В (2саб. Гг..) дыбысы мен әрпі. Вокзал.. (Әліппе 1-сынып 2-сабақ).

Талғаткызы Назгүл. Павлодар қ. К.Бекхожин атындагы №12 жалпы орта білім беру мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі. Вокзал..
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жаңа әріппен таныстыру, буын арқылы талдау жасату.
2. Сауаттылыққа тәрбиелеу, мәтінді сын тұрғысынан меңгерту.
3. Қиялын дамыту.
Ақпаратты құралдар: Дидактикалық материалдар,Әліппе-плакат,жұмбақ, сурет, кеспе әріптер.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Топтастыру( кубизм), құрастыру, көрнекілік, сұрақ-жауап, 5жол өлең.

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылар назарын сабаққа аудару.
ә) топқа бөлу.
ІІ. Өткен сабақты сұрау: Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды топтастырып бөлу.

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ

Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар. Буындар.

-Кестеге қарап көз жеткізу. Соңғы сабақта қай әріппен таныстық?
-һ әрпімен таныстық. Ол қандай дыбыс? – һ дыбысы дауыссыз дыбыс.
Һ –дыбысы сөздің тек ортасында ғана айтылады.

Салыстыру: х дыбысымен һ дыбысын. Қаһарман мәтінін тізбектеп оқыту.

Мәтіннің мазмұнын әңгімелеу. Бағандағы сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Сергіту сәті:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.

Жаңа сабақ. 1.» Құпия жұмыртқаны» ( киндер сюрприз) ашу. Ішінен 1,3 сандарын және кішкене қағаз шығады. Қағазға жұмбақ жазылған. Қосылса 1,3 арасы, қандай әріп қарашы? Шешуі: В дыбысы.

Құрастырмалы көрнекілік бойынша жұмыс: Мына суреттегі ваза, вокзал, велосипед сөздері қандай әріптен басталған?

В дыбысының баспа, жазба түрлері көрсетіледі. Вдыбысы қандай дыбыс? Неге? Буындармен танысу, одан сөз құрастыру және оқу.

Жасырын сөзді, амалдарды есептеп шығару арқылы , жаңа тақырыпты шығару.

А 9-4 5
Л 2+7 9
О 3+4 7
З 10-6 4
В 6+4 10
К 6-6 0

 

10 7 0 4 5 9
В О К З А Л

Суретпен жұмыс «Вокзалда».
1.Суреттен не көріп отырсыңдар?
2.Онда болғандарың бар ма?
3. Вова вокзалға не үшін келді?
4. Оған папасы не әкелді?

Сұрақтарға жауап алып мәтін құрастыру. Әліппеден мәтінді мұғалімнің оқуы.

Оқушыларға оқыту. Қандай сөз таныс емес? Кейбір сөздердің мағынасын ашу.

Жұмбақ шешу: «Вв».

Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,
Қос сүрлеумен әрі-бері жүр көшіп. ( Вагон.)

Бір атым бар –құлын болып тумаған,
Құнан болып өспеген. ( Велосипед.)

« Хош келдіңіз» -ұраны,
Бір сөнбейді шырағы.
Жұрттың бәрін қарсы алып,
Шығарып сап тұрады. (Вокзал.)

Дәптермен жұмыс. Вв дыбысын бір жолға көркем етіп жазу. Тақтаға салып көрсету, ауада жазу, дәптерге жазу.

Сөздік диктант. Ваза, хат гауһар, вагон, хабар, витамин.

Бір сөзді алып, дыбыстық талдау жаса.

Үйге тапсырма : Мәтінді оқу, дәптердегі жазуды аяқтап келу.

Қорытынды: 5 жол өлең.

1. Зат есім. Вв дыбысы.
2. Сын есім. Дауыссыз, ұяң.
3. Етістік. Оқимыз, жазамыз, естиміз.
4. Сезімді білдіретін сөздер: велосипед, ванна, ваза, вокзал.
5. В дыбысы.

Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Сабақты қорыту.

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Г г дыбысы мен әрпін меңгерту, сөзге дыбыстық талдау жасату, сөздерді буынға бөлгізу, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйркту, сөздік қорын, тілін дамыту, Г дыбысына қатысты сөздерді сауатты оқуға, жазуға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, көгершін, гүл, әртүрлі суреттер, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.

Парта саған төсек емес жатуға,
Түзу ұста, тік отыр сен партада.
Бойды түзе, көтер басты жоғары,
Сымбаттылық болсын сенің бойында.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Өткенде қай дыбыспен таныстық?
– Й й дыбысы мен әрпі.
-қандай дыбыс?
-Жіңішке дауысты дыбыс.

Ережені еске түсіру.
Дыбыс деген не? Әріп деген не? (Дыбысты- естиміз, айтамыз, әріпті- көреміз, жазамыз, оқимыз).

«Шебер қолды әжей» мәтінің тізбектеп оқытамын.
ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөзжұмбақ шешу.

1. Жетіден кейін сан.
2. Түнде ұшатын құс.
3. Ешкінің төлі.

с е г і з
ү к і
л а қ

-Гүл дегенде бірінші қандай дыбыс стіліп тұр?
-г г дыбысы.
-Бүгінгі біздің танысатын әрпіміз…. (хормен айту)
-Г-г-г
-Айтылуына қарай қандай дыбыс?

Дауыссыз дыбыстарды көк текшемен белгілейміз. Дауыссыздардың үйіне саламыз.
Баспа ,жазба түрімен таныстыру.
Баспа түрімен қайда жазылады?
Жазба түрімен қайда жазылады?

ІҮ. Оқулықпен жұмыс.

1. Г дыбысына байланысты суреттер көрсету. Суреттер бойынша сөйлету.
2. Буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату.

Гүл – 1 буын, 1 дауысты, 2 дауыссыз дыбыс бар.

-Гүлді сендер жақсы көресіңдер ме?
-Мереке, мейрамдарда ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға гүл сыйлаймыз.

Гүлдің түрлері өте көп.Түстері әртүрлі болады. Гүл хош иісті, әдемі болады. Гүл адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Көңілімізді көтереді.

1. «Ай мен әтеш» мәтінің мәнерлеп оқу.
2. Тізбектей оқу.
3. Шығарманың қай түріне жататынын айту.

Ү. Сергіту сәті.

Жел улейді:у-у
Құйын келіп билейді:зу-зу
Қатты-қатты жел соқты:гу-гу
Жапырақтар қол соқты: ду-ду.

ҮІ. Дәптермен жұмыс.

1. Жазба әріптің үлгісін тұтас көрсету.
2. тақтада жазу.
3. Ауада жазу.
4. Көзді жұмып жазу.
5. Дәптерге түсіру.

Сергіту сәті. «Гүл өсірем үйде».
Гүл өсірем үйде
Су құямын күнде.
Гүл күткенді біледі
Бойын сылап күледі.
Күнде гүлін ашады,
Жұпарын маған шашады.

«Ер қанаты-ат»тақырыбындағытірек суреттерді пайдаланып, оқушыларды әңгімеге, сөйлем құрауға тарту.

ҮІІ. Тірек- сызба бойынша сөз ойлап айту.

1-топ                                       2-топ                                                   3-топ

Бекіту. «Не өзгерді?» ойынын ойнату. Қ-ғ к-г дыбыстарын салыстыру арқылы сөздегі орындарын анықтап, дауысты ы,і дыбыстарының жалғануына орай қай дыбыс қандай дыбысқа айналатынын табып, сөздерді айту.

Қорытындылау.

Аналарды сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

Г қандай дыбыс?

Үйге тапсырма. Г дыбысы мен әрпін оқу. Жазу. «Ай мен әтеш» мәтінін түсініп оқу.

Бағалау. Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын түсіндіріп, бағалаймын.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

2 комментария

  1. Мугалим

    Рахмет,керемет))Маган улкен комек корсетти:)

  2. Мугалим

    Рахмет,керемет))Маган улкен комек корсетти:)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.