ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛ пәнін оқытуға арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Туякбаев Ерсайын Қуандықұлы. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қызылағаш ауылы Қызылағаш орта мектебі КММ, Информатика пәнінің мұғалімі.

ТҮСІНІК ХАТ

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ұстаздарға жүктелген үлкен міндет. Оқыту үдерісінде болып жатқан тың өзгерістерге орай ұстаздар қауымы да өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырулары керек. Елбасымыздың көреген саясатының арқасында еліміздің әр өңіріндегі ұстаздар үш айлық біліктілікті көтеру курстарында өз білімдерін жетілдіріп, оқыту үрдісінде жаңаша оқытудың әдіс – тәсілдерін үйреніп жатыр. Бұл курстың кез – келген деңгейін оқып тамамдаған ұстаз оқыту үдерісіндегі қалыптасқан дәстүрлі көзқарасынан арылып, жаңаша, яғни сыни көзқарас қалыптасытырып, білім беруге деген ынтасы артып, оқыту үдерісіндегі әдіс – тәсілдері өзгереді. Мен де Алматы
қаласындағы ББЖҚ БАРИ «Өрлеу» институтының ІІ (негізгі) деңгейінде өз білімімді жетілдіріп, алған білімімді іс – тәжірибеде қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артатындығын байқадым. 7 сыныпқа арналған ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛ пәнін оқытуда қолдануға болатын ОМСЖ (орта мерзімді сабақ жоспары) және ҚМСЖ (қысқа мерзімді сабақ жоспары) үлгі негізінде жасалған әдістемелік нұсқауымды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын. Бұл нұсқаулық курс барысында оқытылатын сабақты жаңа үлгіде жоспарлауды үйренуге және оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттыруға да көмектеседі. Әр ұстаз сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдерді, сабақтың мақсатын, өтілу барысын және уақытты өзінің қалауы бойынша өзгертіп құруына болады.

 КУРСТЫҢ МАҚСАТЫ

Информатика пәніне бөлінген сағат санының аздығынан оқушылар логикалық амалдар мен арифметикалық есептеулер тақырыбын меңгеріп, оны тәжірибе барысында пайдалануда көптеген қиындықтарға кездесіп жатады. Осы қиындықтарды жою үшін бұл курстың маңыздылығы жоғары. Курстың негізгі мақсатына келетін болсақ, ол оқушылардың логикалық есептеулерді, санау жүйелерін оқыту үдерісінде теорияны практикамен ұштастыра отырып, толық меңгерулеріне мүмкіндік туғазады. Математика пәнімен пәнараластық байланыс болғандықтан, математикалық есептеулерді шешуде көп көмегін тигізеді. Әр тақырыпты меңгертуде күнделікті өмірлерінде пайдалануларына көп көңіл бөлінеді

КУРСТЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ

         Курс нәтижесінде оқушылар санау жүйесінің шығу тарихы, түрлері, логикалық амалдар, арифметикалық есептерді шығаруда тиімді жолдарын меңгеріп шығады. Бұл курстағы тақырыпты меңгерген оқушылар Паскаль сияқты күрделі бағдарламалау тілін меңгеруде көп жеңілдік болады. Себебі, логикалық амал, есептің алгоритмін, құрылымын, шығару тәсілдерін меңгеріп шығады.

 Оқу курсының
орта мерзімді сабақ жоспары

Оқып үйренудің негізгі мақсаттары Оқыту үдерісінде қолданылатын әдіс – тәсілдер Информатика сабағындағы қиындықтарды жеңу Оқып үйренудің нәтижесі Үйрену мақсатындағы бағалау Сыныптағы оқушылардың толық қамтылуы (дарынды және талантты) Негізгі дерек көздері
1 сабақ. Тақырыбы:Логика
Мақсаты және күтілетін нәтиже:
Білу:Логика жайлы, логика ғылымын зерттеген ғалымдар жайлы біледі.
Түсіну: Логиканың негізгі қызметін түсінеді.
Қолдану:Логиканы  іс – тәжірибеде  пайдаланады
Талдау: Логикалық есептеулерді салыстырады.
Жинақтау: Логика  жайлы білімдерін дамытады.
Бағалау:Алған білімді күнделікті өмірде пайдаланады


Электрондық оқулықты көру
ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛ

Басқару(тренингтер  шаттық шеңбері, тілек тілеу) 

ДЖИКСОЛогика түрлері негізінде бөлінеді.

АКТ
Таныстырылым (логиканы зерттеген ғалымдар)
 
Кестемен жұмыс
 
Ой баспалдағы
 
Ой толғаныс

Өзін өзі реттеу
 
Топтық, жұптық жұмыс
 
Кері байланыс
Рефлексия

Теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра білуі,
Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау
Бір – бірінің пікірімен санаса отырып, бірлесе жұмыс істеуге баулуОй өрістерін кеңейту.Кесте арқылы танымдарын зерттеу

Қызығушылықтарын арттыру

Жаңа білімді қалыптасытыру

Тіл байлықтарын жетілдіру, өз ойларын еркін айтуға үйрету

Крийтерилер негізінде бағалау.

Екі жұлдыз бір тілек, бағдаршам арқылы бағалау

 Деңгейлік тапсырмаарқылы ойларын жетілдіру үшін, әр түрлі тапсырмаларды орындату

Ойларын қорытады

Үлестірмелі парақинтер белсенді тақта

ноутбук немесе компьютер

Толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.