Сынып: 2 «А». Тәрбие сағаты: Ауған жауынгерлері

Адилбаева Гуля Шаңбайқызы. Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбе ауылы, Жамбыл атындағы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі.

Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Дамытушылық: Ардагермен сұхбаттасу арқылы оқушының тарихи деректердің маңыздылығын есте сақтап, ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Патриоттық рухы жоғары,қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге,есімдерін қастерлеуге оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.  Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз.

Сабақ бағдарламасы:

1. Ауғанстан соғысы тарихы туралы түсіндіру.
2. Ардагерлерді еске алу.
3. Ардагер сөзі
4. Ойын «Мың бір мақал- жүз бір жұмбақ»
5. Қорытынды

І Ұйымдастыру кезеңі  /слайд/

Майданда туған жыр
Әсел:Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік

Жүргізуші:Разия
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25жыл толуына  байланысты
«Ауған жауынгерлері» атты  тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

1989 жылы, Ақпанайының 15-де талайаналардыперзенттерденайырған, мыңдағанжерлесбауырларымыз  қаза  тапқанқасіретті де, қайғылы да «Ауғансоғысы»  аяқталды. Жылдарөткеніменжауынгерлеріміздіңөшпесерлігі  елесіндесақталуда. Бүгінде «Ауғансоғысы» қажетпееді?  дегенсұрақтаркөпқойылғанкезде, бізжастар, еліміздіңсолсоғысқақатысқанұлдарын  Отаналдындағыборыштарын  адалатқарғаназаматтардепқұрметтұтамыз.

Аделья:

Ауған соғысы қалай басталды?

1979 жылы  25-желтоқсанда Мәскеууақытыбойынша 15.00-де КСРО ҚорғанысминистрініңбергенбұйрығыменАуғанстанғаКеңесәскерлеріненгізубасталды.Командирлер “Бұлқысқамерзімдікакция,тапсырманыорындаймыз да кетеміз’’ дегенімен “акция” 9 жылданастамуақытқасозылады.Талайбоздақтардыңөмірінқиғанзұлматадамдардыңтағдырынакөптегензардапәкелді.

Айнұр:

Тарих парақтарын ақтарсақ,1979 жылы желтоқсанда Ауған жеріне Кеңес әскері енгізілді.Бұл сол кездегі СОКП-ның бас хатшысы Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді.Ауғанстанға Кеңес әскерінің енгізілуі оппозициялық қозғалыстың күшеюіне және елдегі шиеленістің қатты ушығуына әкеліп соқты.Ауған оппозициясының отрядына қарсы ұрыс қимылдарына Кеңес әскерінің қатысуы Ауғанстандағы соғысқа ұлт азаттық сипатын берді.

Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. .

Ақжол:

Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 – ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.

1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.

  Жүргізуші:

Ауған жерінде интернационалдық парызын өтеу барысында қайтыс болған Жамбыл облысы Шу ауданы Көктөбеліктер туралы: / слайд /

1. Сыздықов Сүндет Қырғызбайұлы 1960 жылы 13 наурызда дүниеге келген. 2006 жылы 29 шілдеде қайтыс болған.1978-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.
2. Солтиев Серікбек Тілеужанұлы 1961 жылы 26 қыркүйекте дүниеге келген. 1991 жылы 24 қаңтарда қайтыс болған. 1979-1980 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.
3. Аманбаев Жомарт 1967 жылы 3 сәуірде дүниеге келген. 2008 жылы 7 шілдеде қайтыс болған. 1985-1987 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.
4. Рысмендиев Қайрат Сейпенұлы 1968 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. 2008 жылы 28 тамызда қайтыс болған. 1986-1988 жылдары Кеңес әскері қатарында Ауған соғысына қатысқан.

Жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,
Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын
Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін
Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

Қымбатты жауынгер ағалар! ”Батырдың ғұмыры қысқа,даңқы ұзақ” дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер.Ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бас иеміз.

Жүргізуші: Рахмет отырыңыздар!

Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,
Сен құлаған  көлбетіп таулы алыстан.
Елестейсіңкөзімеқасіретбоп
Қайғым  да сен мәңгілік- Ауғаныстан! –деп

Сөз кезегі:

ЖауынгерСолтиев Серікбек Тілеужанұлының анасы Рәз  апайда:”Балаңыз соғысқа кетті” дегенді естіген кездегі көңіл- күйіңіз қандай болды?

 Жүргізуші
Бәріміз де Отанды сүйетін, елін, жерін қорғайтын батыр атаның ұрпақтарымыз. Егеменді Қазақстанның патриот ұландарымыз.

Ардагерлер
Айтса ертек көргендері
Табандары таймаған өрден кері
Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,
Кеуде толы жарқырап ордендері. , демекші -/слайд/

Сөз кезегі Ауған соғысының ардагері Көктөбе ауылының тұрғыны Махамадиев Талап Асырұлында  …

Оқушылар:
Ауған соғысы туралы өлең жырлардан үзінді оқиды.
Кеш көріпек жетпейтін армандай,
Арзандатып бүгін сыйға алғандай.
Үлесін етиді сенің тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.

Тарих куә өткенменен кеткенге,
Қанмайданда қара қанды төккенге.
Ұлтым деген ұлдарыңның еңбегі
Көркеюмен осы күнге жеткенге.

Армысыңдар,Ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жәннатта болсын жаны,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

Жүргізуші

О, олардың көз жасының татымын
Татып көрсе ңойланар е пақырым
Халық болып ешқашанда оңбайды
Жылатқан ел ақыны мен батырын
Жүргізуші

“Мыңбірмақал, жүзбіржұмбақ”  ойынын өткізу. Отан, Ана, Жер
Халық әні «Халаулым»  Аубакирова Разия

Сабағымызды «Болмасын соғыс болмасын»  әнімен аяқтағымыз келіп отыр.

Сөз кезегі  мектебіміздің тәрбие ісінің  орынбасары   Әмренова Гүлнар Елеусізқызына  беріледі.

Мұғалім сабақты қорытындылайды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуғатура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты» – деген ойлы сөзі бар.

Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деген мақсатпен жыл сайын  кездесулер өткіземіз.

Check Also

mukizhanjvaazipa000

Сабақтың тақырыбы: Дала жануарлары мен өсімдіктері

Мұқыжанова Әзипа Төкішқызы. Қарағанды облысы Шет ауданы Х Сәрінжіпұлы атындағы ЖОББМ базасындағы тірек мектебінің  бастауыш …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.