Алгоритм үғымы. Информатика-9.

Сабақтың АЛГОРИТМ ҰҒЫМЫ (2  сағ)                               9- СЫНЫП.
І тақырыбы: 1-сабақ. «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері.
мақсаттары: 1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;3. Қарапайым алгортмдер құра білу, нәтижесін талдай алу, блок-схемасын сыза білу, ерекшелеп жаза білу;
көрнекілігі: Басаплық  материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультмедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материялдар. Флипчарт (көкпен жазылғандар фч-ға салынады).
түрі: Теориялық сабақ
ІІ барысы:(3 мин) Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІ Жаңа сабақ(20 мин) 1-сабақ лекция.1. «Алогритм» ұғымы.Проблемлық ситуация:

Мына интегралыдық функцияның  х=3 болғандағы мәнін шығара алсыңдар ма?


Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар.

Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Мысалдар келтіру…

2. Алгоритм қасиеттері

  1. айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);
  2. үзіктілік Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)
  3. нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)
  4. жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.
  5. формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек

Мысады: Мына алгоримтді торкөз параққа орындап көріңіз.

1. Клетка қилысына қалам ұшын тиігізіңіз.

2. Жоғары қара 10 клетка сызыңыз.

3. Оңға қарай 5 клетка сызыңыз.

4. Төмен қарай 5 клетка сызыңыз.

5. Солға қарай 5 клетка сызыңыз.

6. Қаламды қағаздан алыңыз.

Сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесі не болып шықты?

Сіз жалаудың суретін салатыныңызды білдіңіз бе?

Салу барысында ойландыңыз ба?

IV Сабақты бекіту(10 мин) Алогритм деген не? Бұл сөз қайдан шыққан?Негізгі қасеттері қандай?Алгоритманың қасиеттеріне сипаттама бер, мысалдар келтір.

«Жарықшам» алгоритмін құрыңыдар:

  1. Көше қиылсында тоқтаңыз
  2. Шамға қараңыз
  3. егер жасыл жанса өтіңіз
  4. егер сары жанса дайындалыңыз
  5. егер қызыл жанса тоқтаңыз
V Сынып жұмысы(12 мин) Тапсырмаларды дәптерге орындаңдар;Оқулықтың 13 бетіндегі №1, 2, 3 тапсырмаларды орындаңдар
VI Үйге тапсырма3 мин. Оқу: лекция бойынша, оқулықтан §1.1-1.3   №4 есеп 13 бет.

Сабақтың жалғасы:

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

4 комментария

  1. Салеметсіз бе? Мен информатика мұғалімінің болшақ маманымын, маған сынып информатика пәнінің толық электронды нұсқасын бере аласыз ба?

  2. Салеметсіз бе? Мен информатика мұғалімінің болшақ маманымын, маған сынып информатика пәнінің толық электронды нұсқасын бере аласыз ба?

  3. Cәлеметсіз бе!сізге көп рахмет!!!!!!!!!!!!!!

  4. Cәлеметсіз бе!сізге көп рахмет!!!!!!!!!!!!!!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.