WINDOWS жүйесінің стандартты бағдарламалары.

Баймұратова  Жұлдыз Әбенқызы. Алматы  облысы Іле ауданы М.Түймебаев ауылы №20 орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Адамзат үшін XXI ғасыр  жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды меңгеру – бүгінгі мектеп  оқушылары сіздердің  еншілеріңіз.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  оқушылардың  WINDOWS жүйесінің  стандартты  бағдарламаларын қайталау негізінде  білімдерін жүйелеу, ойда қалдырғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді  ұмытып қалуға жол бермеу.  Негізгі заңдылықтарды  есте берік қалдыру,білімдегі олқылықтарды жою.
Дамытушылық:  алған білімді бекіте отырып,  еске түсіру, ойлау  қабілеттерін дамыту, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамыту,  ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік:  эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже  алуға дағдыландыру.
Сабақтың типі:  қайталау сабағы. Білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: 
Сабақтың формасы: жеке, топтық
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті фишкалар

Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі  2мин
Сәлемдесу. Түгендеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, әр оқушының компьютерінің жұмыс істеп тұрғанына көңіл бөлу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты талдау. (Үйден құрастырып келген сөзжұмбақ, ребустарын шешу)

ІІІ. Өтілген материалдарды қайталау
Сонымен оқушылар  біздің бүгінгі  сабағымыз WINDOWS жүйесінің  стандартты  бағдарламаларын қайталау. Яғни, осы кезге дейін WINDOWS жүйесінің  стандартты  бағдарламаларымен және олардың қызметтерімен  таныстық. Енді  бүгінгі сабағымызда  алған  білімдерімізді  бекітеміз.

Бүгінгі сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:

1)    «Бой сергіту»
2)    «Кім жүйрік?»
3)    «Кім жылдам?»
4)    «Ақпараттық диктант»
5)    «Өзіңді тексер!»

Ендеше, WINDOWS жүйесінің  қандай стандартты  бағдарламаларын білеміз?

Paint  графикалық редакторы
WordPad мәтіндік процессоры
Калькулятор бағдарламасы

Осы 3 стандартты  бағдарлама бойынша  слайдтан  еске түсіру  үшін алма ағашынан  алмаларды үзу арқылы  мағлұмат көрсетіледі. Әр алмада  1 сұрақтан жазылған.

Сабағымыздың  2-кезеңі  «Кім жүйрік?»  деп аталады.  Яғни слайдта берілген сұрақтарға   шарларды  жару арқылы  жауап бересіздер.

Шар сұрақтары:

  1. Paint  графикалық редакторының мүмкіндіктері
  2. Paint  графикалық редакторының терезе элементтерін ата
  3. Үзіндіні көбейту пернесі
  4. WordPad мәтіндік процессорында неше меңзер бар?
  5. Калькулятордың бір түрінен екінші түріне  өту әрекеті
  6. WordPad мәтіндік процессоры не үшін арналған?
  7. Пиксель дегеніміз не?
  8. Суреттің бірнеше көшірмесін жасау үшін не қолданылады?

3-кезең.  «Кім жылдам?» Деңгейлік  тапсырмалар.

4-кезең. Ақпараттық диктант.

  1. Paint редакторында  соңғы әрекетті болдырмау  командасы  /Правка-отменить/
  2. Компьютерлік өшіргіш  / Ластик/
  3. Экранда жоқ саймандар  тақтасын орнату  іс-әрекеті  /Вид-панель инструментов/
  4. Сандық режимге көшу пернесі  /Num Lock/
  5. Жаңа жазылған  құжатты  қалай сақтаймыз? / Файл-сохранить как…/

5-кезең. «Өзіңді тексер!» Компьютерде тест жұмысын  орындау.

IV.  Үй тапсырмасын беру.

WINDOWS  жүйесінің  қандай стандартты  бағдарламаларының  элементтері  бойынша сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.

V. Білімді бағалау.  Сабақта белсенділік танытып, жинаған түрлі-түсті фишкалары арқылы, деңгейлік тапсырмаларды  ұқыпты орындау  шеберліктеріне қарай, компьютерлік  тесттің  қорытындысы бойынша  барлық  ұпайлары есептеліп, бағалау  жүргізілді

Check Also

Аудандық олимпиада. І-тур. 2016-2017 оқу жылы.

A есебі N саннан тұратын А сандар тізбегі берілген. Осы сандар тізбегін кері ретімен шығару …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.