Тақырыбы: Алтын ұя байқауы (сценарии).

Сарсенғалиева Гүлжанат Ғарифоллақызы. Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, М. Өтемісұлы атындағы мектептің Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімі.

Мақсаты:
1. Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насих
аттау.
2. Ата – аналардың мектеппен тұрақты қарым –қатынасын қалыптастыру.
3. Отбасы тарихын және отбасы дәстүріне деген қызығушылықтарын дамыту.

                 Байқаудың жоспарымен таныстыру.
1. Таныстыру. «Сұрасаң менің атым…» отбасымен таныстыру
2. Үй тапсырмасы. «Атадан  қалған қастерлі мұра» көрме түрінде өткізілдеді.Көрмеде отбасының шежіресі, бәйтерегі, отбасы қастерлейтін көне мұра, отбасының өнері бағаланады /3 құнды зат болу қажет/
3. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» Байқауға барлық отбасы қатысады.

4. «Өнерлі отбасы» /ән,жыр,күй,әзіл – сықақ, көркемдік оқу/- бұл байқауға отбасыларының балалары қатысып, тек бір ғана өнер көрсетеді.
5. Психологиялық – педагогикалық жағдаяттарды шешу.Бұл кезеңге тек қана ата – ана қатысады.
6. Салт дәстүрге байланысты сұрақтар.

І. Ұйымдастыру.  Сәлемдесу

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Алтын ұя байқауы » тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз.

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі.Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу- ата-ана міндеті.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі- өнеге жиынтығының жемісі.Ендеше, бүгінгі сайысымызды бастайық.

Мұғалім:
Дүбірле, мектеп, дүбірле
Жақсылық болсын үйіңде
Жүректің әні шалқысын
Көңілдің күйі үзілме
Қуаныш толып жүзіңде
Арындап шапқан ақ боз ат
Арналы жолдан сүрінбе
Жарыста нағыз тұлпарлар
Жеңіске жетер түбінде
Ән салсын да билесін
Алсын жеңіп жүлдесін

Қане, қарсы алайық отбасылар ортаға шықсын

Жүргізуші:
Келіпті не бір саңлақтар
Бас жүлдені алмаққа
Сахнаға асықты
Бір көрініп қалмаққа

Ортаға Тұяқов Қуандық ағаның отбасын шақырамыз

Жүргізуші:
Мінезге бай салмақты
Байыптайтын жан – жақты
Жеңімпаз боп қалмақшы

 Жүргізуші:
Әділдік іздеп талпынып
Тынбайтұғын шарқ ұрып
Қуандық, Клара, Еркем де
Озам дейді талпынып

Құбашевтар отбасын шақырамыз

Жүргізуші:
Темір тұлпар мініпті
Маман болып білікті
Нұржан сынды азамат
Жеңістен ол да үмітті

Ортаға Өтешовтар отбасын шақырамыз.

Жүргізуші:
Ән – күй болып ағылған
Той – думаннан табылған
Аманжол асыл ағаның
Үміті бар орыннан

Ортаға Алибековтар отбасын шақырамыз

Жүргізуші:
Жұмысты терең меңгерген
Жақсылықты жөн көрген
Марат аға тұр құлшынып
Қалмаймын деп сендерден

Ортаға Жұлқашевтар отбасын шақырамыз.

Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Азамат, Балжан, Аңсар, Фариза
Бұл жарыстан қалар ма

Ортаға Жанғалиевтар отбасын шақырамыз

Жүргізуші:
1. Таныстыру
2. Үй тапсырмасы
«Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей, сапар шекпес»

3. Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер
4. Өнерлі отбасы
Көркем өнер – жас бөбек,
Сүйкімді болмас бақпаса
Тортасын алған бал қаймақ
Бойына сылау жақпаса
Үлпілдеген қызыл шоқ
Басына үкі тақпаса
Бөбектер келер өсімтал
Еркелетіп мақтаса
Жамбылдың аты ақын ба
Жылғадан жыры ақпаса!?-дегендей кезекті өнерпаздарға береміз.

5.Психологиялық – педагогикалық жағдаяттарды шешу

Ата-анаға:

  1. Сіздің балаңыз озат оқушы.Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді.Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
  2. Қызыңыз кешкі ас дайындап, ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отыр. Қандай әрекет қолданасыз?
  3. Бала үйге сырттан қатты ашуланып келіп бөлмесіне кіріп шықпай қойды.Сіз не істейсіз?
  4. Балаңыз туған күніне достарын шақырғысы келді. Бұл жағдайды қалай шешер едіңіз?
  5. Үй шаруашылығына байланысты баласын сабақтан жиі қалдыратын ата-аналар туралы пікіріңіз қандай?
  6. «Баламның қарны тоқ, көйлегі көк болса болды.Тәртібіне, оқуына қарайтын уақытым жоқ» дейтін ата-аналарға деген көз қарасыңыз қандай?

Оқушыға:
1.Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
2.Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
3.Сенің сабақ үлгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
4.Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
5.Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
6.Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?

6. Эрудиттер байқауы

1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Жеті қазынаны атаңыз?
/Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл,білім, жүйрік ат
Қыран бүркіт,берен мылтық,жүйрік тазы ит/

2.   1. Қара шаңырақ иесі кім? ( кенже ұл)
 2. Жеті атаны атаңыз?
/Әке,бала,немере,шөбере, шөпшек,немене,туажат/

3.  1. Балаға кім сыншы?  (ата)
     2. Төрт маусымды атаңыз? /Көктем,жаз,күз,қыс/

4.   1. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
2. Үш арсызды атаңыз? /Ұйқы,тамақ,күлкі/

5.   1. Үйдегі алтын қазық кім?  ( ана)
2. Жеті жоқты атаңыз? /Жерде өлшеуіш жоқ,Аспанда тіреуіш жоқ,Таста тамыр жоқ, Тасбақада талақ жоқ,Аллада бауыр жоқ, Аққуда сүт жоқ, Жылқыда өт жоқ/

6. 1. Бес дұшпанды атаңдар?  ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,  бекер мал шашпақ)
2. Баланың аяғына не себепті ала жіп байланады?
 
Қорытынды:
Көгере бер, көркейе бер, өсе бер
Өміріңді еңбек қана еселер
Шыңға шығар шынар болып шарықтап
Парасат пен өнері бар көшелі ер
Бойларыңда от бар екен, байқадым
Жүректерде шоқ бар екен, байқадым
Әрқашанда осы шоқты сөндірмей

Жалындатып шарықтаңдар айтарым дей келе тәрбие сағатымызды аяқтаймын.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.