құтылғыңыз келсе, киімді жумас бұрын тұзды суға салсаңыз тез кетеді”, “Джинси сияқты қатты маталарды жуар кезде кір жуатын ұнтаққа тұз салып жусаңыз, жұмсарады”, “тоңазытқыштағы ылғалды кетіру үшін ішіне тұз салынған ыдыс қойып қойыңыз” . Менің осындай  адам тіршілігіне пайдалы қасиеттерімді жарнамалай отырып ,  мені йодтап өндіріп экспортқа шығарылуымды қадағалауыңызды  сұранамын!Өтініш беруші:  Тұз

15.05.2012ж.

Д. Менделеевтің периодтық жүйесінің жетінші группасының  студенті   ЙодтанХатХимиялық элемент группалас  достарым галогендер тобы қал- жағдайларың қалай?  Мен теңіз түбіндегі Ламинария көшесінен аптека көшесіне көшіп кеткенмін. Сол аймақтағы адамдарға қолымнан келгенше  қызмет етіп  келемін. Медицина саласында операция кезінде және алғашқы көмек көрсетіп қан тоқтатқыш болып қызмет етемін. Тамақ өнеркәсібінде ас тұзын йодтауда, крахмалды анықтау үшін реактив ретінде, кей кездері микробтарды өлтіріп халыққа қызмет етіп жүрмін. Халыққа көп – көп рахмет еңбегімді әрқашан бағалап өз үйлерінің дәрі – дәрмек қобдишасының төрінен орын берген. Менің жағдайым өте жақсы, уайымдамаңыз  профессор мырза Д.Менделеевич.Хат жазушы :   Студент Йод

15.05.2012ж.

III. Сабақты бекіту:
1. Ой толғау
Мақсаты:  Берілген тақырыптарға  “Эссе” жазып, “Автор орындығында” оқу.
I   топ: “Қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға әсері”
II  топ:  “Арал теңізіндегі тұздың қоршаған ортаға, маңайындағы тұрғындарға әсері”
III  топ:  “Улы   химикаттардың (металл  натрийдің – Na,  галогендердің –  CL2, Br2, F2, I2 )  тірі организмге әсері”

IV . Үй тапсырмасын беру:
“Сілтілік металдар” мен  “Галогендер”  тақырыбына
“Синквейн” (бес жолды өлең)  құрып жазып келу.
INSERT  кестесі

W + X ?

W- Химиялық формуланы дұрыс жаздым, дәл солай деп ойлаймын;
+-     Бұл қызық, мен үшін жаңалық;
X-     Химиялық  формулаларды, реакция теңдеулерін қате жаздым, менің жазғаным дұрыс емес;
?-     Бұл мен үшін  түсініксіз, осы жөнінде көп білгім келеді;

V. Бағалау
Бағалаудың нақты критерилері:

1. Семантикалық кесте бойынша -1 балл
2.Зертханалық столда (Анализдік деңгейдегі)тапсырмалар бойынша-1 балл
3. РАФТ  (хат, түсінік хат, өтініш) жазғаны бойынша-1 балл
4. Ой толғау тапсырмасы  бойынша өз ойын еркін жеткізуі  -1балл
5.Реакция теңдеуін қатесіз  және  дәптерге  сауатты жазуы бойынша -1балл

Аты – жөні Семантикалық кесте бойынша -1 балл Зертханалық столда (Анализдік деңгейдегі)тапсырмалар бойынша-1 балл РАФТ  (хат, түсінік хат, өтініш) жазғаны бойынша-1 балл Ой толғау тапсырмасы  бойынша өз ойын еркін жеткізуі  -1балл Реакция теңдеуін қатесіз  және  дәптерге  сауатты жазуы бойынша -1балл Қорытынды
Әшімханова Әсель 5 5 5 5 5 5
Қартайған Арна 5 5 5 4 5 5
Баймұрат Ажар 5 4 5 5 5 5
Бұхарбай Айнұр 5 4 5 5 5 5
Тұрсын Адлет 4 4 5 4 4 4
Құлжанисов Данибек 4 3 4 4 4 4
Бауыржан Қарлыға 4 4 4 4 4 4
Нартай Маржан 5 4 5 5 5 5
Сейітқожа Жанерке 4 4 4 4 4 4
Дота Төле 5 4 5 5 4 4
Қадырова Амина 5 5 5 5 5 5
ЕмбердіЖансая 4 5 5 4 5 5

Өте жақсы” =7
“Жақсы” =5
“Орташа” =0
“Өте төмен” =0

VI. Кері әсер парағы
1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?
2. Маған не ұнады/ұнамады?
3. Тапсырманы орындаудағы туындаған қиыншылықтар?

Сабақтан соңғы ойтолғаныс:
Бүгінгі қолданылған әдістер баланың дамуына әсер етті ме?
Қай балаларға әсер етті, қай бала реакция теңдеулерін жаза  алмады?

Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

merekemyrza000

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.