Информатика. 22.2.1 Мәтінді қаріптік дайындау. Туралау.

Саякеева Гульмира Ақбергенқызы.  Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу лицейі» мемлекеттік мекемесінің   информатика пәнінің мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel электрондық кестелер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық:  Жекелеме тапсырманы орындату арқылы  оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой еңбегін дағдылауға, өзбетімен жұмыс істеуге, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:   Аралас сабақ.
Сабақтың жоспары :
1. Ұйымдастырушылық кезең.
2. Жаңа сабақ
3. Практикалық жұмыс.
4. Үйге тапсырма.
5. Бағалау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру  кезеңі:
а) Оқушыларды түгендеу;
б) Оқу құралдарын тексеру;
в) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қайталау сұрақтары.

(Пуск→Все программы  →MsOffice→MsExcel)
1. Excel  программасын  іске  қалай қосамыз?
2. Электрондық   кесте  дегеніміз не?

(Программалық кестелерді  әзірлеуге және  өңдеуге  арналған қолданбалы  бағдарлама)
3.Формула  қандай  таңбамен  басталуы керек?
(═ таңбасымен)

4.Әрбір бет неше бағаннан және неше жолдан тұрады?
(256 баған, 65536 жол)

Жаңа сабақ түсіндіру.

Кез келген ұяшықтағы немесе блоктағы символдарды  әртүрлі қаріптермен  даярлауға болады. Ол үшін  ұяшықты немесе блокты ерекшелеп алып, содан кейін Форматтау аспаптар тақтасының батырмаларын  немесе  Формат → Ұяшық →  Қаріп командасын орындаса болғаны.  Формат → Ұяшық →  Қаріп (Формат → Ячейка →Шрифт) меню командасы арқылы кесте тақырыптарын TimesKasakhқаріптеріне  өзгертіп, мөлшерін 12 етіп, қисайтып(курсив) түрде жазамыз.
gulWord002

Кез келген ұяшықтағы мәліметтерді  сол жақ, оң жақ шетке туралауға, ортаға жылжытуға (көлденең, тік бағытта) және мәтінді тіке орналастыру тізбегін  де бағыттап өзгертуге  болады. Мәтіннің тіке орналастыру тізбегін  өзгертуүшін  Форматтау  аспаптар тақтасын  немесе  Формат →Ұяшық → Туралау меню командасын  пайдалану керек.

Жақтау сызықтарын сызу үшін аспаптар  тақтасы  батырмасын  немесе Формат → Ұяшық →  Жақтау  (Формат→Ячейки → Рамка) меню  командасын  да пайдалануға  болады.

gulWord003 

Ұяшықтағы мәліметтерді  көлденең орналастырып қоймай, оларды  берілген бұрыш арқылы орналастыру мәліметтердің  жақсы көрінуіне мүмкіндік береді. Үнсіз келісім бойынша  ұяшықтың  қабылдайтын ені мен биіктігі  стандарт түрде  болады.
Жолдың биіктігін немесе  бағандардың енін  өзгерту үшін  тақырып  шекараларын  керегінше созу керек.

ІІІ. Практикалық жұмыс.
Бір санда әртүрлі  пішімге келтіріңіз.

  1. MsExcel – ді ашыңыз.
  2. В1 ұяшығына  4 санын енгізіңіз.
  3. В2:В6 ұяшықтарына В1 ұяшығын көшіріңіз.
  4. Берілген санды  ұсынылған  пішімге келтіріңіз.
  5. А1 ұяшығына қолданылған  пішімнің  атын (сандық) жазыңыз.
  6. В2:В6 ұяшықтарында 3 , 4 – бөлімдерді  категорияларына  сәйкес  ақшалы, қаржылық, күні, уақыты, пайыздық деп қайталаңыз.

IV.  Үй тапсырмасын беру.
Ms Excelбағдарламаларының  элементтері  бойынша сөзжұмбақ, ребустар құрастыру.

V. Білімді бағалау.  Сабақта белсенділік танытып, жинаған түрлі-түсті фишкалары арқылы оқушылардың білімін  бағалау.

Check Also

Диаграммаларды құру. 8-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Токсанбаева Гульнара Казизовна. І санатты информатика және математика пәнінің мұғалімі  «Рыков атындағы орта мектебі» коммуналдық …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.