Сабақта танымдық қызығушылықты дамыту

Бахтыбаева Қарлығаш Мырзабекқызы. ШҚО, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебі, Информатика пән мұғалімі

Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогресстердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ.
ХХІ ғасыр информациялық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте-ақ Республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынды. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізу, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Компьютерлік технологияны қолдану оқытуға арналған программалық жабдықтарды (электрондық оқулықтар т.б.) сабақта тиімді қолдану пән мұғалімдерінің мол тәжірибесін, ізденісін, әдістемелік шеберлігін қажет етеді.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты – өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу.
Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет і  іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Мектеп оқушыларына информатика пәнін оқып – үйретуде танымдық қызметіне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісі айрықша түрде ұйымдастырылуы тиіс.

Ал бұл білім жүйесінің заңды нәтижесі ретінде қажет болған жағдайда алған білімін ( дағдыларын, шеберліктерін) қолдана алатын жеке тұлға болып саналады.
Қазіргі оқыту үрдісінде оқушыларға көптеген мағлұматтарды беру қиындап барады, тіпті мүмкін емес деуге болады. Сондықтан оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттырып, олардың оқуға, жаңа тақырыпқа деген ынтасын көтеру керек.

Мұны шешу үшін оқушы кез келген әдіспен берілген дайын білімді жаттап алуға бағытталған селқос тыңдаушы ғана болмай, керсінше, ол өзіне керекті жаңа білімді үлкендерден сұрау, кітапхана, Интернет әлемі арқылы іздеп, қажет болған жағыдайда оны қолдануға ұмтылуы тиіс. Мысалы: Оқушы жаңа білімді бекіту мақсатында, жақсы баға алу үшін өз бетінше, не өзінің сыныптастарымен, не топпен жұмыс істеу керек делік. Өз бетінше жұмыс істеу барысында өтілген материалды еске сақтаудан басқа жаңа еске сақтаудың түрлері қойылады – көзбен көру, есту қайталау т. б.

Әртүрлі информатика терминдерін түсіну арқылы оқушының қызығушылығының өсуі мен белсенділену барысында логикалық ойлауы дами түседі, пәнге деген қызығушылығы артады. Оқушылардың танымдық қабілетін, қызығушылығын арттыру үшін мұғалім оқу үрдісінің негізінде тақырыпты оқытуда қызығушылықты арттыруға көп көңіл аударғанда ғана оқушының логикалық ойлау қабілетін қажетті деңгейде дамытып, соның нәтижесінде білімнің қаншалықты маңызды да, нәтижелі болғанын көреді.

Мектеп оқушыларының информатика пәнін оқып-үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық оқушылардың компьютерде болып табылады. Ол балалардың ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады. Бала компьютердің досына әрі көмекшісіне айналады. Компьютер арқылы оқушы дамиды, әрі дүние жүзімен байланысуға мүмкіндік алады. Бірақ та күн өткен сайын балалардың компьютер тұрмыстық құралына айналып, қызығушылық күшімен ойлары жоғала бастайды. Оқушы компьютерге көп отырғаннан компьютерге деген қызығушылығы төмендейді.

Сондықтан мен бұл тақырыпты факт ретінде алып, оқушылардың қайтсе де компьютерге деген қызығушылығын бір қалыпты ұстауға тырысу. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану:
І. Оқушылардың көзқарасын өмірмен байланыстыру
II. Проблемалық жағдай тудыру немесе жұмбақтау әдісі
IV. Стандартты емес немесе логикалық есептерді шешу әдісі
III. Рөлдік, іскерлік,сайыстық, ойындар өткізу
Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу. Кейде қорытынды сабақтар барысында оқушылардың назарын соңына дейін аударту мүмкін емес. Сол кездері әртүрлі ойындар мен танымдық сайыстар өткізу өте тиімді.
Мысалы: «ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Миллион кімге бұйырады», «Ғажайыптар алаңы», «Білім биржасы», «Қарлы кесек» т. б

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.