Химия. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыс.

Кончибаева Динара Рахметуллаевна. Жамбыл облысы6 Шу ауданы, Төлеби ауылы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы, химия мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
1. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі, құрамы, алынуы мен қасиеттері жайлы білімдерін бекіту.
2. Қышқылдар, негіздер, оксидтер, тұздар жайлы білімдерін тереңдету. Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамыту.
3. Химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері:
І   бөлім – “Полиглот”
ІІ бөлім – “Бейорганикалық қосылыстардың жіклеуі”
ІІІ бөлім – “Ой шақыру”  (Деңгейлік тапсырмалар)
ІV бөлім – “Кім жылдам”  (“Сәйкестендіру” тесті,
“Перфокарта”, “Пинг-понг” ойыны.)
V  бөлім – 1. “Химиялық лото”

2. Проблемалық сұрақтар

“Химия адам ісіне кең құлаш жаюда, қайда қарасақ та, қайда көз жүгіртсек те көз алдымызда химия жетістіктері”
М.В.Ломоносов

Сабақтың түрі: бекіту сабағы
Сабақтың  барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушылардың білімін жан-жақты тексеру

Оқушыларды төрт топқа бөлу.

І топ: “Оксидтер”
ІІ топ: “Қышқылдар”
ІІІ топ: “Негіздер”
ІV топ: “Тұздар”

полиглот:

1. Металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын заттар?
2. Нәруыздың мономері?
3. Суда еритін негіздер қалай аталады?
4. Екі элементтен тұратын біреуі оттек болып келетін қосылыс?
5. Альдегидтер тотыққында не түзіледі?
6. Азот қышқылының тұздарын қалай атайды?
7. Ізбестасты қыздырғанда бөлінетін газ?
8. Денесінде қышқыл бар жәндік?
9. Сұйық майда болатын қанықпаған қышқыл?
10. Кір сабындағы қышқыл?
11. Сірке қышқылынан жасалатын дәрі?
12. Аккумуляторға құятын сұйық зат?

Check Also

География -10. §52 Ресей халқы, еңбек ресурстары.

Мырзакулова Мереке Сейсеналиевна. Жамбыл облысы Шу қаласы Төле би орта мектебінің география   пәні мұғалімі. «Гүл сыйлау» …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.