Тақырыбы: Жаңа формация мұғалімі;

Орындаған: Талдықорған қаласындағы № 9 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тұтқабаева Сәуле Сатыбалдықызы       

Жаңа формация мұғалімі – шығармашыл тұлға
«Басқа халықтардан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек» (А. Байтұрсынұлы)

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру – оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде, білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады.

«ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ – рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін – өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н. Назарбаев.

Осы орайда, біздің басты мақсатымыз бастауыш сатыдан бастап баланың тілін, ой – өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту арқылы, заман талабына сай жан – жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет. Білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылым мен тәжірибеге негізделген жаңа идеялар мен жаңа инновациялық технологияларды зерттеп, оны өз іс – тәжірибемізде қолдану арқылы оқу – тәрбие процесінде шығармашыл білімді тұлғаның дамуына мүмкіндік беріледі. «Инновация» ұғымының (латынша inovatis) аудармасы жаңалық, жаңаша, жаңалықты енгізу деген мағынаны білдірсе, «Технология» – деп оқытудың объективтік факторларының жиынтығын (бағдарламаланған оқыту әдіс – тәсілдері, дидактикалық материалдар, құрал – жабдықтар, т. б) қандай да бір іс – әрекетте нәтижеге жету құралы ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс – әрекеттер жиынтығы. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс – тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс – тәсілдерді мұғалім ізденіс арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарап іріктеп қолданады. Сол арқылы баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйретеміз. «Шығармашылық» деген, ол адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл – ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Шығармашылық – адам ойлауының және өз бетінше әрекетінің жоғары формасы. Шәкірттеріммен оқу – процесін жаңаша ұйымдастыру барысында оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке дара ерекшеліктерінің ашылуына мүмкіндік алып, жеке тұлғаны қалыптастыру жолында білім берудің инновациялық – педагогикалық технологияларымен жүйелі жұмыс жасау арқылы барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізудемін.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттар орындалу тиіс.
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу;
Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;
Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс – әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз — оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін, қиялын, дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады.

Бақылаудың орнына ынталандыру;
Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру;
Ауыстырудың орнына сенім білдіру;
Үгіттеудің орнына түсіндіру;
Жоюдың орнына тегістеу;
Басқарудың орнына қатысу;
Мәжбүрлеудің орнына таңдау;
Айғайлаудың орнына әзілдеу;
Кінәлаудың орнына қорғау;
Бұйрық беріп тексерудің орнына
Кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу. Н. Ә. Назарбаев

 

Шығармашылық жұмыстың презентацияларын көшіріп алыңыз

Сынып жетекші модулі

Шығармашылық жұмыс

Шығармашылық конкурс

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.