Информатика. Кестелер мен диаграммалар құру.

Түгелбаева Гүлмира. Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» ММ, Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі.

Сабақтың мақсаты: 1) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері  туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;

2) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерлік сауаттылықтарын даыту  ;

3) тәрбиелiк: оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа,  азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Сабақтың түрi: Аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: Математика, Нурк Э. Р., 118-бет, дөңгелек диаграмма; Сабақтың көрнекiлiгi: ДЭЕМ, плакаттар: а) МS Exсel, ә) Диаграмма шебері, б)MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин.

• Оқушыларды түгелдеу;
• Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 5-6 мин.

Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:

Сұрақтар

  1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай?
  2. MS Excel электрондық кестесінің кез-келген ұяшығына мәліметтердің қандай типін енгіземіз
  3. MS Excel электрондық кесте үшін формула дегеніміз не?Кесте ұяшығына формула енгізу неден басталады?
  4. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз;
  5. Берілгендерді пішімдеу

Жауаптар:

  1. MS Excel программасы –кесте тұрінде берілген міліметтерді өңдеуге арналған кестелік процесор немесе электрондық кестелер тобына жататын программа
  2. Мітін, сан, формула
  3. Электрондық кестедегі формула кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық өрнек
  4. • Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.

• Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.

• Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.

• Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.

Жаңа сабақты блум әдісі бойынша бастаймыз

gulmir002

Білімділік Өтілген тақырыптар бойынша қайталау MS Excel программасы  Диаграммалармен жұмыс істеу

Түсіну  Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда             оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Бұл сабақтың ерекшелігі – өткен сабақтарда меңгерген білімдерімізді қолдана отырып, өз өмірімізге, күнделікті тіршілігімізге қатысы бар дүниелерді қолданайық. Excel программасындағы диаграмма термині сандық мәліметердің графиктік түрде бейнеленуінің барлық жағын қамтиды. Графиктік бейнелеу берілген мәліметтер қатары негізінде құрылады. Берілген мәліметтері бар жеке алынған жол немесе бағаннан тұратын ұяшықтар тобы мәліметтер тобын құрайды. Бір диаграммада бірнеше мәліметтер қатарын бейнелеуге болады. Диаграмма деп жұмыс кітабының бір парағына енгізілген графиктік обьектіні айтады. Ол мәліметтер тұрған парақта немесе кез-келген               басқа парақта орналасуы мүмкін. Диаграмма өзі тұрғызылған мәліметтермен           әрқашан тығыз байланыста болады. Егер мәліметтер жаңартылатын болса, диаграммада автоматты түрде соған сәйкес өзгереді.

Диаграмманы тұрғызу үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) қолданылады. Ол стандарты аспаптар панелінде орналасқан диаграмма шебері батырмасының көмегімен іске қосылады. Әдетте диаграмма тұрғызар алдында мәліметтер орналасқан аймақты ерекшелеп алады немесе бұл мәліметтерді Диаграмма шеберінің барысында енізуге болады.

Диаграмма  – бұл  мәліметтерді   талдау   мен салыстыру ыңғайлы болу үшін   кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде  берілуі.

Диаграмма құру үшін келеси шагтарымен 4 қадамнын терезесіне оту керек.
1-қадамда диаграмманың типі мен түрін таңдаймыз да келесі батырмасын басамыз. 2-қадамда диаграмманың қалай көрінетіні шығады. 3-қадамда диаграмма бөліктерінің көрінісін, диаграмма мен аңыз форматын өзгертеміз.4-қадамда диаграмманы қай жерге қою керектігі , яғни жеке немесе мәліметтермен бірге бір парақта орналасатынын анықтаймыз. Түсінікті болу үшін диаграмманы құру жолдарын рет-ретімен қарастырып, олардың типтерімен де танысып өтейік.

MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:

Стандартты ішкі бетіндегі Тип өрісінен қажетті диаграмма типін, ал Вид(түр) өрісінен түрін таңдаймыз және оны Нәтижені көру (Просмотр результата) батырмасы басулы күйде қарауға болады. Дөңгелек диаграмма бүтін нәрсенің бөліктерге бөлінуін көрнекі көрсететін болғандықтан және әр бөлік бүтіннің қандай бөлігін құрайтыны анық көрінетіндіктен оқушылардың таңдауы бойынша осы тип алынды.

Диаграмма құрудың екінші қадамы – мәліметтер аралығын енгізу. Біздің мысалымызда мәліметтерді таңдау әрекеті оларды белгілеу арқылы орындалған еді.

Диаграмма шеберінің үшінші қадамында оған түрлі түсініктемелер (легенда) енгізіп, осьтерді белгілеуге, диаграмманың тақырыбын жазуға, мәліметтерді диаграммада көрсетіп жазып қоюға, т.б. әрекеттер орындауға болады.

Егер диаграмма дұрыс құрылған болса, оның қандай мақсатқа арналғанын анықтау оңай болады. Ол үшін оған берілген, енгізілген мәліметтер анық әрі түсінікті болуы керек.

Диаграмманың орналасуын таңдау үшін төртінші қадамды пайдаланамыз. Диаграмманы орналастырудың екі мүмкіндігі бар: біріншісі – жеке бетке орналастыру, екіншісі – кесте тұрған бетке қатар орналастыру.

Біздің мысалымызда көрнекілігі үшін қатар орналастыру мүмкіндігін таңдаймыз.

Диаграмма құру барысында Кері (Далее), соңынан Дайын (Готово) батырмасын басу арқылы жасап отырған диаграммамызды аламыз.

Диаграмманың сыртқы аймағында шерту арқылы диаграмма мөлшерін өзгерту маркерлерін алып тастауға болады.

Бұл диаграммаға көптеген өзгерістер енгізуге, әрлеуге, т. б. толып жатырған әрекеттер орындау мүмкіндіктерін келесі практикалық сабақта осы диаграммамызды толықтыру арқылы жаттығып, түсінетін боламыз.

Диаграммалардың мынадай типтері болады:

gulmir03

Талдау

MS Excel программасы көбінесе кәзіргі таңда бугалтерия саласында көптеп пайдаланады немесе кез келген мекеме өзінің жетістіктерін график түрінде көзге көрнекі болу үшін өз презентацияланында пайдаланады. 

Пайдалану 1. Тапсырма. Кесте жасаймыз кестеге өздеріңнің І тоқсан мен ІІ тоқсындығы деңгейлеріңді салыстыратын диаграмма құрыңдар

2. Тапсырма.

Пайымдау. Жаңа сабақты пысықтап бекiту, қорытындылау:

Оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады:

1. MS Excel электрондық кестесі мен MS Word мәтіндік процессорының айырмашылығы қандай?

2. Диаграмма не үшін қажет?

3. Диаграмманы тұрғызу жолдары қандай?

 

Жауаптары:

1. MS Word – мәтіндік құжаттармен, ал MS Excel кесте түрінде берілген мәліметтермен жұмыс істеуге арналған.

2. Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің бір түрі.

3. MS Excel программасында диаграмма құрастыруды оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып (А2:В5), >Вставка(Енгізу) >Диаграмма… әрекеттерін орындау арқылы немесе саймандар тақтасындағы Диаграммалар шеберін қосу арқылы орындауға болады.

Оқушылар MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме.

 

Нені білетін едік: MS Excel электрондық кестесінің қызметтерін, атап айтқанда кестеге мәліметтер жазуды, формулалар мен түрлі есетеулер жүргізуді, функциялармен жұмыс істеуді.

Осы сабақта не түсіндік: Диаграмманың мәліметтерді көрнекі кескіндеу тәсілі екенін және оны Диаграмма шеберінің көмегімен қалай құрастыруға болатынын. Келесіде нені білуіміз қажет: Диаграммаларға түрлі өзгерістер енгізіп, әрлеу жұмыстарын жүргізуді.

 

 

Оқушылар білімін бағалау: 2-3 мин.

Оқушылардың жауаптары мен белсенділіктеріне және жұмыс орындау қорытындылары бойынша бағалар қойылады, сабақ көлемінің мөлшеріне байланысты тест және карточкалық сұрақтар пайдаланылған жоқ.

Үй тапсырмасы

Әр оқушы өзінің бір аптадағы уақытын қалай өткізетіндегі туралы кесте жасауы және қысқаша жазылған конспект мен оқулық бойынша §24,1 дайындалулары қажет.

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.