Бастауыш. Салт-дәстүр: Бесік жыры. Тұсау кесу жыры.

Тарбака Жанаргуль. Ақмола облысы Зеренді ауданы Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

(Әдебиеттік оқу пәнінен Кембридж бағдарламасы бойынша өткізілген сабақ)

Сабақтың мақсаты: Өлең мазмұнымен идеясын ашуға мүмкіндік  беріледі.

Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: өлеңді өмірмен байланыстыра талдайды. Өлеңнің оқылу мәнерін іздейді. Қосымша мәліметтер арқылы өлең идеясындағы мәселелерді кеңейте қарауға ой салу.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Ой-өрісін, тіл байлығын дамытылады, сөз ұтқырлығына, шығармашылық мүмкіндігінің артуына жағдай жасалады.

Тұлғалық нәтиже: ұлттық әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді құрметтеп, қастерлеуге дағдыланады.

 Сабақтың көрнекілігі: бор,  интерактивті тақта, бесік жабдығымен, ала жіп,   қосымша мәліметтер.
Типі: жаңа сабақты меңгерту.
Түрі:
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту.
Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
І. Топқа бөлу. Параққа салынған «Бесікке салу мен тұсау кесудің» суреттерін таңдау арқылы топтарға бөлініп, суретті  топқа бөлінгеннен соң құрастырады.
Сергіту сәті
ІІ. Тренинг. Интерактивті тақтада музыканың сүйемелдеуімен көрсетіліп тұрады. Балалар сол қимылдарды қайталайды.
Өткенді қайталау: «Өс ұлан!» өлеңін тізбектеп, жатқа айтқызу, бірнеше оқушыдан күн тәртібін сұрау.
– Ал, енді біз екі топқа бөліндік. Біреуіміз «Бесіккке салу», екіншіміз «Тұсау кесу» тобы болып, салт- дәстүріміз бойынша бөліндік.
– Енді екі топ дәптерлеріңді ашып, бүгінгі ай, күнді жаза қойыңдар. Әр топ өз топтарыңның аттары жөнінде  не білесіңдер, соны алдарыңдағы дәптерлеріңе жаза қойыңдар. Мысалы бесікке салғанда не істейді, тұсау кескенде не істейді? деп ойлайсыңдар,көз алдарыңа елестете отырып, өз ойларыңды жазыңдар.

–         Қай топтың оқушылары жазып болды, топтарыңда жұптарымен оқиды. Жұптасып оқып болғаннан соң топтарында талқылайды, ортаға әр топтан бір-бір оқушы шығып автор орындығына отырып, оқып береді.
–  Балалар, салт-дәстүрлерге тағы нелер жатады?


Оқушылар жауаптарын топтастырады.
Слайд арқылы салт-дәстүрлерді топтастыру.
қыз ұзату
баланы атқа мінгізу

тұсау кесу                  салт-дәстүр

бесікке салу

 

–      Сенің ойыңша бұл қай салт-дәстүр?            Шілдехана
–     Оған дәлелің қандай?
–     Енді халық ауыз әдебиетінен алынған «Бесік жыры мен Тұсау кесу жырын» оқып көрейік.

ІІ. Мағынаны тану.

Өлеңді өзім нақышына келтіре дауыстап, оқып беремін. Оқушыларға іштей, дауыстап оқытамын. Тізбектей оқытамын.
Әр топтан екі-екі оқушыдан мәнерлеп оқып шығады.
Сахналық  көрсетілім. Әр топ өз аттарына сай салт-дәстүрдің түрін сахналап көрсетеді. Бірінші топ «Бесікке салу» рәсімін, екінші топ
«Тұсау кесу» рәсімін көрсетеді.
Мұғалім мұнда сахналық көрініске қажетті құралдарды алдын-ала даярлап қою қажет.

ІІІ. Ой толғау.
«Араласқан мәліметтер» стратегиясы. Слайдқа салт-дәстүрге байланысты сөздерді тізбектеп жазып қоямын, соның ішінен екі топтың оқушылары, өз топтарының аттарына қатысы бар сөздерді тауып дәптерлеріне жазады.
Жөргек, шүмек, ала жіп, көк шөп, түбек, тоқ ішек, жастық, көрпе, жаялық, дәптер, қайшы, ат, қамшы, тарақ, кітап, айна, қол бау.

Бағалау. Кері байланыс жасау. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлері қандай? екенін білу үшін балаларға алдарыңда жатқан параққа аттарын жаздыртып, жақсы көңіл күйде болса күліп тұрған баланың астына апарып  жапсыратынын, ал көңіл күйлері жаман болса мұңайып, ренжіп тұрған баланың астына апарып жапсыратынын айтып түсіндіру.
Осы арқылы баланы бағалау.
Үйге тапсырма. Үлкендердің айтқан осындай жырларын білсеңдер, жазып келіңдер

Check Also

Тарих-9. Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы.

Сембаева Алия. Жамбыл облысы Шу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі. Үй …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.