Ғылыми жұмыс “Тас бетіндегі таңбалар”

Орындаған № 9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұтқабаева Сәуле Сатыбалдықызы

Кіріспе

         Еліміз Тәуелсіздік алып, өркениет көшіне ілесу мақсатында зор міндеттерді қолға алуда. Соның айқын көрінісі Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев

2003 жылғы Халыққа Жолдауында «Мәдени мұра» атты бағдарламаны ұсынғаны белгілі.Содан бері қазақ халқының тарихына қатысыты көптеген жәдігерлер іздестіру ісі жандануда.Осы бағдарлама жадымыздан өшкен ежелгі заман тарихи ескерткіштерін қайта жаңғыртып халықтың рухани мәдениетінің жаңарып, жандануына қосылған өлшеусіз үлес.

Бұл қиын да, қызықты ғылыми шараны жүзеге асыруда еліміздің атақты тарихшы, оқымысты ғалымдары, өнер зерттеушілер, ақын-жазушылар, мәдениет қайраткерлері еңбек етуде.

Туған жердің тарихын білу, оның сұлу табиғатын қорғау, әр Қазақстан азаматы өзі туып өскен өңірдегі тарихи ескерткіштерді, атап айтқанда:

ежелгі қорған обаларды, балбал тас мүсіндерді, тас бетіндегі таңбалы суреттерді, ерте дүние дуал бекініс орындарын, әулие батыр бабалар кесене мазарларын, қорғау қасиетті борышымыз. Өткен тарихымызға көз жібере отырып, болашаққа ой саламыз.

Біз тұрған киелі Жаркент өңірі тарихқа бай өлке: Найзатапқан, Ынталы, Бөрібай би ауылы, Қоңырөлең, Бурақожыр өзенінің жағасы, Үлкен өсек, Кіші өсек аңғарындағы Қойтастағы тас бетіндегі суреттер, Ақдаладағы ұлы бабаларымыз сақ, үйсін, қорған обалары, Ақбейіттегі көне зираттар, тас қора- қоныс орындары, өлкеміздің көне шежіресінен сыр шертері анық.

1856 жылы тамыз айында Құлжа сапары кезінде ұлы Шоқан жүріп өткен Бурақожыр жанындағы орта ғасырлық көне дуалмен қоса Шоқан көрген Тышқан өзені бойындағы Тышқан, Аққент қала бекіністерінің орны тегістеліп, егістікке айналды емес пе?

Аққент, Үшарал тағы басқа елді мекендерден табылған қыш құмыралар мен олардың сынығы бабаларымыздың көнеден жеткен көзі емес пе еді?

Халық қолөнер шеберлерінің таңдай қақтырар жауһар туындылары: күміс ер-тұрмандар, текемет, сырмақ, кестесі көз тұндырар түскиіздерді, ағаштан ойылған ожау тостағандар, келі-келсап өткен өмірдің асыл қазынасы халқымыздың бой тұмарлары жөн-жосықсыз күтім болмағандықтан жойылып та кеткені қаншама?

Тарихта ешнәрсе із-түзсіз жойылып кетпейді, қашанда жер қойнауында оның белгілері міндетті түрде қалады. Қазір Қазақстанның барлық өңірлерінде археологтар мен өнер зерттеуші ғалымдар іздестіру жұмысын жүргізуде. Қаншама қорған обалар өз сырын құпия сақтап жатыр .

 Петроглиф суреттер тарихынан

         Тас бетіндегі таңбалы суреттер, заманалардың терең түпкірінен бізге жетіп отыр. Еуропада XVII-XVIII ғасырларда жиһанкез саяхатшылар күнделіктерінде, сызған суреттерінде Азияның шалғай өңірлерінде мәдениет нұсқаларын көргенін еске алады.

Нағыз ғылыми зерттеу тек, кейін XIX ғасырда ғана қолға алынды. Өнер зерттеуші ғалымдар арасында нағыз өнер Антикалық мүсіндер, Рафаэль картиналары деген көзқарас үстемдік етті.

Ежелгі алғашқы қауымдық құрылыс адамдары сызған сызбаларды, «Қарабайыр эстетикалық құндылығы жоқ шимай»- деп қарады.

XIX ғасырдағы Франция мен Испаниядағы үңгірлердегі суреттердің өте ерте дәуірлерде тас ғасырында-палеолитте дүниеге келгендігі дәлелденді. Бейнелеу өнерінің шығу тегі туралы ғылыми бетбұрысқа алғашқы ой-түрткі осылай туды.

Палеолит дәуіріндегі тас бетіндегі бейнелермен бірге археологтарды кейінгі дәуірлердегі мәден құндылықтар қызықтырды. Швед ғалымдары қола және темір дәуірндегі суреттерде герман мифтерінің мазмұны бар деген пікірге келді.

XIX ғасырдағы ғылыми ақыл-ойдың алдыңғы шегінде болған қазақ ғалымы Шоқан Уалиханов еңбектерінен сызған суреттерінен петроглиф суреттер нұсқаларын көреміз. 1950 жылы өнер зерттеуші А.А.Формозов мақаласында Қазақстандағы тастағы суреттер жайлы қысқаша айтып өтеді.

Елімізде тек 1959 жылы ғұлама ғалым Әлікей Марғұлан «Қазақстан архитектурасы» атты кітапта ежелгі суреттерге толыққанды ғылыми еңбегін арнады. Онда бейнелеу элементтерінің ертедегі адам баласы іс-әрекетінен туған табыстары қатарына жатқызады.

 Ғылыми жұмыстың  сілтемесін көшіріп алыңыз

Ғылыми жұмыстың презентациясын көшіріп алыңыз

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.