Қазақстанның болашағы-қазақ тілі.

Нартаева Сара Табанқызы. Қостанай обылы . ММ «№10 мектеп-гимназиясы». Рудный қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көтерілген мәселені екі жақты қарастыра білу икемділігін қалыптастыру.Өз пікірін дәлелдеу үшін ізденуге үйрету.(Қосымша әдебиет,баспасөз материалтарын,интернет жүйесі)
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Өз көзқарасын жақтап,қарсыласына сын айта білуге дағдыландыру.Шешендік өнерге баулу. Интелектуалдық  қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Оқушының ой-өрісі  мен дүниетанымын дамыту.
Тәрбиелік:  Қарсылас тобына  құрметпен қарап, сыпайлылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Мәдени, әдеби  сөйлеу әдебін  меңгерту,мәдениеттілікке  тәрбиелеу.
Сабақ  әдістері: ойын , проблемалық ізденіс әдістері.
Сабақтың  түрі: ойын -пікірталас.
Көрнекілігі: бейнеролик,қиылыс сұрақтар,жақтау және даттау тобының кейсі,сөздіктер,диограммалар.
Оқыту үрдесінде дебат технологиясының тиімділігі  мол.Коммуникативтік ,ақпараттық мәселені шеше алу құзіреттілігін дамытуда дебат технологиясы таптырмас құрал.Бұл технология тұтастай нәтижеге бағытталған.Ол арқылы сабақтастық жалғасып,жоғары сынып оқушылары мен орта буын оқушылары арасында байланыс кеңейеді.Сын тұрғысында ойлау бүгінгі таңда әлемдік деңгейге ие,алғашқы технологиялардың бірі болса,ал дебатты да тиімді статегия деуге болады.

Осы орайда,сіздермен дебат технологиясын қолданудағы өзімдің іс-тәжірибемізді бөліссемк  дейміз.

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілі» тақырыбында өткен сабақтың мақсаты-қазақ тілінің болашағына байланысты өзекті мәселелер жөнінде ой қозғап,пікірталастыру.

Ойын  шарты: Ойыншылар 2-топқа бөлінеді.
1-ші Жақтау тобы  3 спикерден тұрады
2-ші Даттау тобы   3 спикерден тұрады

Нартаева Сара Табанқызы жақтау тобымен.

Ж .1– спикердің міндеті өз тобын  таныстырып, қарарын, дифинициясын айтып, қазіргі жағдайдағы  өзекті мәселені  ұсынады /статус кво/.Кейісінде  статус  кво-ны   Себептерін  деректер  келтіріп  дәлелдеп, одан шыққан проблемаларды айтып түсіндіреді  содан  соң  шешу жолдарын ұсынады .

Д. 1-спикері  жаңа мәліметтер бермейді, қарсы топтың көтерген мәселелерін даттайды.Қарсылас топтың  оргументтерін жоққа  шығарады.Қиылыс  сұрақтарға жауап  береді.

2-ші спикер  жақтау  тобының  міндеті 1-ші  спикердің көтерген мәселесін  толықтырып  дәлелдейді, қарсы даттау тобының спикерімен келіспейді.

Қиылыс  сұраққа  жауап  береді.

2-ші  спикер даттау тобының, оның міндеті қарсы  топтың  спикерлерін даттау .Қарсылас топтың аргументтерін  жоққа шығару.

3-ші спикердің  міндеті  өз тобына сараптама  жасау.

Топ ойындарының стратегиясы.

Әр спикерлер  5-10 балмен  бағаланады. Жақтау –егер  даттау өз қызметтерін   атқара  алмаса  жеңген болып  есептеледі. Жақтау егер өз көзқарасын  дәлелдей алмаған  жағдайда  жеңілген болып  есептеледі.  Қай топтың  балы көп  болса  сол  жеңеді.

Қарар: тақырып
Дефиниция- сөздерге анықтама беру
Қайнар  көзі: керек материалдар: газеттер,журналдар, интернет жүйелері  тағы басқалар.
 Статус  кво-қазіргі  жағдай.
Кейс екі бөлімнен тұрады.Негіздеу  және  жоспар.      
1-шіге Негіздеу  статус кво жатады.                
2-шіге  жоспар, ол  төрт  бөлімнен  тұрады.Поблема,Себептер,Шешім,Салдар.

Проблема– Жақтау тобы  қазіргі  бар  проблеманы  дәп  басып  көрсетуі  керек.Бұл  топтың  біздің  қоғамдағы,  арамыздағы  нақты  келеді проблеманы  таңдаған  жөн!  /Проблема  проблемлық  және  зияндылық  критериилеріне  сәйкес  болу  керек/.

Себептер-Себеп  неде? Қалыптасқан   жағдай /slalus quo/ қаншалықты  дәрежеде  суреттелген  проблеманың  себебі болып  табылады./ себептер  ажырамастық криитериіне сәйкес болу керек/

Шешім-Не  жасалу  керек?Жобаны  қабылдаудан проблема  шешіле немесе кешірей  алады  ма? /Шешімділікке-не сәйкес болу  керек/

Салдары-Қабылданған  жобаның зиянынан  пайдасы  жоғары болады  ма?Жобада кемшіліктер көп пе әлдеартықшылықтар  көп  пе? /жағымдылық  кр-не  сәйкес  келуі  керек.

 Оқушылардың ойын барысындағы кейіс үлгілерін ұсынып отырмыз.
Аса құрметті опоненттер ,Таймкипер,төрешілер
Мен Жақтау тобының 1-ші спикері Влад.
2-ші спикерім Павел мырза.
3-ші спикерім Мұрат мырза.

Біздің бәрімізге ортақ қарарымыз:  «Қазақстанның болашағы- қазақ тілі.»

Дефиниция.
Қатынас тілі-язык общение
Ұлтаралық-межнациональный
Лайық-соответствует

 Статус  Кво:
Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуға лайық.
Критерий:Қазақ тілі қарым- қатынас жасауға қолайлы.

Мәселе: Бүгінгі таңда тіл мәселесі өзекті  мәселе.1997 жылы 31 шілдеде              ҚР-ның  «Тіл туралы» заңы қабылданды.

«Тіл туралы»   заң 1-тарау.4 –бап.Қазақ  тілі мемлекеттік тілі болып  қабыл-данды.Тіл үйренуде өзге ұлт өкілдерінің талпыныстарының  артуына жағдайлар  жасалып   жатыр   талпыныстар көбейіп  келеді. Өзге  ұлт өкілдерінің  тілге  деген  қызығушылықтары  артуда .

Мынадай  деректерге сүйенсек   жыл   сайын ақпараттарда, газеттерде, журналдарда  тіл  туралы  көптеген  мәселелер  айтылып  жүр,бірақ  шешіліп жатқан мәселер  де аз емес.Мемлекет тарапынан  қаржы  бөлініп,көп іс шаралар   жасалып   жатыр.

Облыс   орталығында  жыл  сайын «Тіл шамшырақтары» сайысы өтеді.
Облыс әкімшілігінен  бөлінетін қаржы  жыл сайын  6 миллион  теңге  бөлінеді осы сайысқа.
Оған қатысушы  оқушылар  саны  жыл сайын  артып   келеді.
Қаламызда Тіл орталығы  жұмыс  істейді, онда  тегін  қазақ  тілін  оқытады.
Себептері: Жеке тұлғаның тілді үйренуіне  мүмкіндіктер  жасау.
2 Елімізде  мемлекеттік  тілдің  мәртебесі артып  келеді.
3 Өзге ұлт өкілдерінің тілді үйренуге талпыныстары ,қызығушылықтары  бар.

Шешу жолдары:

1.Сапалы сөздіктер шығару.
2.Мектептерде қазақ тілі кабинеттерін жабдықтау. (интерактивті тақта, электронды оқу құралдары)
3. Балалардың  жас ерекшеліктеріне қарай  бағдарламалар, кітаптарды көбейту.

Тыңдағандарыңызға рахмет!
Мен  қиылыс  сұрақтарға  дайынмын.

1.Сұрақтар.

1 Ш.Айтматовтың «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ» деген сөзіге  келісесің  бе?
Ия
2.Түсіндіріп берші
Әр ұлттың ана тілі бар, ұлт  болмаса  тіл де  жоқ.
3.Адамның  ана тілін  білуі  үшін ,арнайы заң керек пе?

Жоқ

2. Сұрақтар
1.Ата  заңды  білесің  бе?
Иә
Ата заңда  тіл  туралы  неше тарау бар, неше  бап  бар?Ата заңды білесің бе? 6 Тарау, 27  бап   бар.
Мемлекеттік тілді  білу  парызың  ба?
Мемлекеттік тілді  білу- Қазақстан Республикасының әр  азаматының парызы.
Аса құрметті  ойыншы қауым,төрешілер опонеттерІДаттау тобының 1-ші спикері мен Әлібек

2-ші спикерім Андрей
3-ші спикерім Гүлнәз

Бәрімізге ортақ қарарымыз:Қазақстанның болашағы- қазақ тілі.

Енді өзімнің тікелей міндетіме келетін болсам қарсы тобынымның1-ші спикері Влад өзінің көтеріп отырған мәселелерін, себептерін,шешу жолдарын ұсынды

Статус квосы:Қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуға лайық деді,ұлтаралық қатынас жасауға қолайлы дейді,ол қалай қолайлы болады. Қалай

болады әлі тілге деген қызығушылық артпаса,егерде біздің елімізде мемлекеттік тілдің  мәртебесі жоғарламай тұрса.

Жыл сайын мемлекет тарапынан көп қаржы бөлініп жатыр дейсің,сол қаржыны қайдан бөліп жатыр соны айтпадың,қаламыздағы «Тіл орталығы» тегін қазақ тілін оқытып жатыр дедің ,кімдерді оқытып жатыр,неше тіл үйреніп жатыр соны айту керек еді.Барлық ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге талпыныстары өте баяу.

Өзге ұлт өкілдері тілді үйренуге талпыныстары жоғары дейсіңдер,әлі іс-қағаздары н аудару үшін аудармашы керек .Тегін сабақ өткізіп жатсада тіл орталығы  тіл үйренуге  келем деушілер көп деп айта алмаймын.

Шешу жолдарында мынадай ұсыныстар ұсындыңдар: сапалы сөздіктер дүкендер сөресі толып тұрдейсіңдер, соған деректер келтіріп дәлелдеген жоқсыңдар.Мен айтар едім сіздердің көтерген мәселелеріңіз қазіргі кезде өзекті емес.

Ендеше мен дәлелдейін қазіргі таңда дүкен сөрелерінд е сөздіктің сапасыз түрлері  баршылық.

Кабинеттердің  техникалық жабдықталмаған.Тіл үйретуге жағдайлар жасалмаған ,екі тілділік тең болып тұрғанда кейбір адамдар үйрену туралы ойламайды.Сондықтан қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуға лайық емес.

Телеарналарда тіл үйрету бағдарламалары көп деп 2-3-ін ғана айтып дәлелдеп,бәрін қазақша сөйлетіп қойдыңыздар.Қазақ теле арналар бәрі қазақшаланып кетуге әлі айту ерте,тіл мәселесі бұл өте өзекті мәселе .

Тыңдағандары рахмет.  Қиылыс сұрақтарға мен дайынмын.

Дебат ойынын қалалық семинарда көрсету мақсатымыз ойын элементтерін түсіндіру, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында пайдқаласы».

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.