Дүниетану. (2 – 3 класс). Мал шаруашылығы.

Бисенова Данагул Сержановна. Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Қалмақ-қырған  бастауыш мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:  
Сабақтың мақсаты:  
1) Мал өсірудің түрлері мен пайдасы және мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығы жайында білімдерін кеңейту.
2) Іскерлік қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3) Еңбексүйгіштікке, іскерлікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі:  Төрт түлік суреттері,  тірек – сызба.
Сабақтың әдістері:   Ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың түрі:    Дамыта оқыту
 
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
  Бағдарлау – мотивациялық кезең
  Ой қозғау.
Мал шаруашылығын өркендетудің негізі не?
Әңгіме – сұхбат. Ауыл шаруашылығындағы егін және мал шаруашылығының қандай байланысы бар?

ІІ. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезең.
1.             Тірек сызбамен жұмыс: danagul002 Қой шаруашылығымен, ірі қара өсірумен, құс шаруашылығымен айналысатын өңірлер туралы әңгімелеу. Мал шаруашылығының пайдасы мен мал тұқымын асылдандыру жұмыстары туралы мағлұмат беру.
2.             Оқулықпен жұмыс.  

2 – сынып 3 – сынып
Мәтінді бөлімдерге бөлу, тақырып қою. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.
Елімізде қандай жануарлар өсіріледі? Үй жануарларының адамға пайдасы?
Мәтінді іштей оқу. Тапсырмаларды орындау.
Мал шаруашылығын механикаландыру дегеніміз не?

 
3.        Шығармашылық тапсырма.
b>  Аяқ киім фабрикасы – мал шаруашылығы – киім тігу ательесі арасында қандай байланыс бар? Мал шаруашылығында еңбек ететін мамандар туралы жазу.
4.        Сергіту сәті Төлдер әнін орындау
5.        Өзіндік жұмыс. Үй жануарларының суретін салу

ІІІ. Кіріктірілген бөлім Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Тест тапсырмалары

2 – сынып 3                   – сынып
1)   Төрт түлік атауларын жаз.
2)   Жылқы малының пайдасы
3)   Түйе «шөл дала кемесі» аталу себебі?
4)   Ауыл шаруашылық мамандарын жаз.
5)   Мал шаруашылығы деген не?
6)   Өз жеріңде қандай мал өсіріледі?
1)   Малға арнап қандай азықтық дақылдар егіледі?
2)   Қазақстанда өсірілетін қой түрлері?
3)   Шипалы сүт өнімдерін жаз
4)   Сүттен жасалатын тағамдарды жаз.
5)   «Құс еті асқазанға жеңіл» деген сөзді қалай түсінесің?
6)   Ұсақ мал қай жерлерде өсіріледі?

Тест нәтижесі жауап парақшасы арқылы тексеріледі. Оқушылар парақты белгілеп, ұпай санын есептейді. Ұпай саны бойынша бағаланады. Өзін – өзі бағалау парағы    2 – 3 сынып

Тапсырмалар Мұғалім берген ұпай саны Оқушының жинаған ұпай саны Баға
1 Шығармашылық жұмыс
2 Тірек -сызбамен жұмыс
3 Оқулықпен жұмыс
4 Шығармашылық тапсырма
5 Өзіндік жұмыс
6 Тест сұрақтары
Барлығы:

Үйге тапсырма : 2 – сынып. Төрт түлік жайлы мағлұматтар жинау. 74 – 77 беттер оқу. 3 – сынып.  Мәтіннің мазмұнын айту, төрт түлік туралы мақалдар жинау. 154 – 155 беттер.

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.