«Жас көшбасшылар-Қазақстанның үміті» (Сыныптан тыс шара).

Түгелбаева Гүлмира. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» ММ, Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі.

Интеллектуалды ойын

Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалды білімдерін шыңдау. Оқушыларды жан-жақтылыққа,елін сүюге,халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық сана, рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Тауды биік деме сен
Талаптансаң шығарсың
Жауды мықты деме сен

Білімді болсаң жығарсың – дегендей бүгінгі «Жас көшбасшылар-Қазақстанның үміті» атты интеллектуалды ойынымызды бастайық. Бұл білім сайысына 7  сынып оқушылары қатысқалы отыр. Олар 1-топ «Жұмбақтас»,      2-топ «Мұрагер»

Ойын барысы:
І кезең  «Ғажайып алаңы» Сайыстың шарты: Экрандағы ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беруі керек.
Мақалды жалғастыр:
1.Аққуды атпа,
Досыңды … !

2.Кітап білім бұлағы,
Білім  …   … !

3. Оқусыз білім жоқ,
…   …   … !

Мектеп тарихы:      
1. Лицей қай жылы ашылды?
2. Лицейдің алғашқы директоры кім?
3. Лицейдің  директоры кім?

Әртүрлі сұрақтар:  
1. Жұмбақты шеш.
Тіріден өлі туады,
Өліден тірі туады.

2. Қазақстан тәуелсіздік күнін қай күні атайды?
3. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі кім?

Информатика:
1. Сыртқы құрылғының жұмысын басқаратын программа қалай аталады?
2. Адамдарға  комьютерде  тек бір істі немесе тек бір міндетті шешуге мүмкіндік беретін операциялық жүйе.
3. Диаграмма шебері қанша қадамнан тұрады?

        Логикалық сұрақтар:
1. Бір жанұяның 5 ер  баласы  бар, олардыңәрқайсысының  қарындастары  бар. Жанұяда   қанша  бала  бар.
2. Бөлмеде 4 мысық  отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық.  Барлығы неше  мысық?
3. Бес жарымтаяқтыңнешеұшы бар?

ІІ кезең. Бұл кім? Бұл не? Бұл кезеңде әр топ тақтада көрсетілген ұпайларды жинай алады ол үшін   ұпайлардың артындағы сұрақтарға жауап беруі керек
10 ұпай. Бұрынғы Кеңес Одағындағы бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды?(1947-1948)
20 ұпай. Алғашқы есептеуіш автоматының авторы ағылшын оқымыстыс, оны қазіргі «компьютердің атасы» деп атайды? (Чарльз Бэббидж)
30 ұпай. Бұл ғалым 17.11.1829 ж Буффало қаласында (АҚШ), неміс эммигранттар жанұясында дүниеге келді. Сурет салу қабілеті болғанменен, сабақ үлгерімі нашар болды. Бұл ғалым 1879ж Колумбия университетін бітіріп, профессор У. Траубриджа ассистенті. 1882-1883 жж Массачусет Технологиялық институтында ұстаз болып жұмыс жасады. Ол алғашқы есепші перфокарталар шығарды. (Герман Холлерит)
40 ұпай. Бұл құралдың жасы  2000-5000 жылдар шамасында. Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак» деп, ал қытайлықтар «суаппан», жапондықтар «серобрян» деп атайды?(Есепшот)
50 ұпай. Бұл ғалым Индианаполис, штат Индианда  8 наурыз  1900 ж туып өсті. Ол 8- сынып бітіріп жұмыс жасауға мәжбүр болды. Ол түнде жұмыс жасап, күндіз техникалық мектепте білім алды. Бұл жас баланың қабілетіне мектептің ұстаздары таң қалды. Оқуды озат бітіріп ол штат Висконсин университетіне түсіп, газ компаниясында жұмыс жасады. Марк-1 автоматты машинасын құрастырды.
60 ұпай. Бұл атақты ағылшын ғалымының жанұясында Август Байронның  желтоқсан  жылында дүниеге келді. Оның математикаға қабілетін байқаған Чарльз Бэббидж, өзінің көмекшісі етіп алды. Ол алғашқы программа құрып, алғашқы программист атағына ие болды. (Ада Лавлейс)

ІІІ кезең Капитандар сайысы  «Кім білімді» деп аталады. Әр сұрақ 1 ұпай
Бірінші топтың капитанына

  1. Кб неше байт бар?  (1024 байт)
  2. 640 саны 5 – ке бөліне ме? (Ия)
  3. Ақпаратты қағазға шығаратын құрылғы? (Принтер)
  4. Дүние жүзіндегі ең үлкен мұхит? (Тынық мұхит)
  5. Б. Гейтс алғашқы программасын неше жасында құрды? (13)
  6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіретін перне (Delete)
  7. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
  8. Дүниежүзілік компьютерлік желі? (Интернет)
  9. Ертедегі гректердің есептеуіш құралы? (Абак)
  10.  Ақ параттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)

Екінші топтың капитанына

  1. Адамның көзі мен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?
    (60-70см )
  2. Әріптер мен сандарды енгізетін құрылғы? (Пернетақта)
  3. Жойылған нысандар қайда орналасады? (Себет)
  4. 1 байтта неше бит бар? (8)
  5. Компакт дискіні оқитын құрылғы? (CD-Rom)
  6. Windws деген нені білдіреді? (Терезе)
  7. Меңзерді ң сол жағындағы символды өшіретін перне? (Baskspace)
  8. Компьютердің ауруын емдейтін программа? (Антивирус)
  9. Бірнеше тіл білетін адам (полиглот)
  10. Суыққа ең төзімді  құстар? (қаз бен үйрек)

ІV кезең.  «Тауып көр» деп аталады Екі командаға кодталған сөз беріледі  оны кері кодтап қандай сөз жасырынған екендігін айту керек. ASCII  кодын пайдаланып.

86A0E1 AAAEE8A2A0E1E8EB  – Жас кошбасшы
5061696E74 – Paint
8FA0E1AAA0ABEC

Қорытынды: анықтау үшін әділқазыларды тыңдайық.
Осыдан соң білім сайысының әділқазылар алқасы бағаларын қорытындылап,
Жас көшбасшыларды атап өтеді.
Бүгінгі кештің әсем де әсерлі, әдемі де көркем, есте қаларлықтай етіп өтуіне үлес қосқандарыңыз үшін топ оқушыларына рахмет!

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.