Тәрбие сағаты: «Білімділер бекеті»

Өтемағанбетова Жазира Рамбердіқызы Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі

Тәрбие сағатының мақсаты:  Оқушылардың халықтық педагогика негізімен ұштастыра отырып берілген математикалық білім-білік дағдыларын тексеру және бабалардан қалған ұлағатты сөздердің мән-мағынасын сезіне білуге, ұлттық рухани құндылықтарды құрметтейтін елжанды ұрпақ етіп тәрбиелеуге атсалысу.
Оқушыларды өз ойларын көркем тілмен жүйелі жеткізе білуге , өз бетімен және топпен жұмыс жасай білуге төселдіру.
Тәрбие сағатының түрі: Сайыс сабақ
Тәрбие сағатының көрнекілігі: интерактивті тақта,тақырыптық мазмұнды слайдтар және суреттер, цифрлар, математикалық сөзжұмбақтар.
Өтілетін орны:мультимедиялық кабинет
Сабақтың барысы:
І.Алғашқы ұйымдастыру
Мұғалім: – Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, бүгін біз сіздермен бірге «Білімділер бекетіне» саяхатқа шығамыз.
– Оқушылар, сіздердің көңіл – күйлерің қандай?
– Білімділер бекетіне саяхатқа шығар алдында мен сіздерге сәттілік, достық, ұйымшылдық тілеймін! Саяхатқа біз үш топ болып шығамыз.
Бірінші топ – «Таңбалар», екінші топ – «Белгілер», үшінші топ -«Цифрлар».
Саяхат барысында әр бекеттің сиқырлы тапсырмаларын қай топ жылдам орындаса, сол топ соңғы мәредегі аялдамаға бірінші боп жетіп, жүлделі сыйлыққа ие болады.
1 – аялдама – «Сәттілік» бекеті
Қайырлы таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі алар жүлдеміз
«1-нші» орын болсын!
2 – аялдама – «Жұмбақтар» бекеті
Әр топ өзінің жұмбағын шешуін табады.
1.6 алманың екеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, достым қолыңда
Сонда нешеу қалады? (4 алма)
2.Түйе, бота маң басқан.
4 аяғын тең басқан.
4 қозылы 2 қой
Бәрі нешеу, айта қой! (1 түйе ботасымен; 2 қой егіз қозысымен)
3.Дүкенге кеп сабын алдым.
Оның және қабын алдым.
2 дәптер,3 қалам
Есептеші соның бәрін. (6)
3 – аялдама – «Жаңылтпаштар» бекеті
Әр топ өздерінің жаңылтпаштарын жаңылмастан айтып беруі шарт.
1.Айша қанша арша алса,
Ғайша сонша арша алды.
2.Көже пісті.
Көжені неше кісі ішті.
Неше кесе ішті?
3.Есепті сен шешсең, сен шеш,
Сен шешсең, тез шеш.
4 – аялдама- «Сергіту сәті» бекеті
Сандарды кему ретіне қарай орнын толықтыр.
1.10 … 8 … 6 … 4 … … 1 …
2…. 9 …7 … … 4 … 2 … 0
3…. 9 …7 … 5 …3 … …0.
5-аялдама – «Санамақтар» бекеті
Әр топ мүшелері берілген санамақтардың жалғасын тауып айтуы керек және де өз ойынан да санамақтарды өзгеше түрлендіріп айтуына болады.
1.Үйде нешеу екенбіз?
Кел санайық екеуміз.
Бас бармағым – атам,
Балаң үйрек – әжем
…………………………….
2.Бір- дегенім – білім,
Екі –дегенім – елім
Үш дегенім – үсік
Төрт дегенім – төсек
Бес дегенім – бесік
Алты дегенім – асық
…………………………..
3.Бір дегенім – бесік
Шықтым содан өсіп
Екі дегенім – елім
Далам, тауым, көгім.
Үш дегенім – үміт
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім
Төзе білем өзім.
…………………………..
6 – аялдама – «Сыныпқа оралу» бекеті
Сандарды өсу ретімен дұрыс орналастырсадар, мазмұнды сөз құрастыра аласыңдар.
3 – сың, 2 – рай, 1 – жа, 4 – дар!
Жарайсыңдар!
Қорытындылау
Мұғалім:
Жарайсыңдар, балалар, «Білімділер бекеті» еліне саяхат барысында көптеген сыннан сүрінбей өттік, оған бізге достық, бірлік, білім көмектесті.
– Сіздерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?
– Балалар, біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң, епті екенімізді ойын барысында көрдік. Ойлап қарасақ өмірдің бәрі есеп.
– Дүниенің бар тұлғасы – есеп,- десек, сол үшін біз математика сабағына бар ынта – жігерімізді салып оқуымыз керк.
Осымен саяхатымыз аяқталады.
Топтар марапатталады.

Check Also

ҰБТ – 2017 жаңа форматы және мамандықтар туралы толық мәлімет.

Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. ҰБТ– жоғары оқу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.