Биология. Жапырақ.

Балмұрат Жұлдыз Қабиболлақызы. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңкеби ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:  

Мақсаты:

1. Білімділік: Жапырақтың түрлерін, қызметін, құрылысы мен сағақ арасындағы  байланысын түсіндіру.

2. Дамытушылық: Әр оқушының  білімділік, ұжымшылдық  қабілетін ояту, есте сақтау, ой-өрісін дамыту 3.Тәрбиелік: Өзін-өзі басқаруға жетелеу және көпшіл, ұйымшыл болуға баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, тірек-сызба, жапырақтың түрлері, кеппе шөп.  

Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз. Сабақтың әдіс-тәсілі:

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ
Сабақтың пәнаралық байланысы:  әдебиет,музыка,қазақ тілі,география,салауаттану.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру. Слайд 2 Слайд 4

Адамзат баласы жақсылықтың басым көпшілігін жапыраққа теңейді.Табиғат-сүйсінгенде «Айнала жап-жасыл жапырақтар жан-жағыма өң беріп тұр»,өрімдей жастарға қарап, «Жапырақтай жайқалып өсіп келе жатыр екен»,-дейді.Ал үлкендер жастарға бата берсе де «жапырағың жайқалсын»-деп айтады. Тіпті кейде күз мезгілінде сарғайып жерге түскен жапырақты сағынышына балап, сыр бөлісіп жатқан жайларды ақын ағаларымыздың өлеңдерінен көп оқимыз.Мысалы,Мұқағали ақын:  Жапырақ жүрек жас қайың Жанымды айыр бастайын Сен адам бола бастасаң Мен қайың бола бастайын Келісемісің жас қайың деп мұң шағады. Ақынның бұл өлеңі бүгінгі таңда Индира Расылханның репертуарындағы басты ән болып жүр. Ән ойналады. Мұқағали Мақатаевтің «Жапырақ  жүрек жас қайың» музыкамен ойналады. Міне, оқушылар! Адам көркі- шүберек Ағаш көркі -жапырақ десе ақын бұл өлеңінде жапырақты ағаштың тек көркі ғана емес,жүрегіне теңеп тұр. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымызда тіршіліктің тамаша баламасына айналған кішкене ғана жапырақтың үлкен сырларымен таныс боламыз.

2. Жаңа сабақ

Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10 Слайд 11 Слайд 12 Слайд 13

1 тапсырма: Слайд 14 2 тапсырма Слайд 15

3 тапсырма: Шығармашылықпен жұмыс 4 жол өлең шығару Қайың, шырша,итмұрын,түймедақ,қой бүлдірген

Слайд 20 Жапырақтың медицина саласында да өзіндік орны бар.

1. Жүзжылдық. Түнде оттегін бөліп, көмірқышқыл газын сіңіреді, сондықтан оны жатын бөлмеге орналастырған абзал. Ауадағы зиянды бактерияларды жүзжылдық бөлетін фитонцидтер, сарымсақтың бөлетін фитонцидтерінен қарағанда тезірек жойып, бөлме атмосферасын тез арада  залалсыздандырады. Шырынында бактерицидтік қасиет жоғары  болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Күтімі өте жеңіл. Суккулентке жататындықтан, артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.

2. Қайың жапырақтарының емдік қасиеті жайында не білесіз? Қайың жапырықтары ревматизм мен радикулитке  бірден-бір дауа. Тек жапырақтарды жасыл күйінде пайдалану керек. Жасыл жапырақты ауырып жатқан жеріңізге басасыз да, бір сағаттан аса уақыт ұстап тұрасыз. Тағы да айта кетерлік жайт, бұл шипаны жасау үшін мамыр айы мен маусымдағы жапырақтарды пайдалану керек. Жаз ортасында жапырақтар өздерінің емдік қасиетін жоғалта бастайды.Қайың жапырағынан моншада қыздырынып тұрып бу қабылдайтын адамдар үшін жағымды естіледі. Қайың жапырақтарынан жасалған сыпырғылар адам денсаулығына айтарлықтай пайдалы.

4 тапсырма Слайд 21 5

тапсырма:       Сөз жұмбақ

Қорытынды Жайқалтса жасыл желек жапырағын, Ажарланып кетеді-ау атырабым. Табиғаттың осындай сұлулығын Сақтауға барша жұртты шақырамын. Жапырақ қоймасы ғой таза ауаның, Таза ауа қазынасы Жан дауаның Ағаш егіп ұрпаққа мирас етсек, Алармыз бір алланның бір сауабын! Жапыраққа зор мән беріп, қаралық, Жапырақ тұр күн нұрынан нәр алып, Жапырақтан бөлінетін оттегі, Тазартады ауамызға таралып

Бағалау

Сабақтың көрнекті презентациясын көшіріп алыңыз.

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.