Тақырыбы: Отбасының бала дамуына ықпалы ( ата- аналарға өткізген семинарым).

Жангалиева Конырша Амангелдиевна.  Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылы М.Өтемісов  атындағы мектептің I – санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты: отбасылық оқу сауаттылығы арқылы ойлы оқушы тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері: отбасында баланың ата – анамен бірлесе жүргізген оқу әрекетін ұйымдастыру. Отбасында баланың ой дамуы , шығармашылық жұмысының дамуына мүмкіндік жасау. Өз балаларының  дамуы мен тәрбиесіне әсер етуі.
Түрі: семинар
Әдісі: болжау

Ұйымдастыру кезеңі (топқа бөліну)
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» және «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдері арқылы топқа бөлінеді. Ата – аналарға өлеңнің әр жолы тартылып беріледі. 1 – ата – ана Ғылым таппай мақтанба деп шыққанда, 2 – ата – ана Орын таппай баптанба деп соңынан ілеседі. Міне осылай екі топ құрылады.

Танысу бөлімі  (плакаттар беріледі)
Топтың аты, ұраны.
Отбасы балалары.
Отбасымдағы жаңалығым.
Сүйікті пәнім.
Бүгінгі көңіл – күйім.

Топта ата аналар бір – бірімен сұхбаттасады, ойларын ортаға салады, жұмыстарын қорғайды.

Ата – ана мұғалімнің сенімді көмекшісі.
Балаңыздың үй тапсырмасына қалай көмектесесіз?

1 – тапсырма әдебиеттік оқудан.
1 – топқа «Апа, ай, тон, доп, гүл, күшік « -Бұл тірек сөздер қай көркем шығармадан алынған?
2 – топқа « Үйге сүйіспеншілік кірсін. Сүйіспеншілік болса табыс та, байлық та өзі келеді». Бұл қай көркем шығармадан алынған үзінді?
2 – тапсырма қазақ тілінен.

Екі топқа да  семантикалық карта арқылы дыбыстық талдау беру

Мағынаны ажырату сатысы
Тақтаға Абайдың, ақ беттің жазуы бар беттің  суретін ілу.
Қазіргі берілітін мәтәіннің тақырыбын,  мазмұнын сурет арқылы болжау.

Ата – аналар ақылдаса келе өз ойларын ортаға салады. Мазмұн, ой, идея қабылданады. Мәтіннің бірінші бөлімі беріледі. Ата – аналар оқып өздерінің болжамдарын  мәтінмен салыстырады. Мәтіннің бірінші бөлімінде Абай баласы Әбіштің алымдылығын ақылымен зерттейді.

Ақ зат асыл ма? Абайдың сұрағы
Қара зат асыл ма?
Әбіш                                                                                        Абай
Ақ зат асыл                                                                         Қара зат асыл

Абай өз айтқан сөзін қалай дәлелдейді?
Әбіш не деуі мүмкін?

Ата – аналар өз болжамдарын айтады.
Мәтіннің екінші бөлімі таратылады. Ата – аналар өз болжамдарын мәтінмен салыстырады. Абайдың осы сынағы жайлы ой – пікіріңізді ортаға салыңыз.

Ақындығымен әлемге әйгілі болған Абай бала тәрбиесіне де көп назар аударған. Әбіштің ақыл – ойының дамуын сынап байқаған. Баласының тауып айтқан сөзіне риза болған. Баланың тапқырлығы әкесіннен асып түсті. Өзінен оза туған ұлына шын сүйсінді.

Өз балаңыздың тапқырлығына сүйсінген кезіңіз болды ма? (өз өмір тәжірибесімен байланыстыра отырып ой бөліседі).
Қортындылау.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.