6 класс. Қазақ тілі. Өздік, жалпылау есімдігі.

Кадргалиева Аякөз Болатқызы. Батыс Қазақстан облысы. Ақжайық ауданы. М. Өтемісов атындағы НЖББ Мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты:
а/ білімділігі өздік , жалпылау есімдіктері туралы,оқушының білім өрісін кеңейтуге бағдар беру.
ә/дамытушылық Оқушының іздену,шығармашылық қабілеттерін өрістету,жүйелі оймен көркем сөйлеуге дағдыландыру.
б/тәрбиелік ақындардың өлеңдері арқылы адамгершілікке ой алғырлық пен тапқырлыққа, топтасып жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі:ойқозғау,СТО,топтастыру,ойын,АКТ.
Сабақтың түрі: сын тұрғысынан оқыту.
Күтілетін нәтиже: Әрбір бала бір жұлдыз, Жарқырауға жәрдем ет!
Біз кез келген оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет.Әр сабақ сайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.

1. Ұйымдастыру бөлімі:
Топқа бөлу.
1 топ жіктеу есімдігі. 2 топ сілтеу есімдігі.
Балалар бүгін біздің класқа қонақтар келіп отыр.Осы қонақтарға және өзімізге сәттілік тілеп сабағымызды бастайық.Ол үшін мына ребусты шешіп алайық.

Нашар баға. екі
Мал атауы. сиыр
Айлакер аң. түлкі
Ағаш атауы. емен
Ондық сан. сексен
Үлкен ана. Әже
Мектеп мүлкі. Тақта

«Іске сәт» сөзін шығарып алдық. Олай болса бүгінгі сабағымызға сәттілік тілеп үйге берілген тапсырмаға көңіл бөлейік.

1. Заттың атын, санын да білдірмейтін есім сөздерге орынбасарлық қызмет атқаратын қай сөз табы. Есімдік
2. Жіктеу есімдігін ата. Мен, сен, ол.

Сағи Жиенбаевтың «Ертең» өлеңі
Тұрам ерте
Шығам ерте үйімнен,
Не қоям мен
Мына қарқын түріммен?
Анау,мынау
Белгілі ғой бәрі де
Қалатұғын не бар дейсің бүгіннен
Күндегі осы
Жең сыбанып,кірісемін құлшынып,
Анау-мынау… бітіп еді әлгі де,
Тағы да бір анау-мынау тұр шығып.

Жаңа сабақ миға шабуыл. Сөйлем оқимын соның мағынасын сұраймын.

1. Күллі Қазақстандықтар тәуелсіздікті қолдайды.
2. Өзіне ешқандай зиян келтірмейді.

Сонымен балалар не байқадыңдар.Бүгін біз сіздермен жалпылау,өздік есімдіктері.
1 топ ішінде өздері ереже айтып түсіндіреді.
2 кітаппен жұмыс 162-жаттығу,165-жаттығу.
3 гүл құрастыру ойыны
4 ойтолғау жазу «Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады» М.Жұмабаев
5 Пирамида тұрғызу тұрақты тіркестер мен өздік,жалпылау есімдігі болу керек.

Блум жүйесі бойынша.

Білім Өздік, жалпылау есімдігі
Түсіну Барша жұрт….Өзімнің есебімше…

Сөз тіркесін сөйлем қылып аяқтаңыз.

 

Қолдану Барлық,бүкіл,өзі,өзіне берілген сөздерді қолданып сөйлем құра.
Талдау Өздік есімдігі мен жалпылау есімдіктерінің венн диаграммасын құрыңыз.
Жинақтау «Өзімнің сыныбым»тақырыбына өздік,жалпылау есімдіктерін қатыстыра отырып шағын ойтолғау жазыңыз.
Бағалау Өздік есімдігі мен жалпылау есімдіктерінің біздің өмірімізде мән-мазмұны қанша? Неліктен?

Оқушылар бір-бірлерін стикермен бағалады,кері байланыс парағын толтырды.
Ноутбуктан «Бәріміз біргеміз,бірге күлеміз» бейне көрніс көрсетілді.Оқушылар көңілдері көтеріліп қалды.
Үйге тапсырма: Өздік, жалпылау есімдіктерін қатыстыра отырып шағын ертегі жазу.
Бағалау

 Сабақтың тақырыбы: М.Мағауин. «Бір атаның балалары»  көрнекті презентация

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.