Бастауыш 3 сынып. Топырақтың ерекшелігі және құрамы

Сулейменова АлмагүлТөлеуқызы. Жамбылоблысы, Шу қаласы, №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:    
•  Топырақ, топырақтың құрамы мен олардың тау жыныстарынан ерекшелігі туралы мағлұмат беру;
•   Оқушылардың сөздік қорын кеңейту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, белсенділігін арттырып, ой өрісін дамыту;
•   Табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,БҮҮ кестесі,постер,сарамандық жұмысқа арналған заттар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1.1. Психологиялық дайындық

ІІ. Өткенді қорытындылау.
2.1.      Тарауды бекіту
2.2.      Тест

ІІІ. Миға шабуыл
3.1.    Жаңа сабақ
3.2.    Тәжірибе

ІV. Ой толғаныс
5.1. Венн диаграммасы
5.2. Сабақты қорытындылау
5.3. Үй тапсырмасы

VІ. Бағалау

І.Ұйымдастыру  кезеңі
І. Психологиялық дайындық (1 мин )
– Кәне, балалар шеңбер болып тұрып қалып, өзімізді қоршаған денелер деп есептеп бір – бірімізге тілек айтайық.

-Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Біз келбетті,көріктіміз,
Біз ақылды,дарындымыз,
Біз зейінді,зерекпіз.

Содан кейін балалар «Білім жемісі» ағашынан өздеріне ұнаған алмаларды алып,топтасады.

1-топ: «Баяндаушы»
2-топ: «Зерттеуші»
3-топ: «Суретші»
4-топ: «Сұрақ құрастырушы»
 
ІІ. Өткен  тарауды еске түсіру
Тест (5 мин)

1. Тығыз тау жыныстары дұрыс жазылған қатарды тап:
а) құмтас, гранит, мәрмәр
ә) құмтас, құм, саз, ас тұзы
б) әктас, саз, шөгінді жыныс

2. Жер қойнауында жатқан пайдалы қазбалар қандай әдіспен алынады?
а) қолмен қазып
ә) шахта қазады
б) ашық әдісі

3. Тығыз тау жынысы үгілсе, неге айналады?
а) түйіршіктіге
ә) майда тау жынысына
б) құмға

4. Тас көмірдің аса ірі кен орны қай жерде?
а) Қарағанды
ә) Маңғыстау
б) Қоңырат

5. Кен пайдалы қазбалар қатарын белгілі:
а) құм, фосфарит, алюминий
ә) тас көмір, мұнай, мыс, әктас
б) темір, қорғасын, мыс, алюминий

6.Құмды сазбен араластырып не жасайды?
а) ыдыс
ә) кірпіш
б) гипс

7. Тау жынысы дегеніміз не?
Ереже:

8. Гранитті қазақша қалай атайды?
а) мықты
ә) қиыршықты
б) түйіршікті

9. Мұнай картада қандай белгімен көрсетілген?
а)
ә)
б)

10. Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
Ереже:
Тест жауаптары ( өзін – өзі бағалау)
1. А
2. Ә
3. Ә
4. А
5. Б
6. Ә

7.  Жердің терең қойнауын толтырып жатқан денелерді тау жыныстары дейміз
8.  Б
9.  Ә

10.Жердің қойнауынан қазып алып, адам қажеттілігіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар дейміз.

Оқушылардың  алған білімдерін анықтау мақсатында тұрғызып, байқау.
«5» алғандар –  оқушы
«4» алғандар–   оқушы
«3» алғандар –  оқушы
«2» алғандар –   оқушы

«5»-   8-10
«4»-   5-7
«3»-   2-3
«2»-    1

ІІІ. Миға шабуыл
 
а)   Жаңа сабақ.
-Балалар мен сендерге үйге қосымша білімге «Топырақтың ерекшелігі және құрамы» туралы оқып келуді бергенмін.
-Жер десек ғаламшар, топырақ, құрлық беті, өзен,   көл т.б есімізге түседі. Сол жердің беткі қабаты топырақ туралы айтамыз.
– Топырақ дегеніміз не?
– Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты топырақ деп аталады.
– Бақшаларыңда жеміс-жидек,көкөністер жақсы өссе,топырақтың қандай болғаны?
– Құнарлы.
–  Топырақтың нағыз түрін , оның құрамы мен ерекшелігін  танып білеміз,тәжірибе жасаймыз,дәлелдейміз.
–  Өзен жағасы құм. Суға жақынарақ барсаң құмға араласқан саз көрінеді. Жазда   суға   шомылып   болғасын   жағажайдағы   құмға   қыздырыну   үшін жатасың. Сол құмда өсіп тұрған өсімдікті көресің бе?

Тұжырым: Таза тау жыныстарында ешқандай өсімдік өспейді.
–  Жағажайдан бір уыс құм алып, одан әрі өзен жағасындағы көктемде су басатын жайылымға көтерілейік.
– Одан не көріп тұрмыз?
– Тал, шілік, бұта, қалың шөп иін тіресіп тұр.

Одан әрі жоғары көтерілсек басқа өсімдіктер өсіп тұр.
– Бұл жерде өсімдіктің өсуі неліктен?
– Бұл айтылған жерлерде өсімдіктің өсуі топырақтың болуынан.
– Сондықтан, жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабатын  топырақ дейміз.

Түсінейік, байқайық, дәлелдейік.
Кітаппен жұмыс

І-топ: «Баяндаушы»
Мәтінді оқып, не түсінді,не білді сол туралы айтып береді.

ІІ-топ: «Зерттеуші»
Мәтінді оқи отырып,сарамандық жұмыс(тәжірибе) көрсетеді.
 
Сарамандық жұмыс.
 
Топырақты ақ қағаздың бетіне салып, анықтап қара
–  Өсімдіктің ұсақ қалдықтары, шіріген жәндіктің қалдықтары байқалады. Одан әрі анықтай түсу үшін тәжірибе жасайық.

1 – тәжірибе

Бір кесек топырақты стакандағы суға салайық. Не байқадық. Көпіршіп шыққан не?     Ауа

2 – тәжірибе.

Бір уыс топырақты темір қалбырға салып отқа қойып қыздырайық. Оның үстіне шыны ұстайық. Шынының астыңғы бетіне су тамшылары пайда болды. Ол қайдан шықты? Топырақ бойында ауадан басқа тағы не бар? Су

3 – тәжірибе

Топырақты одан әрі қыздыра түсейік. Біраздан кейін көкшіл түтін шығады Бұл не? Топырақ ішінде жанатын не бар? Топырақта түрлі қалдықтар, шірінділер бар. Ол – қарашірік

4 – тәжірибе

Шірінді жанып біткен топырақты суға салып араластырайық. Лайланған суды тұндыруға қояйық. Біраздан кейін тұнбаның астында құм, оның үстіне саз шөгеді. Бұдан топырақ құрамында құм, саз барын байқайық.

Тәжірибені қорытындылау: Топырақта қарашірік көп болса, соғұрлым топырақ құнарлы болады. Қарашірік топыраққа қара, қоңыр түс береді.

Сергіту сәті

ІІІ-топ: «Суретші»

Құнарлы топырақтың(қарашірік) қалай пайда болатынын сурет арқылы көрсетеді.

Жасыл

Қоңыр

1.Өсімдіктер өседі
2.Жануарлар қоректенеді

3. Жануарлардың денесінде қорытылып шыққан заттар шіріндіге айналады
4. Өсімдіктер мен жәндіктердің қалдықтары құнарлы қарашірікке айналады
IV-топ: «Сұрақ құрастырушы»

1.Тау-тасты жерлерде өсімдік өсе ме?Неліктен?
2.Топырақтың құнарлы болуының себебі неде?
3.Топырақтың адамзат үшін қандай маңызы мен пайдасы бар?
(жұптаса отырып сұрақ дайындайды)

Топтастыру.
Топырақтың құрамында нелер болады?
Ауа

Топырақ құрамы

 

Саз                                                                                                Су
 

Құм                Қарашірік

«БҮҮ» кестесін оқу.

Білемін  Үйренгенім Үйренгім  келеді
Топырақ   жердің беткі қабаты. Топырақтың тау

жыныстарынан ерекшелігін білдім. Топырақта құнарлы өсімдік өседі. Таза тау жыныстарында өсімдік өспейді.

 

Жер қыртыстарын тереңнен білгім келеді.Кітап оқығым келеді.Ғылыми жоба жасағым келеді.

V. Ой толғаныс.

Венн диаграммасы

Құм

Топырақ

Сабақты қорытындылау

 

 -Топырақ дегеніміз не?

-Топырақтың тау жыныстарынан басты ерекшелігі неде?

-Топырақтың құрамында не бар?

-Қарашірік қайдан пайда болады?

– Топырақтың қандай пайдасы бар?

Топырақ – өсімдік үшін қоректің көзі және баспана.

-Бүгінгі алған білімдеріміз өмірге қажет пе?

Ендеше:               Күніміз ашық,

Түніміз тыныш.

Ауамыз таза,

Топырагымыз құнарлы болсын.

Өзіміз аман болайық.

Үйге тапсырма:

 

Топырақтың ерекшелігі және құрамы (69 – 71 бет)

Қосымша білімге «Топырақтың түрлері және оны қорғау.

Эссе жазып келу.

Бағалау парағы  (3,4,5)

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы Рөлдегі оқушылар(топтағы жұмыстар) Топтастыру әдісі Дәптермен жұмыс Жалпы ұпайы Бағасы

17-20-    «5»

15-16-    «4»

12-14-    «3»

«Білім жемісі»

-Сабақтан алған әсерлерің қандай?

-Қандай жұмыс ұнады?

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алыңыз

Check Also

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.