Бастауыш. Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін пысықтау.

Тарбака Жанаргуль. Ақмола облысы Зеренді ауданы Бірлестік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: Екі таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін меңгереді, есептеу дағдылары  артады. Логикалық ойлау қабілеттері дамиды. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиеленеді.
Сабақтың типі: пысықтау
Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы дамыта оқыту
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, бор, кәмпиттер, қима қағаздар. Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз

Сабақтың барысы:                      
Қызығушылықты ояту.
І. Топқа бөлу.
  Параққа жазылған тілектер қыстырылған кәмпиттерден ұнағандарын алады да сол тілектерді бір-біріне оқып беріп, қолдарындағы кәмпиттерін ұсынады, осылайша топқа бөлініп отырады.
Сергіту сәті.
ІІ. Тренинг. Музыканың сүйемелдеуімен  көрсетілген қимылдарды оқушылар бірге қайталайды.
Білімдерін дамыту.
ІІ. «Миға шабуыл» стратегиясы ауызша есептеу жаттығулары.
1. «Математикалық эстафета» ойыны
Екі топтың оқушыларының алдына екі параққа жазылған  көбейту, бөлу амалдарына құрылған есептерді қою. Сол парақтарға жазылған есептерді тез, әрі қатесіз шығарулары керек.
81:3=27                                                    64:4=16
96:12= 8                                                   72:12=6
36∙2=72                                                    48∙2=96

2∙120=240              и                                   3∙120=360
92:4=23                                                    128:4=32

 ІІІ. «Ой қозғау» стратегиясы.
Әңгімелеу. «Ғылымдар патшалығында» әлемді таңқалдырған сарай бар. Онда ақылды, әрі білгір математика тұрады. Осы сарайдың «Тас қақпа», «Күміс қақпа», «Алтын қақпа» атты үш қақпасы бар. Математика сарайына ақылды, білімді, зейінділердің өздері ғана кіреді. Олар сарайдың үш қақпасын өз қабілеттерімен ашып кіреді екен. Бізде осы сарайдың қақпаларын ашып, ішіне кіруге талпынып көрейік. Ол үшін әуелі «Тас қақпаның » тапсырмасын орындауымыз керек.

І. «Тас қақпаның» тапсырмасы:

  1. а) Слайдта берілген тапсырманы орындай отырып, бөліндінің мәнін табады.
Бөлінгіш 42024 1512 12366 325 738 612
Бөлгіш 6 36 9 5 9 6
Бөліндінің мәні 7004 42 1374 65 82 102
  1. 2.     ә) Теңдеуді шеш

120 : а = 240:60                               160 : а = 320 : 80
120 : а = 4                                        160 : а = 4
а = 120 : 4                                        а = 160:4
а = 30                                                а = 40

120 : 30 = 240:60                            160 : 40 = 320 : 80
4 = 4                                                 4 = 4

40∙х=240:2                                       30∙в = 360:2
40∙х=120                                          30∙в=180
х=120:40                                          в=180:30
х=3                                                   в=6

40∙3=240:2                                       30∙6 = 360:2
120=120                                           180=180

 ІІ. «Күміс қақпаның» тапсырмасы:

Оқулықтағы №2 тапсырманы екі топқа беру. Екі топ  өз есептерін оқып, шешуін табады.

1. Есептерді шығар.

а)Автобус 6 сағатта 300 км жол жүрді. Егер машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 10 км/сағ артық болса, онда машина осы уақытта қандай арақашықтықты жүріп өтер еді?

t=6сағ
S =300км
u=10км/сағ
S =?
Шешуі: 300км:6сағ.=50км/сағ.       (50км/сағ+10км/сағ)∙6сағ=360км
Жауабы: 360км жүріп өтер еді.

ә)  Сал өзен бойымен 3000 м қашықтықты жүзіп өтті. Егер өзен ағысының жылдамдығы 3км/сағ болса, онда салдың жүзіп өтуіне қанша уақыт кетті?
S =3000м=3км
u=3км/сағ
t=?
Шешуі: 3км : 3км/сағ=1сағ
Жауабы: 1сағат уақыт кетеді.

2. Өрнектердің мәнін тап. Қима қағазға жазып алдарына беру.
1-топ:

31∙4589-26772:в , мұндағы в=46; 23
31∙4589-26772:46=141677
31∙4589-26772:23= 141095

2-топ:
а:12+6205:17, мұндағы а=3912; 6384
3912:12+6205:17= 691
6384 :12+6205:17=897

ІІІ.  «Алтын қақпаның» тапсырмасы:

Логикалық есептерді шешкізе отырып аяқтау.

1. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
2. Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)
3. Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала: 7 ұл,1 қыз)
4. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам)
5. Жанар мен Анар апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)
6. Екі адам шахматты 2 сағат ойнады.Бір адам неше сағат ойнайды?
7. Қос ат жегілген арба 40 шақырым жүрді.Бір ат неше шақырым жүрді?
ҮІ.Үйге № 6,7 тапсырманы беру, оны түсіндіру.
Кері байланыс жасау. Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма, күннің  астына алдарыңдағы жұлдызшаларды жапсырыңдар.

ҮІІ. Бағалау. Оқушылардың  еңбегін мадақтау, тиісті бағасын қою.

Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.