«Қыранымыз ұлы елдің» (3-4 сыныптар аралығында). Сайыс.

Өткізген: Тенизбаева М, мектеп тәлімгері Е. Айшуақұлы атындағы орта мектеп.

Мақсаты: Оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да білімді ұрпақтары екендігін терең ұғындыру.
Салауатты өмір салтын сақтауға, патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Шарты:

  1. Таныстыру
  2. Патриоттық әндер байқауы
  3. «Кім  мерген» (тир ату, ұпай жинау, әр пән бойынша сұрақтарға жауап беру)
  4. «Кім шапшаң» (жерде жатқан шарларды 1 минут ішінде бір-бірінен ажыратып, рәміздер туралы сұрақтарға жауап беру)
    gulnara0001
  5. «Өнерлі өрге жүзер» (әр топ өз өнерін көрсетеді).

Ал, олай болса сайысымызды бастайық.

Бүгінгі сайыстың төрелігін айтып, әділ бағасын беретін әділ-қазылармен таныс болыңыздар.
1.———————————————
2.——————————————–
3.———————————————–
4.———————————————
5.———————————————

Бүгінгі жарысқа қатысатын топтармен таныстырып өтейін:

Таныстыру
Таныстыру бөлімінде әр топ өздерін таныстырады, төс белгілерін қорғайды.
………………….
………………….
………………….

Әділ-қазылардан бірінші бөлімнің бағасын сұраймыз.

2.                Патриоттық әндер байқауы:
Бұл бөлімде әр топ патриоттық әндерден сайысқа түседі.

……………………..
……………………..
……………………..
Әділ-қазылардан екінші бөлімнің бағасын сұраймыз.

  1. 3.                 «Кім  мерген» бұл бөлімде әр оқушы тир ату арқылы ұпай жинайды, содан соң карточка суыру арқылы өзіне түскен сұраққа жауап береді. Бұл жерде әділқазылардың алдындағы сұрақтарға жауап береміз.

3-сынып. Қазақ тілі.

1-сұрақ.
Қандай сөз таптарын білесіңдер?
(зат есім, сын есім, сан есім, етістік)

2-сұрақ.
Өлеңнің ұйқасын тап.

Қаламымды …. (қайыр)
Мардан!
Асай көрме …. (қардан)
Мирас!
Үйдің ішін …. (жинас)

3-сұрақ.
Бос торкөздерге тұсындағы сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып жаз.

к е ң т а р
е с к і ж а ң а
ж а м а н ж а қ с ы
ж і ң і ш к е ж у а н
қ а р а ң ғ ы ж а р ы қ

3-сынып. Ана тілі

  1. 1.     «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінің авторы кім?

(Ы. Алтынсарин)

  1. «Күздігүні алма бағына барып көргеніңіз бар ма еді» Қай мәтіннен алынған ?

(Жеміс бағында)

  1. 3.     Жұмбақты шеш

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от.
Ішін жарып қарасаң,
Майда-майда қызыл шоқ
(Анар)

3-сынып. Математика
1)         33:3+3:3=12
2)         (3+3+3+3):3=4

2. Қарамен жазылған сөздерді
басқаша қалай атауға болады?

3-сынып

    1. 1.      Бір ай оразаның бір айты бар,

(30 күн)
2.         Әр жасаған жақсылықтың бір қайтуы бар.
Баста ми жоқ болса, қос аяққа күш түседі.
(Екі)

3-сынып. Математика

3.Таңертең Бақыт мектепке 3 алма алды, ал
Кешке оған әжесі тағы 4 алма берді.
Бақыт бір күнде неше алма жеді?
(7 алма)

4-сынып. Қазақ тілі

      1. 1.                 Жалаң сөйлем ….. пен баяндауыштан құралады.

(Бастауыштан)

      1. 2.                 Мақалдардағы антоним сөздерді тап.

1.         Көз қорқақ, қол батыр.
2.         Істеу қиын, сынау оңай.
(қорқақ-батыр
Қиын-оңай)

      1. Сан есім дегеніміз не?

Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
(Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін

сөздерді сан есім дейміз. Сан есім қанша? нешеу?
нешінші?деген сұрақтарға жауап береді.)

4-сынып. Ана тілі

      1. 1.                 Эпикалық жырлар деп нені айтады?

(Батырлар жырын)

      1. 2.                 Екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату қалай аталады?

(Теңеу)

      1. 3.                 Жұмбақты шеш

Күннен көзін алмайды,
Мойны  бірақ талмайды
(Күнбағыс)

4-сынып. Математика

      1. 1.               Алмұрт алмадан ауыр, бірақ апельсиннен жеңіл. Алма шабдалыдан ауыр, ал апельсин ананастан жеңіл. Ең жеңілі қайсысы?

Ең ауыры қайсысы?
(ең жеңілі –шабдалы, ең ауыры – ананас)

      1. Қорапқа 8 қоңыз бен өрмекші салынған, оларда барлығы 54 аяқ бар. Қоңызда 6 аяқ, өрмекшіде 8 аяқ бар, сонда қорапта олар нешеуден?

(3 өрмекші және 5 қоңыз бар)

 

      1. Әр тәрелкеде жаңғақтың түрлі мөлшері жататындай етіп, 45 жаңғақты 9 тәрелкеге қалай орналастыруға болады?

(1,2,3,4,5,6,7,8,9)

      1. 4.               «Кім шапшаң» бөлімінде мына жерде жатқан шарларды 30 секунд ішінде бір-бірінен үзіп, қай топ қанша шарды бір-бірінен ажыратады, сол бойынша ұпай беріледі. Содан кейін әр топқа  еліміздің рәміздерінен 3 сұрақ қойылады.

1. Топтың аты:——————————-

      1. Тудың авторы кім?

(Ш.Ниязбеков)

      1. Гимннің бірінші шумағын айтып бер.

(алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы.
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!)

      1. Гимннің сөзін жазғандар?

(Жұмекен Нәжімаденов
Нұрсұлтан Назарбаев)

Топтың аты: —————————–

      1. Гимннің екінші шумағын айтып бер.

(Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай)

      1. Елтаңбадағы тұлпар нені бейнелейді?

(дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың бейнесі)

      1. Туымыздағы қыран құс нені білдіреді?

Топтың аты ———————

      1. Гимннің әнін жазған кім?

(Ш.Қалдаяқов)

      1. Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі нені білдіреді?
      2. Мемлекеттік туда қандай түстер бар? Олар нені білдіреді?
      1. 4.                 «Өнерлі өрге жүзер» бөлімі бойынша әр топ өз өнерін көрсетеді.

1-топ——————————-
2-топ——————————-
3-топ——————————-

ІІІ. Қорытынды:

      1. 1.                 Жүргізушінің қорытындылау сөзі:

Ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Үш топ өз білімдерін, өнерлерін ортаға салды. Үш топқа да өз рахметімізді айтамыз. Болашақта тәрбиелі, қайырымды азаматтар мен азаматшалар болып өсулеріне тілектеспіз!

Енді сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

      1. 2.                 Жеңіп шыққан топты марапаттап, құттықтауды әділқазы алқаларына тапсырамыз.
      2. 3.                 Мұғалімдерге, оқушыларға сөз беру.

 

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.