Биолгия-6. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Төзаңдану мен ұрықтану.

Балмұрат Жұлдыз Қабиболлақызы. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Мөңкеби ауылы, М. Тәжин атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі.

Мақсаты: 

Білімділік мақсаты: Өсімдіктердің  жынысты тозаңдану мен  ұрықтанудың  құрылысын тереңірек түсіндіре отырып, білімдерін кеңейту.

Дамыту мақсаты: оқушылардың шығармашылық белсенділігінің  дамуын, суреттермен кестелермен  жұмыс істеу біліктілігін  дамыту, өз  бетінше жұмыс жасауға   дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты: Жинақылыққа, зейін қоя білуге өз бетінше ойлануға тәрбиелеу.

Сабақтың толық нұсқасын аса көрнекті презентациясынмен бірге көшіріп алыңыз.

БУНАҚДЕНЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ АЙҚАС ТОЗАҢДАНУ.

а)  Ашық реңді

ә) Эфир майын көп бөлетіндіктен аңқыған хош иісті

б)  Тозаңдары өте ірі, сырты тегіс болмай ілмешікті, төмпешікті жабысқақ тәтті шірне бөледі

в)  Майда гүлдері топтанып гүлшоғырына  жиналған.

(Көбелектер, түкті аралар, жабайы аралар, бал арасы, түн көбелектері, қоңыздар, шыбындар шірнесі және тозаңымен қоректену үшін гүлге қонғанда денесіне жабысқан  тозаңдар аналық аузына түсіп тозаңдануға   себеп болады.

ЖЕЛ АРҚЫЛЫ  АЙҚАС ТОЗАҢДАНУ

а)  Тозаңдары өте майда, жеңіл көп болады

ә)  Аталықтарының жіпшелері өте ұзын және төмен қарай иіліп тұрады. Соққан желге тербеліп, тозаңдарының таралуына  бейімделген. Аналығының    ауызы қауырсын тәрізді үлпілдеп, тозаңды тез қабылдауға лайықтанған.

б)  Гүлдері реңсіз

в) аңқыған хош иісі болмайды. Гүлсеріктері өзгеріске ұшыраған, тозаңының сыртқы қабаты кедір-бұдырсыз тегіс болады. Ол желге жеңіл ұшуға қолайлы. Ұрықтану – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы.

Ұрықтану тозаңданудан кейін жүреді.

Аналық аузына түскен тозаң аналықтан жабысқақ    сұйықтық бөлінгенде жіңішке түтікше шығарып өнеді. Тозаң түтікшесі ұзарып, аналықтың жатынына жетеді.

Жатын қуысында көпжасушалы тұқым бүршігі (бірден бірнеше мыңға дейін) бар. Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым, жатынынан жеміс дамиды.

Сабақтың толық нұсқасын аса көрнекті презентациясынмен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

merekemyrza000

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.