Тақырыбы: Ананың тілі – жүректің үні. (2- сынып тәрбие сағаты).

Жангалиева Конырша Амангелдиевна.  Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Атамекен ауылы М.Өтемісов  атындағы мектептің I – санатты бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты: Ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту, сөйлеу тілдерін дамыта отырып көркем, шешен сөйлеуге баулу.  Кітапханамен байланысты жақсарту. Ана тілін қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көректілігі: тіл, кітап туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер жазып ілу. Балаларға арналған басылымдар, кітаптар көрмесі.
Қонақтар: Оқу ісінің үздігі, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтбаева Тілекші Шайхықызы және ауыл кітапханашысы Жанғалиева София Тілекқабылқызы.

Барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Тәрбие сағатына шақырылған қонақтармен және жоспарымен таныстыру

Тәрбие сағатының жоспары:
1. Кіріспе сөз
2. «Орамал тастамақ» ойыны.
3. Қонақтар сөз алғанда.
4. Әдеби – музыкалық қойылым.
5. Зерделі болсаң биік шыңға жетесің.
6. Қортынды.

Сүйемін туған тілді анам тілін
Бесікте жатқанымда берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген тыныс үнін. –
деп С. Торайғыров жырлвғандай бізге бесікте жатқан күннен бастап құлағымызға сіңген қандай үн?

Бұл әрине, бесік жыры, бізді әлдилеген анамыздың үні, анамыздың тілі. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Бүгін міне, 22 – қыркүйек  Тілдер мерекесі. Мерекелеріңіз құтты болсын!

«Орамал тастамақ» ойыны
Оқушылар  дөңгелене отырып, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы тіл туралы мақалдар мен нақыл сөздер айтады.

1. Өнер алды – қызыл тіл.
2. Тәтті де – тіл, ащы да – тіл.
3. Тіл қылыштан да өткір.
4. Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
5. Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді.

Нақыл сөздер.

1. Жақсы сөз бейне шамшырақ,
Орнаған мықтап көңілге. /Ж. Жабаев/

2. Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады
Сөз – ойдың айнасы. /Ғ. Мұстафин/

3. Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табар. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. Құлаққа жағымды, ойға қонымды келеді. /Б.Момышұлы/

Қонақтар сөз алғанда..
Тәрбие сағатына қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі , оқу ісінің үздігі
Т.Ш. Сейтбаева мен ауылымыздың кітапханашысы С.Т. Жанғалиева қонаққа келді, енді қонақтарды тыңдасақ.

– Тілекші Шайхықызы, сіз 35 – жылдан бері оқушыларға қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, қазақ тілінің қыр – сырын ұқтырып жүрсіз.

Шәкірттерге тіліміздің маңыздылығы мен мәртебесі жайлы айтсаңыз?
Тілекші Шайхықызының сөзі тыңдалады. Тәжірибелі ұстаз өнегелі сөздері арқылы ана тілін ардақтауға үндеді.
Ауылымыздың кітапханашысы С.Т. Жанғалиеваға

Кітаптың бала өміріндегі  рөлі жөнінде және балалар кітаптары, басылымдары туралы айтсаңыз?

Кітапханашы:  Кітап- алтын сандық,  Іші толған қазына құт, оқы, оқы ойыңа тұт. Кітап оқысаң таным көкжиегің кеңейеді, тіл байлығың дамиды.Барлық білім кітапта. Көп білу үшін кітапты көп оқу керек екендігін айтып, жаңадан келген кітаптармен, балаларға арналған басылымдармен таныстырды.

. Кітапханамен үнемі байланыста болуға шақырды.

Әдеби – музыкалық қойылым.
Ән;   «Ананың тілі – аяулы үні»

1. Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.

2. Ақыл – ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.

3. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.

Қойылым: Ең қымбат қазына.

4. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

5. Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

6. Жүзімнің нәрлі нәзік сабағындай,
Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.
Аямай арам шөбін отап отыр,
Таза сақта көзіңнің  жанарыңдай,

Ән:   Үш бақытым

Зерделі балсаң биік шыңға жетерсің.
Ойын   «Әрқашан күн сөнбесін!»
Күн сәулесіндегі сұрақтарға жауап беру.

1. Тіл не үшін керек?
2. Тілдер мерекесі қашан?
3. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
4. Орыс тілін білу қажет пе?
5. Қазақ тіліндегі балаларға арналған қандай басылымдарды білесің?

Қортынды. Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл жеткізе алмасақ, мұны тіліміздің орамсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет. Қазіргі өсіп келе жатқан бүлдіршін  жастардың бір үлкен қателігі бар. Ол мынау: сөйлесе кетсең көпшілігі – ақ мүдіріп, аузына сөз түспей, білген сөзінің өзін бұзып айтып қиналады да қалады. Ана тілінде таза сөйлей алмайтыны, сөйлемдердің басы мен аяғы араласып, сөздері шұбарала келетіні бірден байқалады. Мұның өзі әрине, тілін ұстартуға зер салмағандықтаң белгісі. Тілімізді ұстарту үшін әдеби кітаптарды көп оқып, теледидардан, радиодан сөйлеген дикторлардың сөзіне, ақын, жазушылардың сөз қолданысына назар аударыңыздар.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп, тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – деп ақын Қ. Мырза Әлі жырлағандай ана тілімізді құрметтей білейік!

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.