И-7. Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау.

Мереке Тулеукожиевич  Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:   Оқушыларға Word  мәтіндік  редакторында кесте құруды және кестеге мәтін енгізуді үйрету.
Дамытушылық:   Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақ көрнекілігі: Компьютер, слайдтар. Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.
Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Оқушыларды түгендеу)

ІІ.  Үй тапсырмасын тексеру
«Word мәтіндік  редакторы»

1. Word мәтіндік редакторында қандай жұмыс жасаймыз?
2. Word мәтіндік редакторын іске қосу үшін…
3. Word мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін қандай командалар орындаймыз?
4. Word мәтіндік редакторын жабу үшін…

1.  Қазіргі  кездегі компьютерде  кең тараған                                         ОЖ  WINDOS
2.  Үлкен кіші әріптерді ұзақ уақыт  орналастыратын перне.      CAPSLOCK
3. Енгізу  пернесі                                                                                                           ENTER
4.  Меңзердің оң жағын өшіретін перне.                                                          DELET

ІІІ Жаңа сабақ
Мәзір жолы: Кесте(Таблица)           Қою(Вставить)          Кесте(Таблица)
Осы командалар орындалғаннан кейін мына терезе пайда болады: 

Бұл терезеге баған саны мен жол санын жазып ок батырмасын басамыз. Сонда  Word мәтіндік  редакторында мынадай кесте пайда болады.

1)Тұрады ол жолдармен  бағандардан,
Және тұрар ұяшықтар ағымынан.
Кәне ойланып көрейік ол не екен,
Баған менен жолдарды қиылыстырған. (Кесте)
 
2)Кестенің бір негізгі элементі,
Көлденең ұяшық құру қызметі.
Ұяшық емес, баған емес ол не екен?
Кестенің негізгі болған қызметі.   (Жол

3)Тіктөртбұрышқа ұқсайды,
Елемей кетуге болмайды.
Бағанменен жолдардың қиылысы,
Кестеде қай элементті құрайды.  (Ұяшық)

ІV. Бекіту сұрақтары

Кесте дегеніміз не?
Кестені құру үшін…
Кесте нелерден тұрады?

V. Үйге тапсырма
Дәптерге кесте құру және кестені толтыру
VІ. Бағалау

Check Also

Информатика-7. Меншіктеу операторы. Сызықты алгоритмдерді программалау

Дарменова Айбөбек Қылышбекқызы. “Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Шетпе лицейінің информатика пəні мұғалімі” Оқушыларды Паскаль тілініңменшіктеу …

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.