Дербес компьютер. Компьютердің негізгі құрылысы.

Жасаған: Оразбаев Сейтхан Валиханұлы

Негізгі құрылғылары: Сабақтың толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Ø Жүйелік қорап
Ø Монитор
Ø Пернетақта
Ø Тінтуір
Ø Ақпаратты енгізу құрылғылар
Ø Трекбол
Ø ЭЕМ
Ø Енгізу және шығару қызметтерін бірге атқаратын құрылғылар.  Жүйелік блок – енгізуді шығаруға айналдыру үшін қажет болатын өңдеуші құралдар орналасатын компьютердің негізгі

бөлігі. Осы өңдеуші құрылғыларға жүйелік тақта, ішкі дискіенгізгілер және әр түрлі жүйелік жабдық, соның ішінде бейне тақта мен дыбыстауыш тақталар кіреді.Жүйелік блок (Системный блок; system block) – дербес компьютердің негізгі электрондық құрылғылары (процессор, жедел жад, дискілер жөне контроллерлер) мен қоректендіру блогы орналасқан блок. Бұның құрамында сыртқы мәлімет жинақтауыш, кейде дисплей мен пернетақта да орналастырылады; компьютердің орталық құрауыштары (процессор, жедел жад, көмекші схемалар, қоректендіру көздері және қуыс-орындар) қондырылған аналық тақша орналасқан қорап. Артқы жағында әр түрлі шалғай құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар (порттар), ал алдыңғы бетінде жарық диодтық индикаторлар бар

Монитор немесе дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды және түрлі-түсті болып, ал шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық және графиктік болып бөлінеді.

ЭЕМ – нің экранда мәлімет көрсету бөлігі  екі жартыдан тұрады:

Монитор және адаптер.    Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан. Монитордың өзінде тек электронды-сәулелі түтікше бар. Ал, адаптерде бейнелеу сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.

Кең тараған адаптерлерге мыналар жатады: EGA, VGA және SVGA. (Super VGA) кеңінен қолданылады.SVGA – ның бейнелеу мүмкіндігі өте жоғары.

Сабақтың толық нұсқасын презентациясымен бірге көшіріп алыңыз.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.