Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі және оны жою жолдары

Атырау облысы Индер ауданы, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі. Нурланова Гулдана Нурлановна Химия-биология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:   Судың кермектігі  және оны жою жолдары

Сабақтың мақсаты: Судың кермектілігін жан-жақты түсіндіріп химиялық раекция түрінде жазу.Магний және кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

Құралдар мен реактивтер: магний, кальций, әк суы бар ыдыс, индикаторлар, сынауықтар, сіріңке, спирт шам, суы бар құты, әктастар жинақтамасы.
Сабақтың барысы. I. Жаңа сабақты қабылдауға дйындық. Бұрын алған білімді еске түсірейік(8-сынып).
1.Неліктен барлық сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыш болады?
2.Натрий атомының құрылысын сызып, оның тотығу дәрежесін көрсетіңдер.
3.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакия теңдеулерін жазыңдар:
Na→NaOH→Na2SO4→Na2O→Na3PO4
4.Массасы 2,3 г натрийді 100г суда еріткенде алынған натрий сілтісінің массалық үлесін (%) есептеңдер.
5.Тірі организм үшін натрий мен калий иондарының маңызы қандай?
6.Күйдіргіш натр қайда қолданылады?
II. Жаңа сабақты оқып-үйрену
Кальцидің қолданылуын айта келіп, қосылыстарының ішінде кальций оксиді СаО мен кальций гидроксидіне Са(ОН)2 ерекше тоқталу керек. Техникада СаО сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 әк сүті деп аталады. Әк сүтін әктеуге жәнеқұммен қосып кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жұмсайды. Бұл қоспа біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды.
Реакция теңдеуі:
Са(ОН)2 + СО2 = CaCO3 + H2O

Кальций тұздарының құрылыстағы мәні зор. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілеті бар. Мысалы, табиғи гипс CaSO4 * 2H2O, алебастр (CaSO4)2 * H2O. Алебастр ұнтағын суға араластырса, тез қатаятын қоймалжың масса түзіледі. Қатаюы суды қосып алғанда жүреді:

(CaSO4)2*H2O + 3H2O = 2(CaSO4*2H2O)

Әрі қарай судың кермектігі қарастырылады. Кальций және магний тұздары судың кермектігін тудырады. Кермектіктің екі түрі болады, Суда Mg, Ca гидрокарбонаттары болса, уақытша немесе карбонаттық кермектік, ал сульфаттар хлоридтер болса, тұрақты, яғни бейкарбонатты кермектік деп аталады. Кермектікті жою, яғни суды жұмсарту «әдістерімен таныстырады.
III. Алған білімді жинақтап қорытындылау үшін тақырыптың сроңындағы жаттығуды орындау қажет.
§32. 1-4- жаттығулар.
§33. 1-7- жаттығулар.
§34. 1-3- жаттығулар.
Үйге тапсырма. §33. 1-7-жаттығулар, §34. 1-11- жаттығулар, §35 оқып келу. Жұмыс дәптерінен 26-36-тапсырмалар.

 

Check Also

Аудандық олимпиада. ІІ-тур. 2016-2017 оқу жылы.

D есебі 5 бүтін сандар берілген. Осы сандардың арасынан төртеуін таңдағандағы қосындының ең үлкен жəне …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.