«Тұлғаның өзіне деген сенімділігін арттыру» атты 11-сынып оқушыларына арналған психологиялық тренинг.

Педагог – психолог:  Еркежан Елтайқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз аудандық білім бөлімінің  «№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Мақсаты: оқушылардың өздеріне деген сенімдерін нығайтып, өзі туралы ойын дамытып, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, өзін сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру.

Тренинг ережесі:
1. Тыңдай білу.
2. Сөзді бөлмеу.
3. Белсенділік.
4. Шығармашылық.
5. Төзімділік.
6. Сыйластық.

Көрнекіліктер: үнтаспа, ватман, акварильді краска, түрлі-түсті карандаш, түрлі-түсті қағаздар, май шам.
Релаксация
Мақсаты: Оқушыларды сергітіп, өздеріне деген сенімділіктерін нығайтып, арттыра түсу.
(үнтаспадан әуен ойналып тұрады.)
Ыңғайлы отырамыз. Өз денелеріңізді сезініңіздер және денелеріңізді бос ұстаңыздар.
Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Іштеріңізден аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Аспанды жақын сезініңіз. Табиғат көркемдігін байқаңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыласыз. Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

elteikyzy002Сіз зәулім сарай ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял – ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға…., екінші қабырғаға…, үшінші қабырғаға…, төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсыз, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денеңізді көз алдыңыззға елестетіңіз…..басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін….енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалдыңыздар, жеңілдедіңіздер, жай ғана тұрып, осы бөлмеде ҰБТ – ге байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, есікті жауып кетеміз.

Сіздер  көңілді, қайратты, қажырлысыздар.
Ешқашан жүректілік пен оптемизмді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар.

Мен сіздеррді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең  де және одан кейінгі күндерде де үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін….Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз.

Сезініңіз,  сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!
Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.
Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезесіз.
Өміріңізге жаңа күштерің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәріде болады!
Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан…Ораламыз.

Тамаша… Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің  демалғаныңызды сезінген кезде, әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзіңізді ашыңыз.

  1. «Менің есімім» атты жаттығу.

Мақсаты: Оқушылардың өздерін қаншалықты бағалай алатындарын анықтау.
Танысу үшін өткізілетін жаттығу. Оқушылар кезекпен өз атын атап, есімінің бес әріпінен басталатын сөз айтады.

Мысалы: Сандуғаш, сникерс. Әсел әлем, т.б.

  1. Геометриялық фигура тесті
  2. «Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылардың дәл қазіргі көңіл-күйлері қандай екенін анықтап алу.

Қажетті заттар: түрлі-түсті қағаздан жасалған фигуралар, ватман, акварильді краскалар.

1)      интерпретация
Қызыл түс – қуанышты көңіл-күй
Алқызыл – ұнамды көңіл-күй
Сары – жағымды көңілкүй
Көк – суық көңі-күй
Қоңыр – қиналған көңіл-күй
Күлгін – алаңдаушы көңіл-күй
Қара – күш қуаттың төмендеуі
Ақ – анықталмаған көңіл-күй

2) Әр оқушы өздеріне ұнаған әр түсті таңдап алады.  Қағаздың артында әр түске арналған интерпретациялар жазылып тұрады. Сол бойынша әр оқушыы өзінің көңіл-күйін біледі.

Осы көңіл күйлерін қағаз бетіне өз қолдарының белгілерімен краска арқылы ватман бетіне естелікке қалдырады.

  1. «Топқа бөлу» .

Сыныпты үш топқа бөлу үшін, үш түстегі коньфеттер таратып беріп, бір түстегілер

бір топқа ал қалған екі түстегілер екінші және үшінші топқа бөлінеді. Бұл топқа еш талассыз тез бөлінуге көмектеседі.

  1. «Мимикалық жағдай» жаттығуы.

Мақсаты: өзіндік баға және топтық талдау дағдысын дамыту.

Қатысушылар үш топқа бөлінеді де топ басшылары ортаға шығып карточкаларды таңдайды. «Сенімділік», «Бұзықтық», «Қызығушылық» тақырыбында беріледі. Әр топ өздеріне берілген тақырыпқа мимика арқылы, панто-мимикалық жағдай құрастырып шығулары керек, ал қалған екі топ қандай жағдай екенін анықтауы керек.

  1. «Біз өзімізге сенімдіміз!» .

Мақсаты: өзара түсінік және топ мүшелерінің креативтілігін дамыту.

Нұсқау: Үш топқа бөлінген оқушылар «Біз өзімізге сенімдіміз!» атты тақырыпта қалай сенімді болуы керек екндігі жайлы бейнелеп көрсетулері керек және осы бейнеленген суретті  қорғап шығулары керек. Жұмыс істеу барысында топтағы белсенділігі төмен оқушыны анықтап жасыл түсті дөңгелекті орындық артына білдіртпей жабсырып, сурет салынып аяқталғаннан кейін жасыл түсті дөңгелек кімнің орындығында болса сол өз орнында қалады және басқа топ мүшелері басқа топтармен ауысады. Орнында қалған топ мүшесі салынған суретті қорғап шығуы керек.

  1. «Жағымды көңіл – күй сыйлау!»

Мақсаты: Оқушыларға психолог таратылған смайликтерге жағымды сөздер жазылып, таратылады. Осы арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін көтеріп, өздеріне деген сенімдерін арттыру.

  1. «Сергіту» жаттығуы.

Мақсаты: Қатысушылардың бірін – біріне деген сенімділіктері арта түсуі үшін.

Нұсқау: Жағдай оқылыды. Егер сіз онымен келіссеңіз, айтылған әрекетті орындауыңыз қажет.

  • Егер үлкен туған ағаң болса, үш рет шапалақта.
  • Кімнің бойы 1.65 ұзын болса, «Кинг Конг» деп айқайласын.
  • Кімнің бойы 1.65 қысқа болса, «Алақай деп айқайласын.
  • Кім бүгін таңертең дәмді таңғы ас ішсе ішін сипасын.
  • Балмұздақты жақсы көретіндер, тоңып тұрғандай іс-әрекет жасасын.
  • Иттерді жақсы көретіндер үрсін.
  • Мысықтарды жақсы көретіндер «Мяу!» деп үш рет айтсын.
  • Ата-анасының жалғыз балалары қолдарын көтерсін.
  • Кофеге сүт және қант қосып ішетіндер орындарында тұрып айналсын.
  • Тәтті торт жегенді жақсы көретіндер екі қолын бірдей көтеріп, күлсін.
  • ҰБТ тапсыруға қорықпайтындар «Алға!» деп айқайласын.
  • Өздеріне сенімсіздер «Көмек қажет» деп айтсын.
  • Осы тренингке қатысқандарына қуанатынндар «Қуаныштымын!» деп бес рет айтсын.
  • «Ақ тілек» жаттығуы.

Нұсқау: Барлығымыз шеңберленіп тұрып қолымыздағы «Сенімділік жүрегін» бір-бірімізге тілектер айта отырып барлық шеңберді айналып өтеді.

  1. Тренинг соңында әр оқушы тренинг жайлы өз ойларымен бөліседі.

Маққсаты: тренингті қорытындылау. Оқушылардың қорытынды ойларын анықтау.

Check Also

Электрондық күнделікті пайдалану туралы

Электрондық күнделікті пайдалану туралы тамаша бейнесабақ.  Өскембаева Кенже ханымның тамаша бейнесабақтары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.