Тақырыбы: Веб-сайт жасау.

Тұрғанбек Әйгерім Тұрғанбекқызы, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебі информатикадан оқушы компоненті сабағы.

Информатика (оқушы  компоненті) 10б-сынып (жаратылыстану‑математикалық бағыт).
Сабақтың мақсаты
Білімділік:  оқушыларға веб-сайт жасау технологиясын, тілін, программасын және әдіс-тәсілдерін үйрету.
Дамытушылық:  оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін  арттыру және дамыту.
Тәрбиелік:  оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа, техникаға ұқыпты болуға  тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Оқыту әдісі:    түсіндірмелі‑демонстрациялық,  практикалық жұмыстар арқылы, тест
Сабақта  қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: интерактивті тақта, презентация, бейне баян, активойт

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру /2 мин/

  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • Оқушыларды түгендеу;
  • Компьютерлерді іске қосу;
  • Сабаққа назарларын аудару;

ІІ. Жаңа сабақтың мақсатын қою /5 мин/
Активойт құралын пайдалана отырып, тест сұрақтарын алу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру /13 мин/
/Пайдаланылған оқулықтар: HTML негіздері, интернет, бейне баян/

Соңғы жылдары интернет желісінде дайын шаблондар арқылы сайт құруға арналған тегін немесе ақылы негізде жүретін қызмет көрсетуші сайттардың дамуына байланысты бірнеше сайттарды қарастыра отырып, сайт жасауды www.ucoz.ru тегін сайт құрастырушы сайты арқылы жасауды үйренеміз.

Web-сайт жасақтау жұмысы бірнеше кезеңге бөлінеді:

  • Жоспарлау;
  • Элементтерді жасақтау;
  • Бағдарламау;
  • Тестілеу;
  • Жариялау;

Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешіледі:
1. Сайттың орны
2. Сайттың аудиториясы кімдер
3. Қандай ақпарат жарияланады
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады

Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде жүзеге асырылуы қарастырылады
1.     Навигациялық құрылымын жасау
2.     Беттің дизайнын жасау
3.     Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу

  • Бағдарламау

Бұл кезеңде сайтты форматтап сайт жұмысын ұйымдастыру.

  • Жариялау

Тест аяқталғаннан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан тексеріледі.

Тестілеу
Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңінде сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:

Сілтеменің жұмысы;
2.     Мәтіндегі қателер;
3.     Навигацияның тиімділігі.
4.     Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5.     Графикалық файлдардың ашылуы.
6.     Әр түрлі браузерлерде сайттың жұмысы.

Негізгі іс-әрекеттер

  • Сайтқа ену; Сайт жасау;
  • E-mail және пароль жазу;
  • Сайттың адресін және доменін таңдау; Кодты жазу және келісімді қабылдау, сайт жасау батырмасын шерту;
  • Сайт жасалды, сайтқа өту сілтемесін шерту;
  • Сайт жасаушы админстратор болып табылады және осы сайттың түрін өз еркімен әсемдеп жасап алады.

/Бейне баян көрсету/ 
ІV. Бекіту кезеңі /15 мин/

Tomanov.ucoz.ru мектеп сайтын 8 негізгі бөлімдерден құрастыру.
Олар:
1. Басты бет
1.1 Мектеп паспорты
1.2 Мектеп ұжымы
1.3 Мектеп тарихы
2. Мектеп жаңалықтары
3. Оқу үдерісі
4. Оқушылар жайлы
5. Ата-анаға
6. Фото жинақ
7. Кері байланыс
8. Форум

Оқушылар тапсырманы таратпа қағаз арқылы бөліп алып, әр бөлімді өздері жасайды. 

 V. Қорытындылау кезеңі   /8 мин/
Оқушылар жұмыс аяқталған соң компьютерден әр оқушы өз бөлімін таныстырып, сайттың келбетін жариялайды.
Оқушылар әрбір сала /кәсіп/ бойынша сайт жасауға болатындықтарын айта өтті. 

VI. Үй тапсырмасын беру /1 мин/  
Веб-сайт жасаушы сайттарды үйден қарастырып келу 

VII. Оқушыларды бағалау  /1 мин/
Оқушыларды марапаттау /жұлдызша беру/

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.